«Жұлдызды қоңыр күз» атты ІV Республикалық сайыс-фестивалінің жеңімпазы
![«Жұлдызды қоңыр күз» атты ІV Республикалық сайыс-фестивалінің жеңімпазы](http://goo.kz/media/img/blog/5a1cf975ab587.jpg)
12 қарашада М.М.Катаев атындағы Оқушылар сарайында «Жұлдызды қоңыр күз» атты ІV Республикалық сайыс-фестивалі өтті. «Жігер» балалар-жасөспірімдер клубының тәрбиеленушісі Шамурат Атымтайжомарт домбыра санаты бойынша 1 орынды иеленді. Біз кішкентай жеңімпазымызды үлкен жеңісімен құттықтаймыз. Болашақта алар асулары көп болсын деп тілейміз. Дарынды жас музыкантқа қосымша білім беру педагогі Кайрбеков Бауржан Болсынгазиевич дәріс береді.