Размер шрифта:
↑Наверх
Телефон доверия
87182346974 руководитель, 87053846158
email: pavlodar121@mail.ru, sad121@goo.edu.kz
Адрес: город Павлодар, Ш.Құдайбердіұлы,4
87182345889 вахта 87182346974 руководитель 87182346991 бухгалтерия
Вернуться на главную страницу отдела образования
График приема граждан:
вторник с 10.00-12.00 четверг с 16.00-18.00
Жаңа жыл ертеңгілігі

Үлкендер: Аязата

Ақшақар,

Қарлы ханым,

Орман Атасы,

Кощей

Мыстан кемпір

 

Балалар: ЖАНАТЫН ҚОҢЫЗДАР

Орман перизаттары

Ергежейлер,

Аққалалар

 

 

ЖҮРГІЗУШІ: Жаңа жылың құтты болсын жас ұрпақ,
Келген жылға қарамаңдар тосырқап.
Жаңа жылың құтты болсын аталар,
Сергек ұрпақ өздеріңнен нәр алар.
Жаңа жылың құтты болсын аналар,
Бүлдіршіндер өздеріңнен нәр алар.
Қара нарлар көтеріңдер жыл жүгін,
Соңдарыңнан ере берсін боталар –

Демекші жаңа жыл мерекесіне дайындалған кішкентай боталарымызды ортаға шақырайық.

 

БАЛАЛАР ЗАЛҒА МУЗЫКАНЫҢ ӘУЕНІМЕН КІРІП КЕЛЕДІ, ЖАЛПЫ БИ БИЛЕЙДИ, СОҢЫНДА ШАХМАТҚА ТҰРАДЫ.

                1. Общий танец

Балалардың тақпақтары:

1. Асыл моншақ тағылған

Жасыл желек жамылған

Міне, сұлу шыршамыз,

Көптен күтіп сағынған.

Кел, балалар, келіңдер!

Тамашаны көріңдер!

 

2. Аспан жерге төгеді

Ақ күмісін уыстап

Жаңа жыл да келеді,

Бізге қарай жылыстап

Көрсін біздей балғынды

Көңілденсін ол енді.

Шырқатайық ән-жырды

Шырқатайық өлеңді.

 

3. Жүзімізде күлкі ойнап,

Қанаттанды жанымыз.

Жаңа жылды біз тойлап,

Шаттанамыз бәріміз.

 

5. Міне тағы келіп тұр

Жаңа бір жыл балалар.

Жадыратып жер үстін,

Төрімізге ол шыққан.

Бақытымыз, сәніміз

Жаңа жылды сондықтан

Құттықтаймыз бәріміз

 

 

4. Өлең де әзір, ән де әзір

Ойын да әзір – бәрі әзір

Кел Жаңа жыл біздерге,

Кел Жаңа жыл, Жаңа жыл!

 

6. Тілеймін мен бар әлемге

Дос көп болсын жанашыр.

Ата, әже, әке, шеше

Құтты болсын Жаңа жыл!

7. Ақша қарға малынып

Аппақ тонын жамылып

Сақалы мен мұртына

Күміс моншақ тағынып

Аяз ата келеді

Балаларды сағынып!

8. Бар баланың қонағы

Төрлет Ата жоғары

Енді дала, алақай

Ақ күміске толады.

Жұрттың бәрі атадай

Қашан мырза болады

 

9. Көңілде көп қуаныш

Ән көңілде жақсылық

Кетер жылға мың алғыс,

Әкелген көп жақсылық

 

10. Әдемілеп біз ілген

Ойыншықтар тізілген

Қандай жақсы шыршамыз

Ән шырқайық баршамыз.

 

11. Аппақ бүгін қыр, далам

Ақ дастархан жапқандай

Халық біткен қарбалаң

Қонақ күтіп жатқандай.

 12. Тауда туып, тауда өскен

Шырша келді ортаға

Бәріміз бір дауыспен

Ән шырқайық шыршаға

 

13. Бірі көктем, бірі қыс

Екеуі жаңа жылымыз

Жақсылыққа жоримыз

Көпсінбейміз мұны біз

 

 

15. Бақша іші мереке,
Ойын күлкі асқақ ән.
Балалар да жаңа кеп,
Мерекені бастаған.

