Размер шрифта:
↑Наверх
ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Золотая книга
БИХИЕНОВА ҚАДИША МАМЛЯНҚЫЗЫ
БИХИЕНОВА ҚАДИША МАМЛЯНҚЫЗЫ

Бихиенова Кадиша Мамляновна басқарушылық, ғылыми-әдістемелік мол тәжірибесі білім беру ұйымдарының жұмысын сапалы деңгейде ұйымдастыруға ықпал етті. Ж.А. Караевтың «Оқытудың үш өлшемді әдістемелік жүйесі» технологиясы бойынша оқу-әдістемелік кешенін жасап, оқу процесіне ұтымды енгізді.

Кадиша Мамляновна бойындағы ерекше қасиеттер – инновацияларға ашықтығы, болжам жасай алу, негіздемелі шешімдер қабылдай алу, ұйымдастырушылық, жетілуге ұмтылыс, тапсырмаларды шешуге шығармашылықты қолданды. Білім беру саласына қосқан үлесі үшін 1987 жылы Қазақ ССР-ның білім берудің үздігі, 1991 жылы СССР білім беру үздігі төсбелгілерімен,  2019 жылы «Облыс алдында сіңірген еңбегі үшін» белгісімен, ҚР БҒМ мен СССР  білім беру министрлігінің, Павлодар облысы әкімінің Құрмет грамоталарымен марапатталды. 

ЕРШОВА ГАЛИНА АНАТОЛЬЕВНА
ЕРШОВА ГАЛИНА АНАТОЛЬЕВНА

Ершова Галина Анатольевна, 30 жылдан астам № 42 балабақшаның, № 42 ОТК, «Smart kid» балабақшасының басшысы қызметін атқарды. Білім беру жүйесін реформалау кезеңінде ол мектепке дейінгі мекемені кешен – балабақша – мектеп құру бойынша эксперименттік жұмыстың жаңа кезеңіне шығарды.Мәскеудің жаңа білім беру жүйелері институтымен Халықаралық ынтымақтастыққа шықты. Ғылыми-әдістемелік, педагогикалық және ата-аналар қоғамдастығының бірлескен қызметінің тетігін енгізді, педагог кадрлардың біліктілігін арттыру жүйесін жаңғыртты. Эксперименттік, содан кейін инновациялық жұмыстарды ұйымдастырды.Оның жұмысының оң көрсеткіштері: облыста жалғыз - мектепке дейінгі кешенді гимназия құру – даму режимінде жұмыс істейтін гимназияға дейінгі сыныптары бар бастауыш мектеп; қаланың мектептері мен мектепке дейінгі мекемелер арасында ОТК танымалдылық индексі. ҚР Білім және ғылым министрлігінің Құрмет грамотасымен, ҚР білім беру үздігініңтөсбелгісіменмарапатталған.

ИЛЬЯСОВА ҚҰРАЛАЙ КАММАТҚЫЗЫ
ИЛЬЯСОВА ҚҰРАЛАЙ КАММАТҚЫЗЫ

ҚұралайКамматқызы еңбек жолын 1975 жылы Ертіс ауданының Октябрь орта мектебінде, одан кейін № 2 Ертіс орта мектебінде орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болып бастады.Ол инспектор, бас маман, Павлодар қаласы білім беру басқармасының, облыстың білім беру департаментінің, Ертіс аудандық білім беру бөлімінің бөлім меңгерушісі қызметтерін атқарды.2009 жылдың қаңтар айынан бастап 2015 жылдың қаңтарына дейін «Павлодар қаласының білім беру бөлімі» ММ тәрбие жұмысы секторының меңгерушісі болып жұмыс істеді.

Тәрбие жұмысы секторының меңгерушісі лауазымында жұмыс істей отырып, қаланың білім беру мекемелерінде тәрбие жүйесін дамыту және жетілдіру перспективаларына талдау және жоспарлау жүргізді, білім беру мекемелерінде оқушылар контингентінің есепке алынуын, сақталуын және қозғалысын, қаланың жалпы білім беретін мектептерінің жалпыға бірдей білім беруді қамтамасыз ету бөлігінде білім беруді дамыту бағдарламасын орындау барысын бақылауды жүзеге асырды.Қоғамдық ұйымдар мен бірлестіктердің, кәсіпкерлердің белсенді қатысуымен түрлі акциялар мен іс-шараларды өткізуді шебер ұйымдастырды. Оның басшылығымен бірнеше жыл бойы қала мектептерінде кәмелетке толмаған балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша тиімді жұмыс жүргізілді.

