Ахметова Сауле Ахметқызы

1945 жылы 7 сәуірде бұрынғы Семей облысы Бесқарағай ауданы Өңдіріс ауылында дүниеге келген. Н.К.Крупская атындағы педагогикалық институттың жаратылыстану факультетін 1967 жылы бітірген. ШҚО облысы Абай ауданы М. Ауезов мектебінде және сол ауданның Социалистік Қазақстан мектебінде  химия, биология пәнінің мұғалімі болып қызмет атқарды. Еңбек өтілі 34 жыл. Батыр ана, 6 бала тәрбиелеп өсірген. Қазақстан Республикасының ағарту ісінің озық қызметкері, БжҒМ, облыстық, аудандық білім беру басқармалары құрмет грамоталарымен марапатталған. Ардагер ұстаз. «Еңбек ардагері» медалімен марапатталған. Лениннің 100 жылдық мерейтойына байланысты «Ленин» медалімен марапатталған.