«Дидактикалық ойындардың тәрбиелік мәні»
Тәрбие баланың дүниеге келген сәтінен басталады. Мектеп жасына дейінгі баланы дамытатын, өсіретін әрі тәрбиелейтін негізгі іс-әрекет – ойын. Ойын арқылы бала өзінің қоршаған ортамен, табиғатпен, қоғамдық құбылыстармен, адамдардың еңбегімен, қарым-қатынастарымен танысады.
Халқымыз ойындарды «тек балаларды алдандыру», «көңілін көтеру әдісі» деп қарамай, жас ерекшеліктеріне сай олардың көзқарастарын, мінез құлқын қалыптастыру құралы деп ерекше бағалаған. Ойын – негізінен, балаларға дене шынықтыру және эстетикалық тәрбие берудің маңызды құралы. Ойын балаларды ұйымшылдыққа үйретеді. Ойынның түрлері көп, соның ішінде маңыздысы – дидактикалық ойын. Мұның бала ой-өрісінің қалыптасуына, дамуына пайдасы мол. Сондай-ақ балалардың адамгершілік сезімін оятуға, адамдармен дұрыс қарым-қатынас жасау, еңбек адамдарына, басқа ұлт өкілдеріне, достық, туған жеріне сүйіспеншілік сезімін тәрбиелеуге көңіл бөледі. Дидактикалық ойындар – балалар үшін өзіне тән жүру барысы, мақсаты, маңызы бар әрекет. Ойындарды бала тәрбиесіне енгізу үшін тәрбиешілер көптеген жұмыстарды атқарады.
Дидактикалық ойындардың түрлері: Заттық ойындар: дидактикалық ойыншықтармен және түрлі ойын материалдарымен ұйымдастырылады. Үстел үстінде ойналатын ойындар: “Лото”, “Домион” және т.б. Сөздік дидактикалық ойындар
Дидактикалық ойын балалардың қоршаған орта туралы түсінігін кеңейтеді, баланы оңай білуге баулып, ақыл-ой қызметін қалыптастырады әрі адамгершілікке тәрбиелеу құралы болып табылады.