Телефон доверия
8(7182)533200
email: sad51@goo.edu.kz
Адрес: Академик Сәтбаев көшесі, 13
8(7182)533200 - басшы 530759 - әдіскер 653285 - бухгалтер 533092 - медбике
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
09.00-18.00. Түскі үзіліс/Обеденный перерыв -13.00-14.00
In a year
In a month
In a week
Yesterday
Қазақ тіл мұғалімнің кеңесі
Қазақ тіл мұғалімнің кеңесі

Бала тілін ойын арқылы дамыту

Баланың өмірге қадам басқандағы алғашқы қимыл әрекеті – ойын, сондықтанда оның мәні ерекше. Жас баланың өмірді тану, еңбекке танысы, психологиялық ерекшеліктері осы ойын түрінде қалыптасады.

Балабақшаларда оқыту – тәрбиелеу жұмысында балалардың тілін дамыту, сөздік қорларын дамыту, сөздік қорларын молайту, ауызша сөйлеуге үйрете отырып, үйренген сөздерін күнделікті өмірде еркін қолдану, одан әрі күнделікті іс-әрекет кезіндегі тілдік қарым-қатынаста қолдана білуге жаттықтыру.

Оқу ісі-әрекетінде қолданатын ойын түрлері мынадай топтарға бөлінеді.

Ойын түрлері:

-       Ұлттық ойындар;

-       Сюжетті-рөлді ойындар;

-       Педагогикалық ойындар;

-       Дидактикалық ойындар;

-       Шығармашылық ойындар;

-       Қимылды ойындар;

Ойындарда күтілетін нәтижелер:

1.    Ойын – тәрбие құралы, ақыл-ойды, тілді ұштастырады, сөздік қорды молайтады, өзін қоршаған ортаны танып, мейірімділік сезімге тәрбиелейді.

2.    Еркін мінез – қасиеттерін бекітеді, адамгершілік сапаны жетілдіреді.

3.    Ұжымдық сезім әрекеттері өсе түседі.

4.    Эстетикалық тәрбие беру құралына айналады.

5.    Еңбек тәрбиесін беру мақсаттарын шешуге мүмкіндік береді.

6.    Дене күшінің жетілуіне көмектеседі.

Бір сөзбен айтқанда, ойын баланың жан-жақты дамуын көздейтін, оның тілін жаттықтыратын, қимыл-қозғалысын жетілдіретін, белсенділігін арттыратын, басқа адамдармен қарым-қатынасынреттеп, құрдастарымен ұйымшылдығын арттыруға негіз болып табылады. Ойын – бала үшін біліктіліктің қайнар көзі. Сондықтан жас өрендер ойнай отырып ойлай білсін.