Телефон доверия
8(7182)533200
email: sad51@goo.edu.kz
Адрес: Академик Сәтбаев көшесі, 13
8(7182)533200 - басшы 530759 - әдіскер 653285 - бухгалтер 533092 - медбике
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
09.00-18.00. Түскі үзіліс/Обеденный перерыв -13.00-14.00
In a year
In a month
In a week
Yesterday
Әдістемелік жұмыс
Әдістемелік жұмыс

Патриотизм дегеніміз не?   «Отанды сүю отбасынан басталады» дегендей отансүйгіштік қасиетті қалыптастыруда отбасы тәрбиесінің маңызы зор. Баланың өзінің тіліне, діңіне, ұлтына деген сүйіспеншілік әкенің көзқарасымен, анасының сүтімен беріледі. Бала туғаннан өзінің тілінде әлдилеген  ән тыңдаса, тілі шыққаннан мақал-мәтелдер естіп өссе баланың патриоттық сезімі оянбағанда қайтеді. Әр дәуірдің тарихи кезеңдерінде Отансүйгіштікке тәрбиелеудің өзіндік мүдделері болады. Ол ең алдымен, «ұлтжандылық», «отансүйгіштік», «патриотизм» ұғымдары өмір сүріп заманның наным-сенімінен туындайды. «Қазақстандық патриотизм» ұғымы біздің тәуелсіздігімізбен қоса туған жаңа сөз болып, еліміздегі саяси-әлеуметтік ахуалдың ерекшелігін білдіреді.

     «Отансыз адам болмас, ормансыз бұлбұл болмас» деген халық нақылы тегіннен айтыла салмаған. Өйткені, Отан деген киелі ұғымды түсіну әр адамның туған жерінен, өз еліне деген сүйіспеншілігінен бастау алады. Отансүйгіштік пен патриотизм бір-бірімен егіз ұғымдар.Ұрпақ тәрбиесі қашаннан өз мәнін биік ұстайды. Сондықтан қай заман, қай қоғамда болсын адамзат баласы жас ұрпақ тәрбиесіне зор мән берген. Өркениет жолында алға ұмтылған  ұлт, ең алдымен, келешек ұрпаққа оқу-білім және тәрбие беру ісін дұрыс жолға қоюы тиіс.Ұлттың ғана емес, әр жанұяның бүгіні де, болашағы да тәрбиелі ұрпаққа байланысты.Толық жетіліп қалыптасқан ұлттың сана- қабілетінде, түсінік-талғамында, мінез-құлқында өзіне тән ерекшелік менталитеті болатынын ғылым дәлелдеген.

      Қазіргі таңда қоғамды қайта қалыптастыру кезеңінде халқымыздың ең үздік рухани дәстүрлеріне бет бұру қажеттілігі орын алып отыр. Олардың қатарына туыстық, Отан мәңгілік түбегелі ұғымдар жатады. Отансүйгіштік ұғымы жан-жақты. Мұнда басым орынды Отанға деген сүйіспеншілік алады. «Отан» ұғымына өмір сүру жағдайы кіреді, атап кеткенде аумақ, климат,табиғат, қоғамдық өмірдің ұйымдастырылуы, тіл және тұрмыс ерекшеліктері деген ұғымдардан құралады. Патриот болу-өзін Отанның ажырамас бөлігі ретінде сезіну. Осы күрделі сезім балалық шақта қоршаған орта әлеміне деген құндылығын бағалау негіздерін қалау арқылы қалыптасады.

     Балаларды отансүйгіштікке тәрбиелеу қоғамның қазіргі даму кезеңінде мектепке дейінгі білім беру мекемелерін Отанға деген сүйіспеншілік сезімін, Отанның тарихи-мәдениет рухани мұрасына тану қызығушылығын дамытуға міндеттейді. Өз тарихын білмеген, болашағы жоқ адам, дегендей, өз шығу тегін, халқының дәстүрін білмеген адамды отбасын, елін, халқын сүйетіндей, басқа халықтарды құрметтейтіндей тәрбиелеуге болмайды.

      Азаматтықты тәрбиелеу оның кіші еліне деген құрметтеуден басталады. Мектепке дейінгі жастағы бала отансүйгіштікке жолды туыстарға, айналасына, балабақшаға, қаласына деген сезімдері арқылы бастайды. Бүлдіршін өзін ел азаматы ретінде сезіну үшін айналасындағы жақсы үлгілерді көру керек. Осыған орай балабақшадан бастап мемлекеттік рәміздерге, халықтық салт-дәстүрлерге көзқарасы қалыптасады.

     Жастайынан  туған өлкесіне деген  сүйіспеншілік сезімі  адам есінде  өмір бойы қала береді. Патриоттық сезім ерте жастан адамға әсер ететін, ұзақ мақсатты түрде бағытталған тәрбиенің қорытындысы. «Патриотизм, — дейді ұлтымыздың батыры Б.Момышұлы, — Отанға, мемлекетке деген сүйіспеншілік, жеке адамның аман-саулығы, қоғамдық, мемлекеттік кауіпсіздікке тікелей байланыстылығын сезіну, өзінің мемлекетке тәуелді екенін мойындау, яғни патриотизм дегеніміз — мемлекет деген ұғымды, оның жеке адаммен барлық жағынан өткені мен бүгінгі куні және болашағымен қарым-қатынасын білдіреді».