ПАРШУКОВА НАДЕЖДА ПЕТРОВНА
ПАРШУКОВА НАДЕЖДА ПЕТРОВНА

Паршукова Надежда Петровна 30 жылдан астам Павлодар қаласының № 26 мектебінің директоры қызметін атқарды. Оның басшылығымен мектепте пәндерді оқытуда жаңа технологияларды енгізу бойынша жұмыстар жанданды, мұғалімдердің кәсіби деңгейі өсті.         

Надежда Петровна мектепті басқарудың жаңа, тиімді жолдарын үнемі іздестіруде болды, «Жастардың жетістігі» Қоғамдық қорының«Аррiled Economics», «Қазақстандағы мектептер жұмысының сапасы мен тиімділігін өзін-өзі бағалау үшін ішкі аудит әдістемесін әзірлеу», «ҚР жалпы орта білім берудің білім беру стандарттары: жай-күйі, ізденісі және болашағы» республикалық семинарларының жұмысына қатысты, Литва мектептерін дамыту орталығымен «Мектептердің тиімділігін бағалау»халықаралық серіктестік жобасын әзірлеуде «Іскер әйелдер форумының» лауреаты атанды.Оның басшылығымен мектеп «Қоғамдық-белсенді мектеп» халықаралық жобасын әзірлеуге және сынақтан өтуге қатысты, жоғары сынып оқушылары Алматы қаласындағы іс-қимыл оқушылар комитеттерінің республикалық форумының жұмысына қатысты.

АЖИБАЕВА АЛИЯ АШКЕНОВНА
АЖИБАЕВА АЛИЯ АШКЕНОВНА

Ажибаева Алия Ашкеновна занимала должность директора школы №14 с 2008 по 2018 год. За это время показала себя каквысококвалифицированный педагог, грамотный руководитель, чуткий человек. За время работы в должности директора школы №14 данное учебное заведение славилось значительными успехами и достижениями педагогов, выпускников и учащихся на международном, Республиканском, областном и городском уровнях. Грамотный руководитель, она всегда могла направить, поддержать и вдохновить педагогический коллектив на творческий поиск и самосовершенствование профессионального мастерства, а учащихся - на развитие интеллектуального, спортивного и творческого потенциала. Огромное внимание со стороны руководителя уделялось воспитательной работе школы в плане духовно-нравственного и патриотического развития школьников. Благодаря ей А.А. в стенах школы был создан уникальный «Музей Боевой Славы». Награждена нагрудным знаком «За заслуги в поисковых работах», грамотами акима города Павлодара, городского отдела образования

ВОЛЬФ ЛЮДМИЛА АЛЕКСАНДРОВНА
ВОЛЬФ ЛЮДМИЛА АЛЕКСАНДРОВНА

Вольф Людмила Александровна,  более 20 лет руководила ГККП «Детско-юношеский центр экологии и туризма».Кандидат биологических наук, «Отличник просвещения РК». Награждена грамотами Министерства образования и науки Республики Казахстан, Республиканского учебно-методического центра дополнительного образования, Национального практического центра физической культуры, городского маслихата.

Автор программ: «Непрерывное экологическое образование и воспитание школьников на 2007-2010 годы», «Экологическое образование для устойчивого развития в системе дополнительного образования». Возродила в регионе систему детско-юношеского туризма и краеведения.

Учащиеся и педагогический коллектив - неоднократные призеры международных, республиканских, областных конференций, соревнований, смотров-конкурсов.

САДВОКАСОВА КАПИЗА САГАДАТОВНА
САДВОКАСОВА КАПИЗА САГАДАТОВНА

Капиза Сагадатовна свою трудовую деятельность началав 1974 году учителем музыки в селе Кызыл-тан Качирского района. В 1981 году поступилав Алма-Атинский Казахский Государственный Женский педагогический институт и окончила1985 году. С 1985 по 2012 годы занимала должность руководителя ГККП «Детско-музыкальная школа села Кенжеколь». Обладатель Гран-при республиканского конкурса певцов, посвящённой 90-летию Майры Шамшитдиновны. Воспитанники Капизы Сагадатовны победителимеждународных, республиканских и областных конкурсов, многие из них трудятся в этой сфере.

Награжденапочетными грамотами Министерства образования и науки РК, имеет нагрудные знаки отличия - Отличник образования РК, Медаль к 10-летию Независимости РК, Медаль к 75-летию Павлодарской области.

