Телефон доверия
8 7182 608350
email: sosh21@goo.edu.kz
Адрес: 140 012 Павлодар қ., Камзин көшесі, 346
+7(7182) 60-73-13 қабылдау бөлімі, +7(7182) 57-85-83 вахта, +7 (7182) 57‒70‒72 бухгалтерия
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
Сейсенбі 15.00 - 18.00 Бейсенбі 15.00 - 18.00
In a year
In a month
In a week
Yesterday
Жас педагогтердің кәсіби өсуіндегі тәлімгерліктің рөлі
03-05-2024 10:22
Жас педагогтердің кәсіби өсуіндегі тәлімгерліктің рөлі

Жас педагогтердің кәсіби өсуіндегі тәлімгерліктің рөлі
Павлодар қаласы білім бөлімінің әдістемелік кабинеті №21 ЖОББМ базасында қала мектептерінің 60-тан астам тәлімгерлерінің қатысуымен “Жас педагогтің кәсіби құзыреттілігін дамыту: тәлімгерліктің тиімді стратегиялары” атты қалалық семинар-практикумын өткізді. Семинарға қатысушыларға тәлімгерлік жұмыс, кәсіби өсудің жеке жоспарын жоспарлау және жас маман болу бойынша №21 ЖОББМ жұмыс тәжірибесі ұсынылды.
Нұрахметова Шолпан Саменовна, білім бөлімінің әдіскері Жас педагогтердің кәсіби деңгейін арттыру, жас кадрларды бекіту және педагогикалық ұжымдардың кәсіби ынтымақтастығын нығайту, кәсіби конкурстары мен олимпиадаларға дайындық мәселелеріне тоқталды. Кайкенова Алия Адамовна “Жас педагогты даярлау: кәсіби дағдыларды табысты дамытуға ықпал ететін тәлімгерліктің тиімді әдістері” атты баяндамасында мектептің тәлімгерлік моделін ұсынды. Ол 5 стратегиядан тұрады: тәлімгер - кеңесші, тәлімгер - әдіскер, тәлімгер - тәлімгер, тәлімгер - тьютор, тәлімгер - андрагог. Тәлімгер - кеңесші стратегиясын психолог Варга Надежда Викторовна педагогті дамытудың әлеуметтік ресурсы ретінде психологиялық - педагогикалық сүйемелдеу туралы көрсетті.
Стратегиялар бойынша шеберлік сыныптарын Сапаргалиева Риза Аманбаевна, тәлімгер - әдіскер - “Көрнекілік құралдар сабақтағы заманауи АКТ технологияларының баламасы”, Шахметова Алма Сапаргалиевна, тәлімгер-тәлімгер – “инклюзивті оқытуды іске асыру кезінде сабақты бірлесіп жоспарлау жүйесін пайдалану”, тәлімгер - тьюторлар Сагитова Жұпар Серікбаевна және Сәрсенова Әсел Алпысқызы ұсынды - кейстер жасау “Ситуациялық талдау “ және тәлімгерлік арқылы жас мұғалімнің құзыреттілігін дамыту. Рауш Ольга Ивановна тәлімгер - андрагог стратегиясын жүзеге асыра отырып, “жаһандық педагогика аясында мұғалім” атты практикалық сабақ өткізді. Семинар жас маман, облыстық және қалалық кәсіби шеберлік конкурстарының жеңімпазы және жүлдегері Қасен Үмітжан Нұртайқызының “Сабақтарда геоақпараттық технологияларды қолдану” атты баяндамасымен аяқталды.