Сенім телефоны
email: ekotyr@goo.edu.kz
Мекенжайы: ул. Потапова, 7
8 (7182) 33 30 24 приемная 8 (7182) 62 46 24 руководитель
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Каждый понедельник месяца с 16.00-18.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
«Менің Отаным-Қазақстан» туристік экспедициялық жасақтары Республикалық слетінің облыстық кезеңі өтті
18-05-2024 12:40
«Менің Отаным-Қазақстан» туристік экспедициялық жасақтары Республикалық слетінің облыстық кезеңі өтті

2024 жылғы 17 мамыр күні «Аймақтық оқу-тәжірибелік дене тәрбиесі орталығы» КММ «Балалар - жасөспірімдер экология және туризм орталығы» КМҚК бірлесіп ұйымдастырған «Менің Отаным-Қазақстан» туристік экспедициялық жасақтары Республикалық слетінің облыстық кезеңі өтті. Слетке облыстың білім беру ұйымдарының командалары қатысты: Ертіс, Шарбақты, Май, Баянауыл аудандары ЖОМ, Кенжекөл ауылының отбасы үлгісіндегі балалар ауылы, Ы. Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған гимназия-интернаты, Дарынды балаларға арналған Абай атындағы гимназия, Қ.Сәтбаев атындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған гимназиясы, Ақсу балалар эко-техноорталығы және Павлодар қаласы. «Туристік кедергілер жолағы» номинациясы бойынша: І орын – Павлодар қ. командасы, ІІ орын – Қ.Сәтбаев атындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған гимназиясы, ІІІ орын – Ертіс ауданының командасы; «Жартасқа шығу» - І орын – Павлодар қ. командасы, ІІ орын- Май ауданы, ІІІ орын – Кенжекөл ауылының отбасы үлгісіндегі балалар ауылы. «Туристік әндер» байқауында: І орын - Богомолов Богдан (Павлодар қ.), ІІ орын - Тулеубекұлы Сырым (Ақсу балалар эко-техноорталығы); ІІІ орын – Абай Ақнұр (Шарбақты ауданы). «Ат туризмі» номинациясында: І орын – Темирова Дария (Павлодар қ.), І орын – Қайрат Әділжан (Дарынды балаларға арналған Абай атындағы гимназия), ІІІ орын - Аулабай Абильмансур (Ертіс ауданы); «Туристік маршруттар» І орын – Мартенс Анна (Павлодар қ.), ІІ орын - Несіпбек Юсуф (Баянаул ауданы), ІІІ орын - Сериков Марат (Ертіс ауданы). Слет қорытындысы бойынша І жалпы командалық орын – Павлодар қ. командасы, ІІ орын – Шарбақты ауданының командасы, ІІІ орын – Ертіс ауданының командасы. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді құттықтаймыз!