Людмила Антоновна Алейник
Людмила Антоновна Алейник

Людмила Антоновна қаланың білім беру жүйесінде 40 жылдан астам уақыт жұмыс істейді. Қазақстан Республикасының білім беру жүйесінің құрметті қызметкері, Қазақстан Республикасының 20 жылдығына арналған мерейтойлық медальмен марапатталды.

         Кәсіби шеберлігі, шығармашылығы, өзіне жүктелген іске деген жоғары жауапкершілік, адамдарға құрмет, талапқойғыштық–ұстаздар қауымы арасындағы жоғары беделінің негізі.

Ерсайын Қайырбайұлы Шұғабаев
Ерсайын Қайырбайұлы Шұғабаев

Педагогикалық еңбек ардагері, Павлодар қаласының білім беру жүйесінде бейіндік оқытуды дамытуға зор үлес қосты. Педагогикалық еңбек өтілі 30 жылға жуық, 16 жыл бойы   № 2 оқу-өндірістік кешенін басқарды. Жұмыс барысында біртұтас және тиімді команда құра алды. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған мерейтой медалімен марапатталған.

         Жоғары кәсіби шеберлік, танымпаздық, әзіл-оспақ сезімі, өмірлік даналығы оның әрқашан балалармен, ата-аналармен және әріптестерімен қарым-қатынасының серігі болды.

Гүлсина Шайдуллақызы Шиндлярская
Гүлсина Шайдуллақызы Шиндлярская

Гүлсина Шайдуллақызы қаланың білім беру жүйесінде 40 жылға жуық, оның ішінде 28 жыл –  басшылық қызметтерде жұмыс істейді: Павлодар қаласының № 17 орта мектебінің директоры, Павлодар қаласы білім беру бөлімі бастығының орынбасары. «Педагог-әдіскер», «Қазақстан Республикасы білім беру ісінің үздігі», «Қазақстан Республикасы білім беру жүйесінің құрметті қызметкері», Қазақстан Республикасының 20 жылдығына арналған мерейтойлық медалімен марапатталған. Кәсіпқойлық, креативтілік, жаңашылдыққа ашықтық, берілген жұмысқа жауапкершіліктің жоғары деңгейі, адамдарға құрмет, адалдық –бұл қаланың педагогикалық қауымдастығындағы жоғары беделінің негізі.

Геннадий Федорович Балаганский
Геннадий Федорович Балаганский

Педагогикалық еңбек ардагері, тәжірибелі және білікті басшы, 30 жылдан астам уақыт Павлодар қаласының № 3 балалар музыка мектебінің директоры болып жұмыс істеді. Оның жетекшілігімен оқытушылар құрамы бірнеше жас музыканттарды тәрбиелеп, жыл сайын халықаралық және республикалық байқаулар мен фестивальдарда жоғары нәтижелерге қол жеткізді. «Ерен еңбегі үшін» және «Еңбек ардагері» медальдарымен марапатталған.

            Оның еңбегі қуаныштар мен жетістіктерге, батылдық пен ізденістерге толы болды. Бұл -  даналық пен кәсіби шеберліктіңжоғары белгісіболып қала бермек.

Николай Сергеевич Силкин
Николай Сергеевич Силкин

Педагогикалық еңбек ардагері, 25 жылдан астам уақыт жауапты лауазымдарда жұмыс істеді: Павлодар қаласының № 2, 36 мектептерінің басшысы, облыстық білім білім беру басқармасы басшысының орынбасары, облыстық мұғалімдердің біліктілігін арттыру институтының директоры. Жоғары санатты мұғалім.

        Білім беру саласындағы еңбегі үшін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Құрмет грамоталарымен, «Қазақстан Республикасының білім беру ісінің үздігі» белгісімен, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің жоғары марапаты «Ы. Алтынсарин» және «Облыс алдындағы еңбегі үшін» төсбелгілеріменмарапатталды.

Сабира Шакенқызы Сейітова
Сабира Шакенқызы Сейітова

Сабира Шакенқызы Сейітова 1958 жылы Павлодар облысы Григорьевка ауылында туған.

Мектепті бітірісімен ақ, Павлодар ауданының Шақат орта мектебінде аға тәлімгер болып жұмыс істеді.

1975-1979 жылдар аралығында Павлодар педагогикалықинститутындафилологияфакультетінде білім алады.Институтты бітіргеннен кейін, Майский ауданы Амангелді орта мектебінде орыс тілі және әдебиетінің мұғалімі боп жұмыс істеді, содан кейін осы мектептің оқу-ісі жөніндегі директордың орынбасары, 1983 жылдың қыркүйек айынан1997 жылдың мамыр айына дейін мектеп директоры болды.

