Размер шрифта:
↑Наверх
Сенім телефоны
87182346974 басшы, 87053846158
email: pavlodar121@mail.ru, sad121@goo.edu.kz
Мекенжайы: Ш.Құдайбердіұлы көшесі, 4
87182345889 вахта 87182346974 басшы 87182346991 бухгалтерия
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
сейсенбі сағат 10.00-12.00 бейсенбі сағат 16.00-18.00
«Қош келдің, Жаңа жыл! » атты кеші

Қатысушылар: жүргізуші, Аяз Ата, ақшақар, жалмауыз кемпір, клоун, балалар, сиыр жылы, ескі тышқан жылы.

 

Сценарий барысы: музыка ойнап тұрады.

Жүргізуші: Тезірек, тездетіп мында жиналыңдар,

Басталады Жаңа жылдық карнавал.

Маска да бар, би де бар, асығыңдар,

Шарша жанында қонақтарды қарсы алындар.

Аяз ата шақырғанның бірі дағы қалмайды,

Басталады, басталады Жаңа жылдық карнавал!

Карнавалдың иелерін қарсы алайық! (қол шапалақтау, балаларекі-екіден залға кіреді)

 

Жүргізуші:
Барлық жандар бір білікке қосқан үн,
Бақытты боп бастады жыл дастанын.
Қуанышпен келді той деп жаңа жыл,
Құтты болсын жаңа бақыт достарым.
Армысыздар құрметті ата-аналар, оқушылар, ұстаздар, қонақтар! Жаңа жыл мерекесіне арналған «Қош келдің, Жаңа жыл» атты кешімізді бастауға рұқсат етіңіздер.Сендер бүгін сәнді киініп, әдемі болып кетіпсіңдер. Мына жерде сүйікті ертегілеріміздердің кейіпкерлері, джунглидің барлық аңдары да жетіпті. Ал бүгін балалар қандай мереке?

- Жаңа жыл!!

 

Жаңа күнде ән қылып,
Тек жүрмеңіз сән құрып.
Көңілдердей қартаймай,
Шырша тұрар мәңгілік.
Ал енді барлығымыз шыршаны айналып «Шырша» жырын айтайық.

 

                                          Хоровод « Шырша жыры»

Жүргізуші:Балалар, ортамыздағы әсем не?

  • Шырша!

Шыршамыз қандай әдемі! Ойыншықтары неткен көп. Ал кім бізге шыршаға арналған өлендерін айтып берер екен?

 

Ақ қар жапты даланы,
Ақ жамылды айнала.
Жарқыратып шамдарын,
Шырша келді ортаға.

Нұрландырып маңайды
Шырша шамы жағылсын!
Жаңа жылдың құрметіне
Ақ тілектер ағылсын!

Жасыл шырша орманнан,
Бізге арнайы келіпті.
Ойыншығын балалар,
Шыршаға әсем іліпті.

 

Жүргізуші: Жарайсыңдар, қандай жақсы тақпақ! (шыршаның жанына жақындап келіп) Бәрекелді, қараңдар балалар, шыршаның астында бірдеңе тұр! Сыйлықтар! Сыйлық алу қандай тамаша» келіңдер, балалар, сыйлықты ашып көрейік. (көңілді муз. ойнайды, қорапты ашады, оның ішінен Клоун атып шығады)

Клоун: Амансыңдар ма, балалар! Иә, бұл менмін. Мені ораудан алып шыққандарың қандай жақсы болды! Ол жерде тар, әрі қап-қараңғы. Ал, мұнда сондай тамаша екен! Мен де сендермен жаңа жылды қарсы алайыншы, Сендермен бірге қызықты ойындар ойнайыншы!Бұл ойын Алдау ойыны Мен сендерді алдаймын,сендер қателеспей айтқан кезде өздеріңнің дене мүшелеріңді алданбай ұстап қалуларың керек. Алданған оқушы айыбын өтейді.

Мен мұрынды ұстадым!1,2,3 өзі құлағын ұстайды

-Мен басымды ұстадым 1,2,3 иығын ұстайды

Мен құлақты ұстадым1,2,3 бетін ұстайды

Мен құлақты жасырдым1,2,3 өзі қол соғады

Клоун: Балалар, алданғандар бар, мен оларды көріп тұрдым, кәне өздері шығып айыбын төлесін.

 

Оқушылар өлең, тақпақтар айтады.

 

Оралдың өлкеме
Жаңа жыл армысың!
Оранды ақ көрпе
Асқар тау, қарлы шың!

Тоғай да, баулар да,
Ақ күміс жамылды.
Дала да, таулар да
Өзіңді сағынды.

Аспан жерге төгеді,
Ақ күмісін уыстап,
Жаңа жылда келеді
Бізге қарай жылыстап.

