Размер шрифта:
↑Наверх
Сенім телефоны
87182346974 басшы, 87053846158
email: pavlodar121@mail.ru, sad121@goo.edu.kz
Мекенжайы: Ш.Құдайбердіұлы көшесі, 4
87182345889 вахта 87182346974 басшы 87182346991 бухгалтерия
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
сейсенбі сағат 10.00-12.00 бейсенбі сағат 16.00-18.00
Айгөлек аруы - 2018

Қыз сыны, қыз өнері, қыз әдебі,

Тал бойына жарасқан күлкі әлемі.

Бір көргенде болмай-ақ сахнада,

Өмірде сақталсыншы ұлт әдебі, дей келе ортаға

аруларымызды шақырайық. Қарсы алыңыздар!

 

1 нөмірлі ару қызымыз: Дарина Дүйсенбекова әпкесі Анель

2 нөмірлі ару қызымыз: Амира Қапашева анасы Сәуле

3 нөмірлі ару қызымыз: Мерей Қапыш анасы Ақмарал Қажымұқановна

4 нөмірлі ару қызымыз: Азалия Қаракесекова анасы Тәнсұлу Жұмабайқызы

5 нөмірлі ару қызымыз: Наргиз Оразбаева анасы Айжан

6 нөмірлі ару қызымыз: Толғанай Серік анасы Дина

 

Құрметті арулар мен аналар орындарыңызға барып жайғасуларыңызға болады.

 

Өнер білім өнеге тұнған дарын,

Өнерліге өз басым таң қаламын.

Өнерді әділдікпен бағалайтын

Таныстырайын әділқазы алқаларындемекші

«Айгөлек №121 сәбилер бақшасы» басшысы  Елена Геннадьевна Коцур

Балабақша медбикесі  Балзия Тәңірбергенқызы Қажыбаева

Қазақ тілі мұғалімі  Сандуғаш Серікқызы Оразханова

Дайындық тобының тәрбиешісі Алмагүл Жолдыбайқызы Нетаева

 

 

 

 

 

Енді аруларымызды бүгінгі байқаудың бағдарламасымен таныстырып кетейік.

 

1. Мен қазақтың қызымын. (таныстыру)
2. Өнерлі өрге жүзер. (Өнер сайысы)
3. Салт дәстүрді білеміз бе?(Сұрақ-жауап)
4. Қыздырға әсемдік жарасады. Сән үлгісі.
5. Үй тапсырмасы. Қыздарымыз өздерінің үйлерінен жасап әкелген қол еңбектерін көрсетеді.
6. Шаш үлгісін жасау 
 

Байқаумызды бастайтын сәт келді. «Қазағымның қыздары» әні ойнайды.

Гүл көңілің қуаныштан өрілді,
Жанарыңнан жалын нұры төгілді.
Жыр ұшқындап тұр ғой әне үніңнен,
Көпшілікке таныстыршы өзіңді демекші

I кезең.Таныстыру

Армысыздар халайық,
Амандасып алайық.
Менің атым Дарина
Мақтануға лайық.
Әкем аты Арман
Анам аты Әсемгүл
Қыз сынына келіп тұрмын
Дарина атты мен бір гүл.

Таныстырсам өзімді
Атым менің Амира

Кішкентаймын мен әлі
Жұрттың бәрі тани ма
Елдар атты әкем бар
Еркелетер күлімдеп
Сауле деген анам бар
Мәпелетер гүлім деп.

Армысыздар ағайын

Сәлемдесіп алайын

Таныстырсам өзімді

Немересі .................

Қызымын мен Айдынның

Мерей деп атымды

................. қойыпты

Ұлыстың ұлы күнінде

Тілеймін мен баршаңа

Амандық пен бақытты

Отырмысың көрермен

Залға бүгін жиылып

Сөз анасы сәлем деп,

Тізе бүгем иіліп.

Мен де шықтым ортаға

 Қанатымды кең жая

Алдарыңа кеп тұрған

Виталийқызы Азалия

 

Анамның жұлдызымын,

Әжемнің құндызымын,

Төрт жасынан бәйге шапқан

Наргиз деген бір қызбын!

Қызымын ...................деген батыр елдің

 Жасымнан мен өнерге жетік едім

 Сәлем берем иіліп алдарында

Амандасу қазақы салтым менің 

Таныстырсам өзімді,

Ақылбекқызы Толғанаймын

Бұл сайысқа қатысып,

Талаптанып көремін.

Әнді жақсы айтамын,

Болып жатқан сайыста,

Бақты сынап мен бүгін,

Озып шығам қалайда.

 

Ал, кімнің өнері бар қаншалықты,
Би билеп, ал біреулер ән салыпты.
Бүгінгі қыз сынынан бәйге алуға
Арулар аянбай-ақ жан салыпты.

 II кезең өз өнерін көрсету. Алдымен осы аруларымыздың орындауынджа «Қамажай» биін тамашалайсыздар, кейін жеке өнерлерге жол беріледі.

Қыздардың орындауында «Қамажай» биі

Келесі кезекті 1 нөмірлді аруымыз Даринаның өнерін тамашалайық

2 нөмірлі аруымыз Амираның өнерін тамашалайық

3 нөмірлі аруымыз Мерейдің өнерін тамашалайық

4 нөмірлі аруымыз Азалияның өнерін тамашалайық

5 нөмірлі аруымыз Наргиздің өнері ортаға салынсын

6 нөмірлі аруымыз Толғанайдың өнері сіздердің назарыңызда
 

Әділ – қазылар алқасы өз бағаларын үлестіргенше келесі сайысқа көше берейік.

