Размер шрифта:
↑Наверх
Телефон доверия
8(7182)-60-42-89
email: sosh24@goo.edu.kz
Адрес: 140001, Павлодар қ, Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, 190
8(7182)-60-42-89
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
Дүйсенбі сағат 11.00-ден 13.00-ге дейін
In a year
In a month
In a week
Yesterday
"Бір ел-бір кітап" республикалық акциясы аясында
25-04-2024 14:20

"Бір ел-бір кітап" республикалық акциясы аясында Дихан Әбілев атындағы көпшілік кітапханасында көрнекті қазақ жазушысы, балалар әдебиетінің классигі Бердібек Соқпақбаевтың 100-жыллығына орай «Жыл кітабын бірге оқиық» атты әдеби кеш өтті. Қаламгердің ғасырлық мерейтойы ЮНЕСКО көлемінде аталып өтеді. Сонымен қатар «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясының жалпыхалықтың оқуына Бердібек Соқпақбаевтың шығармашылығы алынып отыр.
Іс-шараға «Ақсақалдар тағлымы» бірлестігінің мүшесі Кайырлы Ергалиұлы, сондай ақ № 24 ЖОББМ-нің 5"Б" сынып оқушылары қатысты. Шара барысында жазушының өмірі мен шығармашылығы туралы мәлімет берілді. Содан кейін оқушылар "Менің атым Қожа" шығармасының мазмұнын еске түсірді, шығармадан үзінділер оқыды. Бердібек Соқпақбаевтың шығармаларынан кітап көрмесі ұйымдастырылды.