Жаңа жылмен, жаңа жылмен,
Құттықтаймыз әрине.
Әкемізді, анамызды
Қонақтардың бәрін де!

 

 

Жүргізуші:

Балалар ортамызға бізбен бір жыл бірге болған тышқан жылын шақырайық. Ескі жыл қайдасың?
- Әне өзі де келе жатыр, бәріміз қосылып Хош келдіңіз делік.
Бәрі: Хош келдің ескі жыл.

Ескі жыл:
Мен ескі жылмын сіздерге молшылық ,бақыт әкелдім. Қарсы алыңдар сиыржылын.
Жүргізуші:
- Ескі жыл сен жаңа жылымыз келген ше бізбен бірге бол. Көңіл көтеріп, ән салып, би билейік.
Би билейік бұралып,
Қыздар тұр сұранып.
Мен де тұрмын құр қалып,
Шаттанайық қуанып.
                    Би «                         »

(Би биленеді)
Жүргізуші:
Әнші де құс үні бар,
Кірсең кештің сәні бар.
Салайықшы шарықтап.
Жаңа жылдың әніне
Ал ағайын тұрмайық
Жаңа жылды жырлайық.

                      Ән «  Келді міне Жаңа жыл »
(Ән айтылады)
Жүргізуші:
Қараңыздар мынау шыршаға. Неткен сұлу, неткен көрікті еді. Жаңа жылдық шыршамызға барлығы келіпті. Енді Аяз атамыз да келіп қалар. Қане барлығымыз Аяз ата, ақша қар, жаңа жылым кел деп шақырайық. Сонда біздің дауысымызды естіп тез келер.

(Ата-аналарымыз, көрермендеріміз де бар екен, енді, біздің жаңажылдық мерекемізге кім жетіспейді?)

Балалар: Аязата, Ақшақар.

 (деп 2 рет айтқанда, есік ашылады да, сыпырғышына мінген Жалмауыз кемпір жүгіріп кіреді.)

 

Жалмауыз кемпір: Ойбай түрлерін қара! Неге тамақтарыңды жыртып жатырсыңдар?!

 

Жүргізуші: Ал, сен неге амандаспайсың? Әдепті адам алдымен амандасып

алады дегенді білмейсің бе?

Жалмауыз кемпір: Білсем бұйырмасын!

 

Жүргізуші: Мұны тіпті мына бүлдіршіндеріміз біледі. Ал, сен сияқты үлкен адамға ескертудің өзі ұят. Сен не, оны білмейсің бе?

 

Жалмауыз кемпір: Оқыған жоқпын! Маған бір танысым – Орман перісі- балабақшадасондай қызықты болады, бір барып көрсең, көрсең ғой деп қоймапеді, ал, бардым .... Онда кешке дейін тақпақ-әндер, ойнадым, ұйықтадым,ішім пысты.

  • Балалар, Жалмауыз кемпір шын айтып тұр ма? Балабақшадакөңілсіз бе? Айтыңдаршы не үшінбалабақшаға барады?

Балалар қолдарын көтеріп:

- сауат ашу үшін

- жазу

- - санау

- кітап оқуды үйрену үшін

- сурет салу үшін

Жүргізуші: Дұрыс айтасыңдар, балалар. (Жалмауыз кемпірге қарап)

Түсіндің бе? Сен өзі қайдан шықтың? Біз Аязатаны шақырып едік қой?!

 

 

 

Жалмауыз кемпір: Ал, мені мерекеге неге шақырмайсыңдар?

Аязата сендерге бәрібір келмейді, өйткені мен ормандағы жол көрсететін белгіні алып тастадым, енді ол жол таба алмайды ха-ха-ха(деп секіреді)

 

Жүргізуші: неге олай еттің? Аязата, Ақшақарсыз қандай жаңа жыл келмек?

 

Жалмауыз кемпір: ә, бәлем, солай ма екен! Әйтпесе балабақша... оқу... жазу... Енді, сендерді мен оқытамын! Қазір денешынықтыру сабағы болады. Бүгінгі сабақта, біз бет-аузымызды қисаңдатып үйренеміз.(көңілді музыкамен «Айна» ойыны ойналады. Ойын ойналып болған соң)

Енді тест аламын, кім сараң екенін анықтаймын (іші ақшаға толған, жіпке байланған әмиянды лақтырып қалады, мәз болып, тырнақтарын қағады)

Жүргізуші: Тоқта, тоқта!

Жалмауыз кемпір: Жарайды, жарайды. (балаларға қарап: балалар шырша әдемі болып жану керек қой иә?)

Балалар: Иә!

Жалмауыз кемпір: Онда, кәне жағып жіберейік! (қолына сіріңкесін алып, жаға бастайды)

Жүргізуші: Жоқ! Жоқ! Мына Жалмауыз кемпірден құтыла алмадық қой!

