Размер шрифта:
↑Наверх
Телефон доверия
87182346974 басшы, 87053846158
email: pavlodar121@mail.ru, sad121@goo.edu.kz
Адрес: Ш.Құдайбердіұлы көшесі, 4
87182345889 вахта 87182346974 басшы 87182346991 бухгалтерия
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
сейсенбі сағат 10.00-12.00 бейсенбі сағат 16.00-18.00
Сөйлеуді дамытуға арналған саусақ жаттығуларының маңызы Т.Ж.Карагасекова

Балабақшада балалармен саусақ ойын жаттығуларын жүргізе отырып, оларды айналасындағы заттармен таныстырып, атын атай білуге, қасиеті мен сапасын, түр - түсін және пішінін ажырата білуге, өмірдегі, қоршаған ортадағы түрлі құбылыстар жайындағы ұғым, түсініктерін дамыта отырып, белсенді түрде тілдік қарым- қатынас жасай білуге үйретіледі.

Саусақ ойындарын ойнай отырып, балалар қоршаған ортадағы заттар мен құбылыстарды, жан-жануарларды, құстарды және ағаштарды бейнелей алады. Саусақтарының қозғалыс – қимылына қарап бала қуанады, шаттанады, сөзді айтуға тырысады және өлеңдегі үйренген сөз шумақтарын қайталап айта отырып, есіне сақтайтын болады. Сонымен қатар балалар екі қолын қимылдата отырып, оң, сол, жоғары, төмен т.б. түсініктерді бағдарлай алуды үйренеді. Қарапайым саусақ жаттығуларын жасауда өлеңмен, тақпақпен ұйқастырылған түрлерін сабақтарда, серуенде, күн тәртібі кезеңдерінде, ояну кезінде пайдаланамын.

Саусақ ойындарын жүргізу арқылы балалардың саусақтарының  қимылдары мен бұлшық еттерінің жетілуімен бірге, олардың сөйлеу тілі мен ойлау қабілеттері, ән ырғағымен айту мен жазу шеберлігін ойдағыдай меңгерту үшін:

саусақ ойыны - саусақтардың көмегімен өлең-тақпақ шумағын сахналауға;

сергіту, ертеңгілік жаттығуларға арналған өлең шумақтары қолданған саусақ  жаттығулары берілген.

Мақсаты: сөйлеуді дамытуға арналған саусақ жаттығулары арқылы балалардың сөйлеу тілін дамыту.

Міндеттері:

Қол мен көздің үйлесімділігін және дәлдігін жетілдіру, қолдың икемділігін, ырғағын дамыту

Қолдың бұлшық еттері мен саусақтарының ұсақ моторикасын дамыту

Тілдік функциясының дамуына көмектесу

Әр түрлі заттарды қолданғанда қолдың ұсақ моторикасы мен икемділігін жаттықтыру

Құрбыларымен және үлкендермен қарым-қатынаста эмоционалдық жайлы жағдай жасау

Балалардың ұсақ моторикасының дамуына ата – аналармен қарым-қатынаста жұмыс жасау.

Өзектілігі: Балалардың ұсақ моторикасын дамыту қазіргі заманда ең өзекті мәселе болып табылады. Балалардың психикасы мен бас миының іс-әрекетін зерттеген кезде ғалымдар оларға қол функцияларының үлкен ықпал тигізетінін атап өтті. Баланың қалай дамып келе жатқанын көрсететін, оның зияттық қабілетін айғақтайтын дәл осы ұсақ қол моторикасы екені белгілі. Өкінішке орай, практика көрсеткіші бойынша, қазіргі заманғы балалардың жалпы моторикасы және тіл дамуының жетілуі төмен деңгейде, ол көбінесе кіші жас балаларда байқалады. Қол моторикасы жетілмеген балалар өзі-өзіне қызмет көрсету іс-әрекеттерін епсіз орындайды.

