Сенім телефоны
8(7182)625053
email: pvldaryn@goo.edu.kz
Мекенжайы: Город Павлодар, ул. Площадь Победы, 13
8(7182)627209
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
16.00-18.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
8-11 сынып оқушыларына арналған «Әлихан Бөкейхан оқулары»
23-04-2024 18:15
8-11 сынып оқушыларына арналған «Әлихан Бөкейхан оқулары»

2024 жылдың 23 сәуірінде Ә. Бөкейхан атындағы лицей-мектебінде Павлодар қаласы білім бөлімінің «Павлодар дарыны» бос уақытты  қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығымен Әлихан Бөкейханның 158 жыл толуына орай алғаш рет қалалық 8-11 сыныптарына арналған «Ә. Бөкейхан оқулары» өткізілді.

Байқауға 19 жалпы білім беретін мектептен 34 оқушы қатысты.

         Байқау 3 бағыт бойынша өтті: «Алаштың сөнбес жұлдыздары»-ғылыми зерттеу жобалары; «Ұлтына, жұртына қызмет ету білімнен емес, мінезден»-эссе жазу; «Тірі болсам қазаққа қызмет етпей қоймаймын»-арнау.

Байқау қорытындысы бойынша 19 қатысушы жүлделі орындарға ие болды, оның ішінде I орын - 3 оқушы, II орын -7, III орын - 9.

     «Алаштың сөнбес жұлдыздары»-ғылыми зерттеу жобалары бағыты бойынша І дәрежелі дипломмен № 35 жалпы орта білім беру мектебінің 9 сынып оқушысы Манат Саида, ІІ дәрежелі дипломмен № 17 жалпы білім беру мектебнің 10 сынып оқушысы Сағынтай Амина, М. Әуезов атындағы мектебінің 10 сынып оқушысы Сағадат Алтынай, ІІІ дәрежелі дипломмен Қ. Бекхожин атындағы мектебінің 10 сынып оқушысы Зейнуллова Данагуль, № 40 мектебінің 10 сынып оқушысы Қабыкен Мөлдір марапатталды.

     «Ұлтына, жұртына қызмет ету білімнен емес, мінезден»-эссе бағыты бойынша І дәрежелі дипломды Қ. Бекхожин атындағы мектебінің 11 сынып оқушысы Күнат Ақерке, ІІ дәрежелі дипломды М. Жүсіп атындағы мектебінің 11 сынып оқушысы Қайржан Әлішер, Малайсары батыр атындағы мектебінің 9 сынып оқушысы Қонысбай Гүлназ, М. Әлімбаев атындағы мектебінің 9 сынып оқушысы Аубакирова Аружан, ІІІ дәрежелі дипломды Ә. Бөкейхан атындағы лицей-мектебінің 8 сынып оқушысы Мұхаметжан Аружан,  № 31 жалпы білім беру мектебінің 8 сынып оқушысы Қалымұлы Ердана, № 35 жалпы білім беру мектебінің 9 сынып оқушысы Камирова Каусар, № 40 жалпы білім беру мектебінің 10 сынып оқушысы Елешева Айым  иеленді.

«Тірі болсам қазаққа қызмет етпей қоймаймын»-арнау бағыты бойынша I дәрежелі дипломмен № 40 жалпы білім беру мектебінің 10 сынып оқушысы Шоқанқызы Сандуғаш, ІІ дәрежелі дипломмен Ә. Бөкейхан лицей-мектебінің 10 сынып оқушысы Жылкайдарова Сана, № 7 жалпы білім беру мектебінің 9 сынып оқушысы Әсет Альтаир, ІІІ дәрежелі дипломмен № 29 жалпы білім беру мектебінің 9 сынып оқушысы Ниязова Гюзель, № 7 жалпы білім беру мектебінің 10 сынып оқушысы Маратова Мадина, М. Жүсіп атындағы мектебінің 8 сынып оқушысы Акилбекова Жанеля марапатталды.

        Жеңімпаздар мен жүлдегерлер Павлодар қаласы білім беру бөлімінің I, II, III дәрежелі дипломдарымен және барлық қатысушылар «Павлодар дарыны» бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығының сертификаттарымен марапатталды.