14. Жаңа жылды қаңтарда

Әлеммен бірге тойлаймыз

Наурызды да ал сонда

Жаңа жыл деп ойлаймыз

 

 

16. Шыршалар қандай әдемі,

Ойыншықтары да мәнерлі,

Қарасаң көз тоймайды,

Мақтасаң сөзің жетпейді

 

БАЛАЛАР ӨЗ ОРЫНДАРЫНА БАРЫП ОТЫРАДЫ.

                                     МУЗЫКА

 АҚШАҚАР КІРІП КЕЛЕДІ, АМАНДАСАДЫ, ӨЗІ ӘНДЕТІП ЖҮРЕДІ.

 

АҚШАҚАР: Ұлпа қар жамылып жатқан жер қандай тамаша! Дала сондай аппақ! Айнала сондай сұлу болып кетіпті. Сендерге асығып келіп едім, сәлеметсіңдер ме, балалар!

ГР: Саған кім аппақ қылып әдемі киім тігіп берген?

АҚШАҚАР: Маған ақ киімді қардан тігіп берді!

ГР: Ақшақар, саған өлеңді кім айтты?

АҚШАҚАР: Орманың самал желі.

ГР: Ақшақар, саған жұлдыздан моншақ кім тоқып берді?

АҚШАҚАР: Моншақты маған Аяз Атам сыйға тартты.

ГР: Онда Ақшақар, сен бізге не тілейсің?

АҚШАҚАР: Мен тек шаттық пен қуаныш тілеймін сендерге!

ЖҮРГІЗУШІ: Бізге келгенің жақсы болды Ақшақар, айтпақшы сенің атаң қайда?

АҚШАҚАР: Аяз Ата мені сендерге ертерек жіберіп еді, мүмкін адасып қалған шығар? Сендердің дауыстарың қатты шыға ма? Кәне алдымен жылынып алайық. Далада аяз емес пе? Мұрнымызды уқалайық! Дабырламайық, шу шығарып, бәріміз енді құлағымызды уқалайық! Уқалайық, ысқылайық, құлағымызды осылай жылытайық! Енді тіземізді ұрайық, басымызды шайқайық, иықтарымызды  соғайық, аздап қана топырлайық! Не, жылындық па? Айғайласақ дауысымыз шыға ма? Ал кәне Аяз Атаны шақырайық! Аяз Ата!

АЯЗ АТА! АЯЗ АТА! (ШАҚЫРАДЫ)

 

ЗАЛҒА АҚҚАЛА – БАЛА КІРЕДІ.

Аққала бала: сендерге әзер жеттім ғой

ЖҮРГІЗУШІ: Сылдырламай, сәл демалып айтшы!

Аққала: Тоқтай алмай тұрмын, Аяз Атамыз бәлеге ұшырап қалды.

ЖҮРГІЗУШІ: Сонда да сен асықпашы, дұрыстап бізге айтшы. Қолымыздан келгенше көмектесеміз.

Аққала: Аяз Атамызды Кощей өз патшалығына алып кетті. Басқаларға да айтайын.

 (КЕТЕДІ)

АҚШАҚАР: Балалар! Атамызды құтқаруға Кощейдің патшалығына барамыз ба?

ЖҮРГІЗУШІ:  Онда орманға баруға дайындалайық, қол ұстасып шеңберге тұрайық та, жүрейік. (бір айналып шығады, отырады). Балалар, біз қайда келдік? ОРМАНҒА, ары қарай қайда баратынымызды білмейміз ғой!

АҚШАҚАР:  Онда мен жанатын қоңыздарды шақырайын, олар шамдарымен келсін, біздің алдымызда ұшып жүріп, жол көрсетсін!

 

                       2.  БИ «ЖАНАТЫН ҚОҢЫЗДАРДЫҢ БИІ»                     

 Светлячки – қыздар – Айзере, Б.Айлин, Ясмина, Азалия, Даяна, С.Дария, Аружан

 

ЖҮРГІЗУШІ: Ал біз қоңыздардың артынан жүріп қайда келдік, біздің алдымыздан біреу шығатын сияқты.