 

Балғын ару жас ғұмырдың талғамысың ,
Қуантқан әрбір үйдің арманысың.
Дәл бүгін қанат қомдап, сыналарда,
Сан сұрақтан сүрінбей, самғап ұшқын.

III  кезең. Салт-дәстүрлі білеміз бе? (сұрақ-жауап)

Аруларымыз бір-бірден шығып қоржыннан бір сұрақ алады да жауап береді

(кезекпен шығады)

 

Осы сайыстың бағасын бергенше, аруларымыз келесі кезеңге киініп дайындалғанша, топтың ұлдарының орындауында

«Батырлар ұраны» биін тамашалаңыздар!

 

 

Ал,халайық ықыласпен демейік,
Арулардың сән үлгісін көрейік.
Сыры менен сымбатына қарай біз,
Әділдікпен бағаларын берейік.

Байқауымыздың келесі кезеңі «Қыздарға әсемдік жарасады» сән үлгісін көрсету.  Аруларымызды ортаға шақырайық!   

«Бұлбұл құсым» әні орындалады

 

ДЕФИЛЕ   1 – 2 – 3 – 4 – 5 - 6

 

Сымбатына сән киім жарасатын,
Аспандағы айменен таласатын.
Өнеріне сәні сай келіп тұрған,
Аруларға қызығып қарасатын.

 V кезең. Қолөнер

Бұл сайыста аруларымыз үйден жасап әкелген бұйымдарымен таныстырып өтеді

 

1

2

3

4

5

6
 

Білектей арқасында өрген бұрым,
Шолпысы сылдыр қағып жүрсе ақырын.
Кәмшат бөрік, ақ тамақ, қара қасты,
Сұлу қыздың көріп пе ең мұндай түрін?

Бұраң бел, бойы сұлу, кішкене аяқ,
Болады осындай қыз некен-саяқ.
Піскен алма секілді тәтті қызды
Боламын да тұрамын көргендей-ақ деп Абай атамыз жырлағандай
Келесі кезең Шаш үлгісін жасау (шаш өрімдері) сайысына да кезек келді. 10 минут уақыт беріледі.

Аналары аруларымыздың шаштарын сәндеп өргенше құрметті қонақтар және ұлдар сіздерді ортаға шақырып «Қара жорға» биін билеуге шақырамыз!

 

Уақыт бітті.

Аруларымызды ортаға шақырайық!   «Үкілі камшат» әніне көрсетеді

 

Шаш өрімдерінің үлгілерін тамашалайық! 

1

2

3

4

5

6

Пір тұтқан әрбір халық асылдарын,

Қазақтың қара көзі аруларым.

Тәмәмдайық осы кешті әсем әнмен,

өнеріне табынып арулардың, - дей отырып, өтілген шарттарымыздың қорытындысын әділқазы алқалары шығарғанша кезекті сұрақтарға берейік.

1.       Ананың анасы сізге кім болады? (Нағашы әже) 
2. Еттен жасалатын тағам? (Бесбармақ). 
3. Қазақстанның Президенті кім? (Н.Назарбаев) 
4.Абай Құнанбаевтың анасы? (Ұлжан) 
5. Білім, оқу, жазуды үйретуші адам? (Ұстаз). 
6.
Көрімдік беру дегеніміз не? Нәрестелі болғанында, келін түсіргенінде «құтты болсын» айта келгендерден сәбиді, келінді көрсетпей тұрып «көрімдігін бермесеңдер көрсетпейміз» деп кәдесін сұрайды. Қыз ұзатыларда ұл жағынан келген құдаларға болашақ келіндерінің жасауын көрсетіп те көрімдік сұрайтын әдет-ғұрып бар. Қазір жоғары оқу орнын бітіріп диплом алған жастар да туған-туыстарынан көрімдік сұрап жатады.
7. Қыз бала туралы бір мақал айтыңыз. 

1.       Қазақтың діни мейрамы ( құрбан айт, ораза айт) 
2. Сүттен жасалатын тағам? (Көже, айран, ірімшік,қаймақ,май). 
3. Мойынға тағатын әшекей бұйым (алқа) 
5. Ана туралы бір мақал айтыңыз. 
6. Ерулік беру дегеніміз не?

3.Қазақ әйелдерінің сәндік әшекей бұйымдары? (сырға,білезік, жүзік, сақина, алқа). 
4. Ою өрнектің бір түрін ата? (қошқар мүйіз, арқар, сыңар, өркеш, төртқұлақ, түйетабан,
қос алқа, сыңар). 
5. Сүйінші сұрау дегеніміз не? Өте қуанышты хабарды жеткізуші адам ол үйге «Сүйінші, сүйінші!», - деп кіреді. Бұл сөз тосынан естілсе де үй ішіндегілерді шошындырмай, қайта қуантады. Сол кезде үй иесі: «Қалағаныңызды алыңыз» дейді немесе ол риза болатындай бір жақсы сыйлық береді. Сүйінші алудың сөкеттігі жоқ.
 
6.Абай Құнанбаевтың анасы? (Ұлжан). 

 

Бүгінгі өтілген шарттардың қорытындысы бойынша сөз кезегін әділқазы алқасына берейік.

Міне, бүгін сайыста мектебімізде көп өнерлі жастарымыз бар екенін көріп, тамашаладық. Аруларымыз өздерінің жан-жақты өнерлі екенін көрсетті. «Өнерліге өріс кең» - дегендей өнердің кемесімен өрге жүзе беріңіздер!!!

Ортаңғы В тобының тәрбиешісі Мырзаханова Гүлбағира Рамазанқызы