1996 жылы осы мектепке А. Иманов атындағы мектеп лицейі атағы берілді.

Сабира Шакенқызы 1980-1982 жылдары Майский райком комсомолының хатшысы боп тағайындалды. 1997 жылы Майский ауданының білім беру, мәдениет және спорт бөлімінің меңгерушісі болды.

2000-2002 жылдарыПавлодар қаласының №6 ЖОМ директоры болып қызмет атқарды. 2002 жылғы қаңтар айынан 2008 жылғы сәуір айына дейін Павлодар қаласының №29 ЖОМ директоры.

2008 жылғы сәуір айынан 2014 жылғы наурыз айына дейін «Павлодар қаласы білім беру бөлімі» ММ басшысының орынбасары болды.

2014 жылғы наурыз айында «Павлодар қалалық білім беру жұмыскерлерінің кәсіподақ ұйымы» ҚБ филиалының төрайымы боп тағайындалды.

«Павлодар қалалық білім беру жұмыскерлерінің кәсіподақ ұйымы» ҚБ филиалының төрайымы лауазымындағы жұмысында Павлодар қаласының білім саласында ардагерлер қозғалысына ерекше көңіл бөледі, сондай ақ жас педагогтармен де белсенді жұмыс жасауда.

«Қазақстан Республикасы білім беру Үздігі» төс белгісімен, «Қазақстан Республикасы білім саласының Құрметті жұмыскері» белгісімен, Қазақстан республикасы тәуелсіздігене 20 жыл төс белгісімен, ҚР Білім және ғылым министрлігінің Құрмет грамоталарымен марапатталған.

Сәуле Төлегенқызы Хасанова
Сәуле Төлегенқызы Хасанова

Сәуле Төлегенқызы мұғалімдердің кәсіби өсуіне, ұжымдағы жағымды психологиялық ахуалды қалыптастыруға барлық жағдай жасады. Дарынды басшы ретінде жоғары кәсіби шеберлігімен және балаларға деген махаббатымен ерекшеленді.

Мектеп оқушылары жыл сайын ҰБТ бойынша және облыстық, республикалық, халықаралық деңгейде өтетін ғылыми жобалар, пән олимпиадаларында  жоғары нәтижелерге жетті. 

Табысты еңбегі үшін Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің «Қазақстан Республикасы білім беру ісінің үздігі», «Білім беру ісінің құрметті қызметкері», «Облыс алдындағы еңбегі үшін» төсбелгілерімен, «Ерен еңбегі үшін» медалі, «ҚР Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған» мерейтой медалімен марапатталған.

Филинская Мария Николаевна
Филинская Мария Николаевна

Мария Николаевна Филинская 1949 жылы Алтай өлкесі Озерное ауылында дүниеге келген.

Өте еңбек сүйгіш және ұстаусыз жігерлі, өзіне және айналасындағыларға талап қоя білетін, әріптестеріне үлгі бола алатын және өзімен бірге алып жүретін адам.

1992 жылы №9 мектептің басшысы болған кезінен бастап, өз ұжымын сол уақыттан бері ұстап қала білді, сондай ақ өзінің бойындағы болашаққа әрдайым сеніммен қарай білетін және шексіз энергиясының арқасында мектептің материалдық-техникалық және әдістемелік базасын жаңартумен, мектепке жаңадан жалғай салу құрылысымен айналыса бастады.

Білікті басшы, басқару және менеджмент, педагогикажәнеоқушы психологиясы саласында тәжірибесі және білімі мол ұстаз. Оның көп жылғы еңбек өтілі және тәжірибесі мектеп жұмысын жоғары деңгейде ұйымдастыруға ықпал етеді.

Оның басшылық етуімен «Кәсіби мәдениет мектебі» модельі әзірленді. Осының барлығы мектепті жаңа үлгідегі «Мектеп-гимназия» болып ауысуына әсер етті.

Ерекше сіңірген еңбегі үшін «Шапағат» төс белгісімен, көптеген грамоталармен, алғыс хаттармен марапатталған, «ҚР білім берудегі Үздігі» атағы берілді.

