Размер шрифта:
↑Наверх
Сенім телефоны
8(7182)533200
email: sad51@goo.edu.kz
Мекенжайы: Академик Сәтбаев көшесі, 13
8(7182)533200 - басшы 530759 - әдіскер 653285 - бухгалтер 533092 - медбике
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
09.00-18.00. Түскі үзіліс/Обеденный перерыв -13.00-14.00
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Емдәмбикенің кеңесі
Емдәмбикенің кеңесі

Бала тағамындағы сүттік және қышқылсүттік тағамдардың рөлі

Кез келген жастағы адамдар сүттік азықтарын қолданады. Олар менюді түрлендіреді және тағамдық құндылығы жоғары. Сүттің құрамында витаминдер, ақуыздар, майлар, көмірсулардар мен минералдар бар. Осы пайдалы заттардың арқасында ағза өзіне қажетті қуаттылықты алады, сонымен қатар олар ағзаның түйіршіктері мен тіннің құрауына қатысады.Сүттік тағамдарды әсіресе балалар пайдалану керек, өйткені олардың ағзалары жаңа ғана дамып келе жатыр. Кәне, растайық, бала тамақтануында сүттік тағамдардың рөлі қандай екен және бала ағзасына қай түрінде түседі екенін.

Сиырдың сүті

Сиыр сүтінде ақуыздың пайыздығы тек 3%-4% ғана және олар сарысулық ақуыздар (альбумин, глобулин) мен казеин түрінде шығады. Сарысулық ақуыздарда антибиотиктердің қасиеттері бар, осыдан олар ағзаны жұқпадан сақтайды. Сүттік ақуыздардың құрамында аминоқышқылдар бар, олар адамның ағзасына қажет.Олардың ішінде  ауыстыруға болмайтын 8 аминоқышқыл, олар өз бетімен құралмайды, ағзаға тағаммен түседі. Сиыр сүтіндегі май қуаттылықтың ең маңызды негізі, сонымен қатар түйіршіктерге құрылысты материал.Сүттің майының  құрамында майлы қышқылдары бар, және көбінесе қанықпаған майлы қышқылдар(линоленовая, линолевая және арахидоновая) – олар жүйке жүйесін құрастыруына қатысады. Сүт майының балқу температурасы адам ағзасы температурасынан төмен,  ішекке сұйық түрінде түседі, осыдан ағзамен жеңіл қортылады. 

Сүт құрамындағы жалғыз көмірсулардың түрі – лактоза, басқаша айтқанда сүттік қант (4,6% — 5,2%). Пайдалы микрофлораның дамуына жағдайды жасайтын лактоза, ауру тудыратын бактерияларға бөгет жасалады. Сүт қантының арқасында кальций да жеңіл сіңеді. Лактоза көмегімен сүттік қышқыл тағамдар жасалады.

Сиырдың сүтінде минералды тұздардан К, Nа, Р, Са, Мg, Сu, Fе, және Со тұздары бар. Олар бәрі адам ағзасына жеңіл сіңеді.

Сонымен қатар сиырдың сүтінде ағзаға қажетті барлық витаминдер бар:А, В, В12, В2, С, Е, РР, К ж.б.

1-3 жастағы баланың менюіне тәулікте  400-600 мл мөлшерімен сүт және сүттік қышқыл тағамдар кіру керек, оның ішінде сүттік көжесі мен ботқасы. Мектеп жасына дейінгі балаларға көлемін 800 мл дейін көбейту керек, 3-4 ретке бөліп. Балаларға майсыздандырылған сүтті бермеу керек, өйткені оның құрамында майлы қышқылдар мен майлыертілетін витаминдер аз, олар өсіп келе жатқан ағзаға өте қажет.

Бала тамақтануына сүтпен бірге қышқылтағамдарды еңгізу қажет:йогурттар, ірімшік, қаймақ, сүзбе. Қышқылтағамдарды жасау үшін сүтті арнайы іріткімен іріту керек. Ағзаға түсіп, сосын ішікке, қышқылтағамдардың микроағзалары В топ витаминдердің синтезіне қатысады.Барлық қышқылсүттік шараптар жеңіл қортылады, өте дәмді және күнделікті қолдануға ұсынылады.Қышқылсүттік тағамдардың тәуліктік дозасы 200-400 мл арасында, бұл ұсынылған сүт мөлшерінің жартысы.

Баланың рационындағы ауыстыруға болмайтыны – ірімшік. Бұл жеңіл қорытатын Са мен Р-дың ең басты негізі. Балаларға ірімшіктің майлылығы 5% - 11% аспаукерек. 1 жастан кіші балалар 40 г ірімшік жеу керек, 1-ден 7-ті жасқа дейінгі балалар күнсайын   40-50 г. Ұсынылған дозаны көбейтуге қажеті жоқ, өйткені бүйрекке салмақ түседі, артық Са мен Р-ды адамның ағзасы шығаруға мүмкіндігі келмейді.