(Қарлы ханым кіреді,айналады, барып орындыққа отырады) Музыка вьюга

 

Балалар біз Қарлы ханымның еліне келіппіз ғой. Кеш жарық Қарлы ханым. Не істеп отырсың?        

Қарлы ханым: Жіп иіріп отырмын  (ДӨҢГЕЛЕКТІ АЙНАЛДЫРЫП ОТЫРАДЫ)

ЖҮРГІЗУШІ: Соншама жіпті иіріп қайтесің?

ҚАРЛЫ ХАНЫМ: Табиғат жылы киінсін – деп ойлаймын.

ГР: Көп тоқып қойдың ба? Ылғи ақ киімдерді тоқисың. Маужырап тұрған ағаштарға мамық тымақ тоқисың. Шыршаларға – қолғап тоқисың.

ҚАРЛЫ ХАНЫМ: Менің жіптерім жай емес, сиқырлы!

ЖҮРГІЗУШІ: Қарлы ханым бізге көмектесіп жіберші, біз Кощей патшалығына жол іздеп жүрміз. Онда Аяз Атамыз бар, ол бізге келмесе, Жаңа жыл өтпейді ғой.

ҚАРЛЫ ХАНЫМ: Несі бар, көмектесейін, сендерге онда ұзы-ы-ы-ын жіп иіріп беремін, сендер оны дөңгелек қып төгіп алыңдар. Ол сендерге Кощей патшалығына жол көрсетеді. Кәне, дөңгелегім айнала ғой, жібім иіріле берсін, ұзын болсын, жәй емес – күмістей болсын.

ҚАРЛЫ ХАНЫМ: Жіпті алыңдар да, жүгіріңдер, Жаңа жылға да аз уақыт қалды.

ЖҮРГІЗУШІ: Рахмет саған Қарлы ханым. Біз сенің жібіңнің артынан көңілді әнмен жүреміз.

                            3.  ӘН « Құтты болсын Жаңа жыл »

ЖҮРГІЗУШІ: Балалар, біз тағы да басқа жаққа келген сияқтымыз. Алдымыздан ергежейлер шығатын сияқты.

                                           4. БИ « Ергежейлер - Гномики » - Данияр, Руслан, Алимхан, Нурислам, Батырлан, Мадияр, Батырхан

 

 

МУЗЫКА лесовичку

                                     Орман атасы ШЫҒАДЫ.

Орман атасы: Мынау неткен балалар? Сендер қайдан келдіңдер, меннен неге қорықпайсыңдар? Ергежейлерімді жібердім ғой. Қорыққан жоқсыңдар ма?

ЖҮРГІЗУШІ: Сен бізді қорқытпашы, Орман атасы! Біз барлығымыз бірге болсақ әрине ештеңеден қорықпаймыз. Жалғыз болса қорқар едік. Сен оданша бізге көмектесші. 5 минутыңды бөліп, Кощей патшалығына жол көрсетші.

Орман атасы: Несі бар, көмектессем, көмектесейін! Өзімнің немерелерім – орман періштелерін шақырайын, кәне періштелерім шығыңдар, көмекке келіңдер!

 

                        5. БИ « Орман перизаттары – Лесные феи» - Аиша, Адия, К.Дария, Е.Айлин, Ақбота, Аяжан

 

Орман атасы: Сендер  көп жерлерде жүресіңдер, көпті көресіңдер, Кощейдің еліне жолды білесіңдер ме?

ГР: Білемін, оның патшалығы таудың арғы жағында, бір қапаста жатыр.

Орман атасы: Біз сендердің өжет екендеріңе көз жеткіздік. Сондықтан сендерге өзіміздің ошақтан бір шоқ берейік. Ол сендердің жолдарыңды жарық болады. Оң жаққа бұрылсаңдар - ән төгіледі, көкейлеріңнен. Сол жаққа бұрылсаңдар – ертегілер тіріледі.

ГР: Шоғымыз бізге жарқырап жол көрсетсінші. Ал біз бір көңілді ән айтып, жолға шығайық.

                                           6. Ән « Келді міне Жаңа жыл!»