(осы кезде боранның гуілдеген дыбысы естіледі. Жалмауыз кемпір тоңа бастайды да, біреулердің киімдерінің астына кіріп, ата-аналарға тығылып, соңында шыршаның астына тығыла бастайды)

Алыстан Аязатаның дауысы естіледі.


Барлығы: Аяз ата, ақша қар, жаңа жылым кел, кел!

Жүргізуші:
Сәлем саған аяз ата, жаңа жыл,
Жаңа бақыт, жаңа думан, жаңа жыр

Балалар, терезеге қарайықшы, боран далада соғатын сияқты, мүмкін Аязата келіп қалған шығар  (терезеге қараймыз, Аязата мен Ақшақарды көреміз, қол бұлғаймыз)

                        Аязата мен ақшақарға арнап «Жаңа жыл» әнін хороводпен салайық


жүргізуші Аязата шаршап келіпті, барлық жерді аралап, карантинге байланысты балабақшаларға, мектептерге кіре алмай жүр. Дегенмен ол сендердің сыйлықтарыңды бүгін үйге апарып қояды, үйге барған соң сыйлықтарыңды аласыңдар.

 

Жүргізуші:
Жаңа жыл жол болсын
Басқан қадам оң болсын
Төрлет, төрлет жаңа жыл
Бізге құтты жыл болсын.

 Сиыр жылы:
Жаңа жылда жаңа бақыт тыныштық,
Жаса, жаса достық бірлік туыстық.
Құттықтайық жаңа жылды өнермен,
Қуаныштың әр минуты тым ыстық.
(Ортадан ескі жыл шығады)

 

Тышқан :  Жасампаз заман бұл заман
Бүгіннен ертең ғаламат
Алдыңғы сапта боларсың
Хош сау болыңдар балалар! (Ескі жыл кетеді)

Жүргізуші: балалар, аязата мен Ақшақарға арнап тақпақтар айтайық, мен оларға бейнефильм түсіріп жіберемін.

(камераға түсіріледі)

 

Тақпақтар

Келді тағы жаңа жыл
Қуантумен біздерді!
Құтты болсын қуаныш,
Құттықтаймыз сіздерді!

Кел билейік сенімен,
Деймін тартып жеңінен
Еріп кетпе Ақшақар.
Адамдардың демімен

Қайда қызық болса думан.
Аяз - Ата сонда болды.
Күндіз үйде ойнап бізбен,
Балалармен бірге болды.

Аппақ тонға оранып,
Базарлықты мол алып.
Келді алыс сапардан,
Аяз ата оралып.

Мұздан моншақ тағынып,
Күміс қырау жамылып.
Ортада тұр Ақшақар,
Көптен күтіп сағынып.

Кел жаңа жыл біздерге,
Кел жаңа жыл, жаңа жыл.
Қызыл ала шапаны,
Сағындым Аязатаны.

Жаңа жылды қарсы алдың,
Мініп алып күймеге.
Мен де бүгін ән салдым,
Араластым биге де.

Ақ қырауға малынған
Сақалы да мұрты да.
Аяз ата сағынған,
Сәлем берді жұртына.

Жылдың әнін бастайын,
Аяз - Ата кеп қалды.
Майысады жас қайың,
Көтере алмай көп қарды.

 

 

Жүргізуші: Балалар, мына шыршамыз көңілсіз тұрған сияқты ғой. Кәне, сиқырлы сөздерімізбен оның шамдарын жарқыратайық!

Қуант, бізді таңырқат

Шамдарыңды жарқырат! (3 рет айту керек)

 

Жүргізуші: Балалар!Қандай әдемі, неткен сұлу шырша!

Мен білемін бір ойын:

Үйретейін сендерге

Мен бастаймын, ал, сендер

Аяқтаңдар ойынды.

Хормен жауап айтыңдар!

Қарға мүлгіп дала тұр,

Келе жатыр....

Балалар: Жаңа жыл!

Жүрг: Қызыл мұрын, ақ мұртты

Білсең атын тез ата,

Келеді бізге ....

Балалар: Аязата!

Жүрг: Шырша бүгін кәделі!

Сендер әрі ......

Балалар: Әдемі!

Жүрг: Көңілсіз бір бала жоқ,

Ойын- күлкі таралсын

Құтты болсын .....

Балалар: Жаңа жыл! (3 рет)

Жүрг: бәрекелді, тәтті сыйлықтарымыздыЖаңа жылға да беріп қояйық.

 

Жүргізуші: Ата-аналар, қонақтар!Жаңа жылға арналған мерекеміз аяқталды.Көріп тамашалағандарыңызға рахмет.Келе жатқан Жаңа- жылдарыңыз құтты болсын!