ҰОӘ де (сурет салу, жапсыру, мүсіндеу, құрастыру) басқа балаларға ілесе алмайды. Осы себеппен, өзіне деген сенімі, өзін бағалауы, эмоционалдық көңіл-күйі төмендейді.

Моторика деген не?

Бала дамуына қандай әсер тигізеді?

Ата – аналарға бұл мәселеде қандай көмек көрсетуге болады?

Аталған сұрақтардың жауабын табу осы тақырыппен жұмыс жасауға, мәселені шешуге мені жетелеп әкелді.

Күтілетін нәтиже: саусақ ойындары қолдың ұсақ моторикасын жетілдіреді, түрлі көзқарастарға ой-пікірлері дамиды, саусақ жаттығуларын жасау барысында сөйлеу тілі, есте сақтау қабілеті, сөздік қоры дамиды.

Ұсақ моториканы дамыту жұмыстарын ерте сәбилік шақтан бастаған дұрыс. Омыраудағы баланың өзіне саусақтағы бас миымен байланысқан

активті нүктелеріне әсер ете отырып массаж жасау керек. Ерте жаста және

мектепке дейінгі кіші жаста қарапайым жаттығуларды жасауда өлеңмен, тақпақпен ұйқастырылған жаттығуларды пайдалану ұсынылады. Сонымен қатар өзіне -өзі қызмет ету дағдысын қалыптастыру: тиегін өзі салып, өзі ағыту, бауын байлау, т.б. Ал ересек топтағы балалар үшін ұсақ моториканы дамыту және қолдың икемділігін арттыруға арналған жаттығулар мектепке дайындықтың яғни, жазу, сызуға үйренудің маңыздысы болып саналады.

Ұсақ моториканы дамытудың маңыздылығы неде? Адамның бас миында саусақ қимылына және сөйлеуге жауап беретін орталықтар өте жақын орналасқан. Ұсақ моторикаға әсер ете және оны белсендіре отырып, көрші орналасқан сөйлеуге жауап беретін орталықты да дамыта аламыз.

Педагогтар мен балалар психологының мақсаты- ата – аналарға ұсақ моториканы дамыту ойындарының маңыздылығын ұғындыру. Баланы қызықтыруда және жаңа хабарларды игеруіне көмектесуде үйретуді ойынмен алмастыру, алға қойған мақсатына жетуін, тапсырманы орындауда қиындыққа кездессе мойымауына үйрете отырып, аз мөлшердегі жетістіктерін де бағалап, мадақтап қоюды да ұмытпауы керек.Ұсақ моториканың қимылдары мен қолдың икемдігі бас миының құрылымының даму деңгейін көрсетеді. Осыдан келіп қол қимылдарын басқара білу туады. Сондықтан ешқашан да баланы мәжбүрлеуге болмайды.

Қазіргі кезде баулы ойыншықтардың көбейгенін немен түсіндіруге болады. Бұрын ата – аналарда мұндай ойыншықтар болған жоқ қой, сонда олар осындай қалыпты деңгейге қалай жетті? Бір түсінбейтін нәрсе, осының бәрі не үшін керек?

        Бүгінгі күнде балаларында жалпы моторлық артта қалушық байқалады,өйткені балабақшадағы балалардың ешбірінде баулы аяқ киім кездеспейді.Бау байлауды үйрету ата- анаға да, тәрбиешіге де қиындық туғызатын болса керек. Осыдан 20 жыл бұрын ата- аналарға, олармен қоса олардың балаларына  көп нәрсені қолмен жасауға тура келді: кір жуу, тоқу, тігу т.б. Ал қазіргі кезде осының бәрін жасайтын машина.

Жалпы моториканың дамуының аздығын, соның ішінде қол қимылының аздық себебін зерттей келе қазіргі заманғы барлық баланың жазуға дайын еместігі немесе тілінің дамуында бір ақау бар екендігі анықталды. Осыдан келе мынадай қорытынды шығаруға болады: егер тілінің дамуында ақау болса, онда бұл ұсақ моториканың мәселесі.