ЗӘУРЕШ ҚУАНТАЙҚЫЗЫ МҰҚАШЕВА
ЗӘУРЕШ ҚУАНТАЙҚЫЗЫ МҰҚАШЕВА

Зәуреш Қуантайқызы Мұқашева 1957 жылдың 25 ақпанында Павлодар облысы Павлодар ауданы Черноярка ауылында дүниеге келген. Зәуреш Қуантайқызы 40-жылдық жұмыс өтілі ішінде білімнің барлық баспалдағынан өтті. 2010 – 2016 жылдар аралығында Павлодар қаласының білім беру жүйесін басқару кезінде қалалық білім беру жүйесінің инфрақұрылымы 115 мекемеден 137 мекемеге дейін артты. Оның бастамасымен және жеке қолдау көрсетуімен мектепке дейінгі білім беру саласында жеке меншік жеткізушілерді ынталандыру бойынша қарқынды жұмыс басталды. Зауреш Қуантайқызының басшы ретіндегі басты ерекшелігі – әріптестеріне талапшыл болып келе, қандай жетістіктерге жетуге болатынын өз үлгісімен көрсетеді. Оқу-тәрбиелеу үдерісіне заманауи технологияларды енгізуге көп көңіл бөле отырып, Зауреш Қуантайқызы бөлім жұмысын нақты мақсаттарға жету үшін үйлестіре білді. Павлодар қаласы мектептерінің құрама командасы жыл сайын облысымыздың ең үздік олимпиадалық командасы болып танылады. Жыл сайынғы рейтинг (дәреже көрсеткіш) қорытындылары бойынша Павлодар қаласының білім беру жүйесі үнемі бірінші орында. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Құрмет грамоталары, «ҚР Білім беру жүйесінің құрметті қызметкері», «Білім беру ісінің үздігі - 2012», «Ең үздік мемлекеттік қызметкер», «Облыс алдындағы ерең еңбегі» белгісі секілді атақтары Зауреш Қуантайқызының жоғары деңгейдегі жеке кәсіпқорлығын, басқару қызметіндегі тиімділігін растайтын нәтижелері болып табылады. 

Татьяна Николаевна Качура
Татьяна Николаевна Качура

Татьяна Николаевна Качура 1952 жылдың 15 маусымында Павлодар қаласында дүниеге келді. 30 жылдан аса Павлодар қаласының № 36 жалпы орта мектебін басқарды. Жұмысында өзін үздік ұйымдастырушы, адал басшы ретінде көрсете білді. Әр мұғалімінің көңілін, тілін тауып, ұжымын епті басқара білді. Оның бастамасымен 1998 жылы мектепте республикамыздағы жалғыз, ең алғашқы қоршаған ортаны қорғау музейі ашылды. 2002 жылы Татьяна Николаевнаның басқаруымен мектеп экологиялық статус алды. 2008 жылдан бастап осы мектеп «Мектептер. Болашақтағы серіктестер» атты халықаралық білім жобасына қатысады, соның арқасында оқушылар еуропа тілдерінің бірін жетік меңгеруге және Германияда жоғары техникалық білім алу мүмкіндігіне ие болды. Татьяна Николаевна – мақсатқа бағытталған, жігерлі адам. «Қазақстан Республикасының білім саласының үздігі» белгісімен марапатталды. Мұғалімдер, оқушылар және ата-аналар ұжымында беделді.

Алла Петровна Басевская
Алла Петровна Басевская
Алла Петровна Басевская 1956 жылы туылған, тұрмыста, екі ересек ұлдары бар. Еңбек жолының алғашқы күндерінен бастап мектепке дейінгі білім беру жүйесінде жұмыс істейді. Кәсіби қызметін 1980 жылы Павлодар қаласының №38 сәбилер бақшасында бастайды. 1987 жылы В. Воровский атындағы Павлодар педагогикалық училищесін «Мектепке дейінгі тәрбие» мамандығы бойынша үздік бітіреді. 1989 жылы Қарағанды педагогикалық институтын «Мектепке дейінгі педагогика мен психология» мамандығы бойынша оқып үздік дипломмен бітіреді және әдістемелік жұмысқа ауыстырылады. 1995 жылдан 2007 жылдар аралығында Павлодар қаласының №38 сәбилер бақшасын басқарды. Павлодар қаласының №3 сәбилер бақшасын қалпына келтіріп 2010 жылға дейін басшылық етті. 2010 жылы Республикалық «Балапан» бағдарламасы бойынша Павлодар қаласының №27 сәбилер бақшасын қалпына келтіріп, осы уақытқа дейін басшы қызметін атқарады. 2013 жылы сәбилер бақшасы «Үздік қазақ тілі кабиенеті» байқау-конкурсында бірінші орын, 2014 жылы «МДМ Үздік алаңқай» қалалық байқау-конкурсында 1-орын (Гран-при), 2015 жылы қаланың мектепке дейінгі мекемелері арасында білім беру қызметін сапасы бойынша 1-орын алды. 2016 жылы сәбилер бақшасы облыстық «Үздік мектепке дейінгі ұйым» конкурсы бойынша жеңімпаз атанды. Мектепке дейінгі білім беру жүйесіне көп жылдық табысты еңбегі, белсенді өмірлік ұстанымы мен жеке сіңірген еңбегі үшін «Ыбырай Алтынсарин» төс белігісің иегері, түрлі деңгейдегі Құрмет грамоталары мен Алғыс хаттарымен марапатталған.    
Тамара Николаевна Иванова
Тамара Николаевна Иванова

