Карибжанова Әсел Көптілеуқызы

(қызы) 1981 жылы 27 шілдеде қазіргі ШҚО Абай ауданы Көкбай ауылында дүниеге келген. 2003 жылы Павлодар мемлекеттік университетін математика-физика факультетін қызыл дипломмен аяқтап, Павлодар педагогикалық институтында математика пәніне сабақ берген, 2008 жылдан бастап Павлодар қалалық № 25 жалпы орта білім беру мектебінде физика және математика пәні мұғалімі. Еңбек өтілі 8 жыл. Екі бала тәрбиелеуде, жолдасы да ұстаз. Облыстық, қалалық білім беру бөлімі құрмет грамотасымен марапатталған.