Телефон доверия
8(7182)64-27-51 87051403594
email: sad8@goo.edu.kz
Адрес: Айманов көш. 22
87182-64-27-51 87182-64-27-52
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
Сәрсенбі 15.00-17.00
Сергіту сәтін жаттайық, шымыр болып өсейік
Сергіту сәтін жаттайық, шымыр болып өсейік

yes Оңға, оңға түзу тұр,
Солға, солға түзу тұр.
Алға қарай бір адым
Жоғары, төмен қарайық,
Орнымызды табайық.

yes Сағаттың тіліндей,
Иіліп оңға бір.
Сағаттың тіліндей
Иіліп солға бір
Сағатқа қарап ап
Жаттығу оңай-ақ.

yes Қақпаға туралап,
Теп допты, оң аяқ
Қақпаға туралап,
Теп допты сол аяқ,
Оң аяқ, сол аяқ
Жаттығу оңай-ақ.


yes Доп безек қағады,
Секіріп еденде
Біресе жоғары
Біресе төменге
Жаттығу оңай-ақ.

yes Қарлығашқа ұқсайық
Қане қанат жасайық
Қарлығаш боп ұшайық,
Ұшып-ұшып алайық..



yes 1, 2, 3
Дем аламыз жинап күш.
«5»- тік баға аламыз
Қуанып үйге барамыз.

yes Ал балалар тұрмайық,
Алақанды ұрайық.
Бір отырып, бр тұрып
Біз тынығып алайық.

yes Тік ұста бойыңды
Жоғары соз қолыңды.
Соз қолыңды тағы да,
Жеткіз жираф мойнына.