Сенім телефоны
8718(2)227407 ҚАУЫРТ ЖЕЛІ: 8718(2)227407
email: sad49@goo.edu.kz
Мекенжайы: Павлодар қаласы, көшесі: Вс.Иванова 49
Басшы:8718(2)227407 Вахта:8718(2)227406
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сейсенбі -15.00-18.00 Бейсенбі -9.00-11.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Антикоррупциялық стандарт
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарт
 
"Павлодар қаласының № 49 санаторлық бөбекжай-бақшасы" МКҚК.
 
(ұйымның атауы)
 
 
1. Осы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарт "сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" 2015 жылғы 18 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабына, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі бекіткен сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарды әзірлеу жөніндегі әдістемелік ұсынымдарға сәйкес әзірленді және ұсынымдық сипатта болады.
 
2. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттың әзірлеушісі "Павлодар қаласының № 49 санаторлық бөбекжай-бақшасы" МКҚК болып табылады.
 
3. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарт қоғамдық қатынастардың оқшауланған саласы үшін сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған ұсынымдар жүйесін белгілеуге бағытталған.
 
4. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартты әзірлеу міндеттері:
 
1) қоғамдық қатынастардың оқшауланған саласында жұмыс істейтін адамдарда сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұрақты мінез-құлықты қалыптастыру;
 
2) Сыбайлас жемқорлық көріністерін дер кезінде анықтау және олардың жағымсыз салдарының алдын алу.
 
5. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттың қағидаттары мыналар болып табылады:
 
1) заңдылық;
 
2) транспаренттілік;
 
3) әдептілік;
 
4) жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін сақтау және оларды сыбайлас жемқорлық көріністерінен қорғау;
 
5) мүдделер қақтығысын болдырмау.
 
6. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарт сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлықты сақтауға және сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алуға бағытталған қоғамдық қатынастардың оқшауланған саласында жұмыс істейтін адамдар үшін ұсынымдарды айқындайды.
 
7. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттың негізінде сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол бермеу тұрғысынан лауазымдық міндеттерді орындау бойынша тікелей іс-әрекеттер жатады.:
 
1) сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартта қозғалатын салада жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін іске асыру;
 
2) өз құзыреті шегінде басқарушылық және өзге де шешімдерді даярлау және қабылдау;
 
3) Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің жобаларын дайындау;
 
4) тыныс-тіршіліктің тиісті саласының ерекшелігіне қарай өзге де қоғамдық маңызы бар қатынастарға қолданылмайды.
		2. Адамдардың мінез-құлқының (іс-қимылының) стандарттары (ұсынымдары) ,
қоғамдық қатынастардың оқшауланған саласында жұмыс істейтін

8. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарымен қозғалатын салада жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін іске асыру кезінде:

1) Қазақстан Республикасының Конституциясын және заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді басшылыққа алу;

2) Қазақстан халқының бірлігі мен елдегі ұлтаралық келісімді нығайтуға ықпал етуге, мемлекеттік тілге және басқа тілдерге, Қазақстан халқының салт-дәстүрлеріне құрметпен қарауға;

3) адал, әділ, қарапайым болуға, жеке тұлғалармен, заңды тұлғалардың өкілдерімен және әріптестерімен қарым-қатынаста жалпы қабылданған моральдық-әдептілік нормаларын сақтауға, сыпайылық пен әдептілік танытуға;

4) жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қозғайтын шешімдерді қабылдаудың ашықтығын қамтамасыз етуге міндетті;

5) өзінің іс-әрекетімен және мінез-құлқымен қоғам тарапынан айтылатын сынға себепкер болмауға, сынағаны үшін қудалауға жол бермеуге, орынды сынды кемшіліктерді жою мен өзінің қызметін жақсарту үшін пайдалануға міндетті;

6) жеке сипаттағы мәселелерді шешу кезінде мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, мемлекеттік қызметшілер мен өзге де адамдардың қызметіне ықпал ету үшін өзінің қызметтік жағдайын пайдаланбауға тиіс;

7) қарамағындағы қызметкерлерді сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға мәжбүрлемеу; 

8) әріптестердің өздерінің лауазымдық міндеттерін орындауы барысында туындаған мүдделер қақтығысын реттеу бойынша түбегейлі шараларды уақтылы қабылдауға;; 

9) мүліктің сақталуын қамтамасыз етуге, автокөлік құралдарын қоса алғанда, меншікті қызметтік мақсаттарда ұтымды, тиімді пайдалануға міндетті.