Тамара Николаевна Иванова 1956 жылы Белоруссия Республикасының Могилев облысында дүниеге келген. Білім беруді басқару жүйесінде қазіргі заманғы менеджменттің кәсіби қасиеттерін сіңірген, білікті басшы. Басқарма сұрақтарында, білім жүйесін дамыту стратегияларындағы терең білімі, тәжірибесі, білім саласында өзекті мәселелерді шешу жолдарын инновациялық іздеуіне байланысты жауапты жұмысты атқаруға мүмкіндік береді, дамытудың инновациялық білім жобасын өңдеп, жүзеге асыруын қабылдаған шешім тиімділігін қамтамасыз етеді. Тамара Николаевна мектеп тәжірибесінде сұранысқа ие және кеңінен қолданылатын, жеке оқыту тәсілі технологиясының (ТИСО) автор – әзірлеушісі. Оның кәсіби қызметі ғылыммен әрекеттесуге, халықаралық білім беру орталықтарымен, Қазақстан мен Ресейдің үздік жоғары оқу орындарымен қызметтестікте болуға негізделген. Тамара Николаевна өз алдына нақты мақсат қоя білетін, өз кәсіптік білімін үнемі жетілдіріп, жауапкершілігі жоғары дәрежеде, қойған мақсаттарына шығармашылық жолмен қарайтын адам. Жоғары деңгейлі коммуникативті шеберлігі, үнемі іскерлі ынтымақтастығы шығармашылық жағдай орнатып және педагогикалық ұжымда білім бастамасын қолдай алады. Білгенін жас мамандармен бөлісуге әрдайым дайын. Облыс көлемінде беделі зор. Ерен еңбегі үшін 1999 жылы «Қазастан Республикасы білім беру ісінің үздігі», 2011 жылы «ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкері» атақтарымен марапатталды.  

СИПИЙ ЮРИЙ ИВАНОВИЧ
СИПИЙ ЮРИЙ ИВАНОВИЧ

Юрий Иванович Сипий 1945 жылы 24 қыркүйекте дүниеге келді. 1976 жылдан бастап Павлодар қ. №12 ЖОМ педагогикалық ұжымға жетекшілік етті1995 жылдан бастап әр түрлі жас тобында ұжымдық оқыту тәсілі негізінде оқыту демократиялық жүйесін ендіруімен жұмыс жасады. 1999 жылдың сәуірінде № 34 ЖОМ-да директор болып тағайындалды, онда 14 жыл жетекшілік етті. 2001 жылы мектепке инновациялық үлгі мәртебесі берілді. 2004 жылдан бастап №34 мектепте 12-жылдық жалпы орта білімге көшу жүйесі жағдайында мектеп моделі бейімделді. 2006 жылы халықаралық «Қазақстанның Эко-мектептері» жобасында жеңімпаз атанып, «Шаңырақ» экологиялық қызметінің мектебі атауына лайық және Жасыл тумен марапатталды. Қазіргі күні педагогикалық қызметін тарих мұғалімі ретінде жалғастырып келеді. Өнерлі, бастамашыл педагог, Краснояр білім орталығында КСО қозғалысының халықаралық мұғалімдер ассоциациясы мүшесі. Өскелең ұрпақты оқыту және тәрбиелеу ісінде мағыналы жетістіктері үшін бірнеше дүркін марапатқа ие болды. 1991 жылы «Қаз ССР ағарту үздігі» атауына ие болды. 2009 жылы «Ы.Алтынсарин» төс белгісімен марапатталды.

бiрiншiсi алдың. 1 2 3 4 соңғысы