Тіпті баланың сөйлеу тілі қалыпты болған жағдайда бұл қолын басқаруы қалыпты деген сөз емес. Егер 4 - 5 жастағы балада бау байлау қиындық келтірсе, ал, ермексаздан тек шар мен ұзынша жабыстырылса, және 6 жаста тиек тігу- орындалмас және қауіпті іс болса, онда сіздің балаңыз кінәлі емес.

Өкінішке орай  көп ата- ана қолдың икемі мен ұсақ моториканың даму деңгейінің төмендігін тек мектепке барарда  ғана байқайды. Бұл балаға өте ауыр жүк. Жаңа хабарларды қабылдаумен қатар, икемге келмейтін саусақтарымен  қарандашпен жазып үйренуі керек.

Кішкентай ғана сәбидің қалайтыны қозғалу, қозғалыс- әлемді танудың мүмкіндігі. Яғни, бала қозғалысының дәл және нақты болса, оның әлемді ақылмен тануы да терең бола түспек.  

          Егер сіз бірінші сынып оқушысында жазуда қиындық болмасын десеңіз немесе 3 жастағы баланың тілінің дамуында ақау болмасын десеңіз дамыту ойын – жаттығуларын бала туылған соң екі айдан кейін бастаңыз. Ұсақ моториканы дамыту әдістемесі мұндай жағдайда өте тиімді. Омыраудағы баланың саусақтарын уқалауға болады, жас жарымдағы баламен  саусақ ойындарын бастауға болады.

Саусақ ойыны - бұл ұрпақтан-ұрпаққа жалғасын тауып келе жатқан, әрі үлкен мәні бар мәдени шығармашылық.Саусақ ойыны-саусақтардың көмегімен қандай да болмасын ертегіні немесе өлең-тақпақ шумағын сахналау болып табылады. Саусақ ойыны арқылы баланың сөйлеуге деген талпынысы, қабілеті дамып, ынтасы артады және шығармашылық әрекетіне жол ашады. Саусақ ойынын ойнай отырып, балалар қоршаған ортадағы заттар мен құбылыстарды, жан-жануарларды, құстарды және ағаштарды бейнелей алады. Саусақтарының қозғалыс- қимылына қарап бала қуанады, шаттанады, сөзді айтуға тырысады және өлеңдегі үйренген сөз шумақтарын қайталап айта отырып, есінде сақтайтын болады. Сонымен қатар балалар екі қолын қимылдата отырып, оң, сол, жоғары, төмен т.б. түсініктерді бағдарлай алуды үйренеді. Сөйлеу тілі мүшелері әрекетінің қозғалуларының дамуы қол саусақтарының нәзік қимылдарының дамуымен тығыз байланыста болғандықтан, бала қолының ептілігін толық жетілдіру, түзету- тәрбие жұмысын жүйелі жүргізуді қалайды. Саусақ ойынын балабақшада және үй жағдайында әсерлі, көңілді түрде ұйымдастыруға болады. Алдымен балаларға саусақ ойыны түсіндіріледі, әр қимылы көрсетіледі. Балалар осындай саусақ ойынын ойнай отырып, өлең шумағын қызыға айтады.

          Саусақ гимнастикасын күн сайын 3-5 минуттан жеке және топпен өткізуге болады.Егер бала қимылдарды өз бетімен орындауда қиналса онда ол жаттығуды жеке сабаққа қалдырып,пысықтауға болады.Жаттығу нәтижесінде бала саусақ қимылдарын өз бетімен және жеңіл орындайды.Ойын қимылдары әрдайым қызықты да,тартымды болуы шарт,баланы мезі қылмауы керек.

Саусақ ойынын балабақшада және үй жағдайында әсерлі, көңілді түрде ұйымдастыруға болады. Алдымен балаларға саусақ ойыны түсіндіріледі, әр қимылы көрсетіледі.

