Оқушылардың қалалық 53 –ші
пән олимпиадасының қорытындысы туралы
Павлодар қ. білім беру бөлімінің 2014 жылғы 3 желтоқсандағы «2012 – 2013 оқу жылдарында оқушылардың пән олипиадаларын өткізу туралы» № 1715 бұйрығына сәйкес жоғары сыныптардың қалалық пән олипиадасы 2014 жылғы 11-12 желтоқсанда № 22 орта жалпы білім беру мектебінде өткізілді.
Қалалық олимпиаданың алдында мектептік пән олимпиадалары болып өтті, оған 12399 оқушы қатынасты, оның 4804 –і қазақ тілінде білім алушылар, 543-і ауыл мектептерінен, 74 –і жеке пәндерді тереңдетіп оқыту сыныптарынан болды.
Қалалық олимпиадаға 15 пән бойынша 6-11 сыныптардың 678 оқушысы қатынасты, оның 235 – і мемлекеттік тілде оқытылатындар, 37-сі жеке пәндерді тереңдетіп оқу сыныптарынан, 34 - і ауыл мектептерінен келді.
Республикалық ғылыми- практикалық «Дарын» орталығы олимпиадаға тапсырмалар ұсынды.
Апелляциялық комиссия өз жұмысын аяқтаған соң, 2014 жылғы 12 желтоқсанда қалалық олимпиаданың нақты қорытындылары шығарылды.
Жеңімпаздар бойынша алда келе жатқандар:
№ 9 гимназия-мектебі - 21 жүлделі орын
№ 39 ЖОМ - 17 жүлделі орын және 2 грамота
№ 22 ЖОМ - 16 жүлделі орын және 1 грамота
№ 25 ЖОМ - 14 жүлделі орын және 3 грамота
№ 19 ЖОМ - 14 жүлделі орын және 1 грамота
«Стикс» мектебі- 13 жүлделі орын және 1 грамота
№ 16 лицей-мектебі - 11 жүлделі орын және 3 грамота
№ 17 - 10 жүлделі орын және 3 грамота
нәтижелі қатысқан мектеп командалары: № 20 лицей-мектебі, № 21, 29, 35 - 8 жүлделі орын.
Қалалық олимпиадалардың қорытындылары бойынша 9-10 қаңтарда 2015 жылы өткізілетін облыстық турға 20 жалпы білім беру мектептердің 47 қатысушылары ұсынылды: № 11, 14, 19, 21, 24, 25, 29, 30, 33, 35, 36, 41, 43, КСОШ Кенжекөл мектептерінен (1 оқушы), № 16, 20 лицей-мектебі, № 17 ЖОМ - (2 оқушы), № 9 гимназия-мектебі - (5 оқушы), № 39 ЖОМ - (7 оқушы), № 22 ЖОМ ( 7 оқушы), «Стикс» мектебі - (8 оқушы).