 

(Свет – жарық өшіп қалады. Аязата, Мыстан кемпір, Кощей үшеуі музыкамен кіреді, Аязатаға дәрі су береді, ол ішеді де, ұйықтап қалады)

Мыстан кемпір мен Кощей тақта отырады. мыстан кемпір оның аяқ жағында шашын тарап отыр екен, әндетіп қояды. аяз ата ұйықтап жатыр.  )

МЫСТАН КЕМПІР: Неғып Кощей сен көңілсізсің, басың да салбырап кетіпті.

КОЩЕЙ: Кәртайдым мен, ажалым жақын екенін сезетін сияқтымын.

(МЫСТАН КЕМПІРДЕН АЙНАНЫ АЛЫП, СҰРАЙДЫ)

                 Айнам – жарығым қисаймай- қиқаймай айтшы, менің патшалығымда қандай жаңалықтар болып жатыр?

(АЙНА ҮНДЕМЕЙДІ)

                  Әдейі үндемей тұрсың ғой, иә! Маған әдейі істегенің бұл, білем!

МЫСТАН КЕМПІР: Жарайды Кеша, қамықпа, кел оданда биге салайық! Аяз Ата ұйықтап жатқанда бізге еш нәрсе бола қоймас. (Жарық - Свет жанады)

КОЩЕЙ: Өй, бұлар кімдер өзі? Сендер маған жолды қалай таптыңдар?

ГР:Біз балабақшадан келе жатқан балалармыз, Аяз Атамызды іздеп жүрміз.

КОЩЕЙ: Ә.. Мен оны өз патшалығыма алдап әкелгенмін. Ұйықтататын дәрі шөп беріп, жатқызып қойдым.

ГР: Қалай ұялмайсың! Сен мүмкін білмейтін шығарсың? Аяз Атасыз Жаңа жыл келмейді ғой. Балаларға сыйлықты кім береді?

КОЩЕЙ: Сендердің шыршаларыңды қайтемін? Оның еш пайдасы жоқ. Мен сендерге Атаны бермеймін!

ЖҮРГІЗУШІ: Балалар! Аяз атаға мейірімді сөздерді айтайықшы, тез оянсын! (БАЛАЛАР БІР-БІРДЕН СӨЗ АЙТУҒА БАРАДЫ, ОЛ ТҰРМАЙДЫ.)

Жүргізуші: балалар, кәне аққалаларға айтайық, би билесін, аязатамызға суық леп берсін!

 

                             7. Аққалалар биі – Рифат, Айсултан, Асанали, Ансар, Али, Рауан

 

АЯЗ АТА: (ОЯНАДЫ) Ойбой, қалай көп ұйықтап кеткенмін. Мерекені өткізіп ала жаздаппын ғой. Сәлеметсіңдер ме айналайындар! Рахмет сендерге сонау жерден мені іздеп келгендеріңе! Кощейді, Мыстан кемпірді қайда жібердіңдер?

Достар! Маған көмектесіп жіберіңдерші! Мына екеуіне КЕТІҢДЕР – деп айтайық!

(ЕКЕУІ ҚИРАЛАҢДАП КЕТЕДІ)

АЯЗ АТА: ДОСТАР! ЕРТЕГІНІҢ СОҢЫ ЫЛҒИ ДА жақсылықпен аяқталады, достық жеңсін барлық жерде!

АҚШАҚАР: Балалар! Бақшаға баратын кезде болды.

АЯЗ АТА: КӘНЕ АРТЫМНАН ЕРІҢДЕР ДОСТАРЫМ! (Круг жасайды, шеңберде тұрады)

АЯЗ АТА: Сәлеметсіңдер ме барша жұрт! Менде келдім сендерге. Жаңа жыл тек қана жақсылық, денсаулық, шаттық, қызыққа толы мол күндер әкелсін! Енді шыршамыздың жанында баршамыз ән айтып, би билейік!

ЖҮРГІЗУШІ: Аяз Ата! Шыршамыздың шамдары жанбай тұр ғой? Оның не сиқыры бар?

АЯЗ АТА: Бәріміз бірге қайталайық: «1,2,3 – шыршамыз жана түс!», сонда ғана Жаңа жылдық шамдар жанады.