          Мысалы, «Саусақтар сәлемдеседі» ойынын алайық, мұнда бас бармақ ұшы әр саусақтың ұшымен кезекпен түйіседі.

«Адамдар келеді»

Оң қолдың сұқ саусағы мен ортаңғы саусақтарын жүгірген тәрізді етіп қимылдатады. Сонымен бірге халық арасында кеңінен тарап жүрген «Қуырмаш» ойынын саусақтардың нәзік қимылын жетілдіруге бағытталған.

          Балалар осындай саусақ ойынын ойнай отырып, өлең шумағын қызыға айтады,

Мысалы, «Моншақ»

Қызыл - сары, көк моншақ,

Мен жасаймын көп моншақ.

          Мұнда қатар екі қолдың бас бармағымен сұқ саусақтарының ұшын түйістіре отырып, моншақ тәрізді бейнелейді, әрі оларды тізбектеп қатарға тізе бастайды. Қимылмен моншақ пішінін жасайды. Екі қолмен қатар жасай отырып, саусақтарды тізбектейді. Сонымен қатар қол саусақтары қимылын жетілдіру үшін ұсақ таяқшалардан, жемістердің дәндерінен, түймелерден әртүрлі бейнелерді тізбектеп жасау балалар үшін өте қызықты әрекет, әрі қол бұлшық етін дамытуға үлкен көмегін тигізеді.

            Саусақ ойындарын жүргізу арқылы балалардың саусақтарының нәзік қимылдарымен бұлшық еттерінің жетілуімен бірге, олардың сөйлеу тілі мен ойлау қабілеттері дамитын болады және кейін жазу шеберлігін ойдағыдай меңгеруіне дайындайды. Төмендегі көрсетіліп отырған саусақ ойындарын балалар ақындарының өлең-тақпақтарымен байланыстырып, ұсынуға болады.

          Саусақтардың ұсақ қимылдарын қалыптастыруға арналған жұмыс нәтижесі тиімді болу үшін әр түрлі әдіс-тәсілдер қолдану қажет. Шығармашылық процестен, өз туындысынан ләззат алып, әр жұмысты, әр істі қызығушылықпен орындауға болатынын үйретемін.

Келешекте де өткізген жұмыс нәтижесінің жемісті болу үшін жаңа әдіс-тәсілдерді іздестіріп қолдануды жалғастырамын.

Осыған орай жұмыс істейтін кіші тобымда мүмкіншілікке қарай балалардың ұсақ қол моторикасын дамытуға арналған орта жасалды. Дамытушылық дидактикалық бұрышы ұйымдастырылды.

 

 

Әдебиеттер:

 

1. «Отбасы және балабақша»   2002 ж  №5.   (6-8 бет)

2. «Логопедия» Е.Н.Краузе     (30-38 бет)

3. «Дошкольное воспитание» 2003 ж. №1 (50 бет)

4. «Дошкольное воспитание»  2000 ж. №11 (49 бет)

5. «Отбасы және балабақша»  2000 ж. №5 (15 бет)

6. «Отбасы және балабақша»  2010 ж. №5 (12 бет)

7. Калмыкова Е.В . Бастауыш мектептегі ойын технологиясы арқылы оқыту.  Алматы, 2007.

8. Қарапаев С. Музыка сабағын шығармашылық тапсырмалар арқылы оқытуда ойын элементтерін пайдалану //Бастауыш мектеп. - №1. -  2010 – (9бет)

9. Қордабаева А. Ойындардың тиімділігі // Ұлағат. - №7. – 2005ж –(3 бет)

10. Оңғарова А. Ойын технологиясының элементтерін қолдану тиімділігі Қазақстан мектебі. - №12, 2009ж – (11бет)

11.Ахметова Р.М. Бала тілін дамытуда ойын технологиясын пайдаланудың теориялық негіздері. Отбасы және балабақша - №1 – 2012ж-( 5 бет)