Телефон доверия
8 (7182) 50-50-71
email: sad48@goo.edu.kz
Адрес: st.Sagadat Nurmagambetov 128/1
Қабылдау бөлмесі: 8 (7182) 50-50-71 Бухгалтерия: 8 (718 2) 50-72-81 Вахта : 8 (7182) 50-70-60
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
Сейсенбі 15.00-17.00 дейін, бейсенбі 09.00-11.00 дейін
In a year
In a month
In a week
Yesterday
"Құстар біздің досымыз"

«ҚҰСТАР БІЗДІҢ ДОСЫМЫЗ»

«ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ №48 САНАТОРЛЫҚ СӘБИЛЕР  БАҚШАСЫ»

 

Құстар біздің досымыз

Көктем келді, құс келді,

Күн ұзын, түн қысқа енді.

Көктем келді, су  ақты,

Күннің көзі шуақты демекші биылғы көктем  ерекше болды. Балаларға жалпы құстардың пайдасы туралы,олар жөнінде мағұлмат беру, негізінен оларға қамқор болуға, құстарды аялауға бейімдеу, әсем құстармен таныстыру тақырыбында біздің № 48 «Ақжарқын» санаторлық сәбилер бақшамызда «Құстар біздің досымы» атты ойын сауықты көктемгі шуақты күнімен қатар құстарды қарсы алды. Осы ойын – сауықта көңілді көктемде құстардың оралуын, олардың азайып кеткенін хабардар ету. Балалардың құстар туралы ой өрістерін, түсініктерін дамыту және Отанын, жерін, орманын, көлін, табиғатын сүюге баулуға «Құстар» кейіпкерлер өз әкелген ойындар арқылы  үйретті. Ересек топ балалары «Бұлбұл мен тоқылдақ» көріністі ортаға салды. Балалар ән айтып, би билеп, өлең тақпақтарымен ойын – сауықты қыздырды. Ұлттық ойындар ойналды, құстарға жемсауыттар ілінді. Балалардың қуанышын әрі қарай ұштастырып ата – аналар құстарға ұя жасап, топ – топпен жарыстар ұйымдастырылды. «Құстарға қамқор» атты көрмемен қорытындылап, топтарға мадақтама үлестрілді.