БАЛАЛАР:  «1,2,3 – шыршамыз жана түс!»

ЖҮРГІЗУШІ: Сонымен ары қарай ән мен бимен мерекені жалғастырайық!

                          9.  Ә Н « Шырша жыры»

Ақшақар: Аташым! Сен бір ойын ойнатсаң қайтеді?

АЯЗ АТА:  Ойын аз емес қой! Балалар ойнағыларың келе ме?

                       10. ОЙЫН

АЯЗ АТА:  Дем алайыншы, тіпті ыстықтап кеттім!

                       Тақпақтар кетеді:

 

Аязата келді, та

Тамашаны көрді.

Риза болып қуанып,

Бізге сыйлық берді.

 

Мерекені көрдік,

Тақпақ айтып бердік.

Ойыншықтарын тізген,

Шыршаны біз көрдік.

 

Тауда туып, тауда өскен,

Шырша келді ортаға.

Бәоіміз бір дауыспен,

Дейік енді шыршаға!

                      Қуант бізді таңырқат,

                      Шамдарыңды жарқырат.

 

Әдемілеп біз ілген,

Ойыншықтар тізілген.

Қандай жақсы шыршамыз,

Ән шықрқайық баршамыз!

                        Енжарлықты тастайық,

                        Шырша тойын бастайық!

 

Жаңадан тақпақ,

Алдық біз жаттап.

Жаңа жыл келді,

Жаңа жыл аппақ.

Жаңа жыл әнді,

Жаңа жыл сәнді.

Тебеміз шана,

Тебеміз шаңғы.

Шыршаға бардық,

Ойынға қандақ.

Аязатадан,

Ойыншық алдық.

 

Қуантып бізді,

Жаңа жыл келді.

Үлкейді бізбен,

Бір жасқа енді.

 

Біз күтеміз мерекеде,

Ақшақар, Аязатаны.

Сыйлықпен бірге осында,

Береді бізге батаны.

 

Аязата келсе екен,

Бізге ойыншық берсе екен.

Тізесіне отырғызып,

Тілегімді орындаса екен.

 

АҚШАҚАР: Аташым, балалардың тақпақтарын тыңдадық. Енді олардың көптен күткен сыйлықтарын берсек қайтеді!

АЯЗ АТА: (таң қалып) Осы жерге қапшығымды қойып едім. Қайда кетті екен. Сыйлықтардың аяқтары шығып қашып кетті ме не?Орман үлкен ғой, мен барып іздеп келейін.

(КЕТЕЙІН ДЕП ЖАТҚАНДА БІР ДАУЫС ШЫҒАДЫ)

АЯЗ АТА: Бұл кім мені шақырып жатқан, өзі келсін мұнда!

                        ҚАПШЫҚ КІРІП КЕЛЕДІ.

АЯЗ АТА: Мәссаған, қапшықтың да рас аяғы шығып кетіп калыпты ғой? Сен қайда болдың?

ҚАПШЫҚ: ЖӘЙ, САЯХАТТАП ЖҮРІП ЕДІМ....

АЯЗ АТА:  Сен қойған жерде тұруың керек қой! Не менімен бірге жүруің керек.

ҚАПШЫҚ: Жаңа жылда бәрі керісінше болады екен ғой, сиқырлы нәрселер көп болады екен.

                   ( Қашып бара жатқанда, Аяз ата оны қуа жөнеледі.)

АЯЗ АТА: Тоқта, тоқта! Ешқайда кетпе!

ҚАПШЫҚ: Мен жәй қапшық емеспін енді, сиқырлы қапшықпын.

АЯЗ АТА: Ал ендеше шыр айналшы! Балаларға көрінші жақсылап!

(ҚАПШЫҚ ҚАШЫП КЕТЕДІ, АЯЗ АТА ОНЫ ҚУЫП ЖЕТІП, СЫЙЛЫҚТАРМЕН ОРАЛАДЫ)

АҚШАҚАР: Ал енді, оны шешейік те, ішіндегі сыйлықтарын алайық

АЯЗ АТА: Балалар сыйлықтарыңды алыңдар, тәттіге тойып қаныңдар! Жаңа жылдарың құтты болсын, бақ-береке, шаттық әкелсін!