Размер шрифта:
↑Наверх
Сенім телефоны
8(7182)21-07-34
email: sosh4@goo.edu.kz
Мекенжайы: Павлодар қаласы, Гагарин көшесі, 58 үй
Директор: 21-07-34 Қабылдау бөлмесі: 22-22-18 Бухгалтерия: 21-06-26 Вахта: 57-07-40
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сейсенбі, бейсенбі: 15:00-17:00;
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Жаңалықтар
"Мұғалімнің көшбасшылығы" кәсіби қалыптаса бастау күні.
28-11-2019 15:40
"К.Макпалеев атындағы ЖОББМ" бастауыш сыныптардың жарысы жалғасты. 5 күн-"Мұғалімнің көшбасшылығы" кәсіби қалыптаса бастау күні.Бұл күні өз кәсіби машықтарын жас мұғалімдер мен олардың тәлімгерлері көрсетті.Педагогтар "Кәсіби дамудың инновациялық құралдары" постерді қорғау барысында өткізілетін менторлық қолдауын көрсетті.Жас педагогтар да өздерінің кейбір жетістіктерін көрсетіп, білім беруде болып жатқан өзгерістерге жаңа көзқарастарымен бөлісті.
Роботтехникадан қалалық  олимпиадада ІІІ орын.
Роботтехникадан қалалық олимпиадада ІІІ орын.
27-11-2019 16:45
27 қарашада №42 ЖОМ роботтехникадан олимпиада өтті.Біздің мектептен қатысқандар:Штрауб Рангольд(9а),Красилов Илия(7а), Шұбартаев Рамиль (7а),Нұриева карина (8а).Біздің команда Денис Михайлович Ильковтың жетекшілігімен ІІІ орынға ие болды. Жеңіспен құттықтаймыз!Шығармашылық табыс тілейміз!!!
"Smart Kids" жетістіктер көрмесінің тұсау кесері
27-11-2019 14:25
25 қарашада "К.Макпалеев атындағы ЖОББМ" "Әр оқушыда қабілеттер бар, тек мүмкіндік керек" ұранымен бастауыш сыныптар онкүндігінің 2 күні өтті. Бұл күні "Бақытты бала" атты шығармашылық жұмыстарының стенд қорғауы,"Smart Kids" жетістіктер көрмесінің тұсау кесері, Альфа ұрпақтары қабілет пен машық көрмесі ұйымдастырылды.
"К.Макпалеев атындағы ЖОББМ" бастауыш сынып онкүндігі басталды.
27-11-2019 14:20
22 қарашада "К.Макпалеев атындағы ЖОББМ" бастауыш сынып онкүндігі басталды.Биыл онкүндік жаңа форматта "Жаңа мектептің мұғалімі:еститін,ойлайтын, рефлексиялайтын,жобалайтын ұранымен өтеді.Бұл жобаның негізгі мақсаты:мұғалімнің мәртебесін арттыру,жаңа тәжірибесін анықтау, мұғалімдер мен оқушыларды өздігінен шығармашылық жұмысқа тарту,білім беру мен білім алудың мотивациясын арттыру.
"Жергілікті өзін-өзі басқаруына тарту арқылы жастардың әлеуметтік белсенділілігін арттыру" жобасын жүзеге асыру аясында волейболдан турнирде 1 орын.
22-11-2019 18:03
"Жергілікті өзін-өзі басқаруына тарту арқылы жастардың әлеуметтік белсенділілігін арттыру"жобасын жүзеге асыру аясында біздің мектеп базасында волейболдан турнир өтті. павлодар қаласы "К.Макпалеев атындағы ЖОМ"-нің оқушылар командасы 1 орынға ие болды.
Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің күніне арналған  шахматтан жарыстар.
Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің күніне арналған шахматтан жарыстар.
22-11-2019 17:20
Бүгін Павлодар қаласы №17 ЖОББМ Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президент күніне арналған ата-аналар қауымы арасында жарыс өтті. Ивлев Петр 1 орын алды. Құттықтаймыз!!! Мектеп әкімшілігі атынан мектеп үшін қатысқанына алғыс білдіреміз!
"Майра Шамсутдинова атындағы ән шығармашылығы мұражай-үйіне" экскурсия.
22-11-2019 17:10
22 қарашада 6А сынып оқушылары "Майра Шамсутдинова атындағы ән шығармашылығы мұражай-үйіне" экскурсияға барды.Тірі кезінде -ақ оның аты дастанға айналды,өзінің сыңғырлаған дауысымен Майра 20 ғасырдың басында Павлодар,Семейде ең сүйікті әншісіне айналды.
"Абай бол: мұз жұқа"
22-11-2019 16:56
Бүгін 22 қарашада мектепте 5 сынып оқушылары үшін ТЖД маманы В.В.Хазанов "Абай бол: мұз жұқа" тақырыбына дәріс өткізді. Балалар мұздағы қауіптер туралы көп білді.
Кітап үйіне есік ашық.
Кітап үйіне есік ашық.
21-11-2019 15:23
Кітап үйіне есік ашық.Кітапхананың жаңа оқырмандары 1 сынып оқушылары болды.
"Familyday" отбасылық жоба.
21-11-2019 14:21
Облыстық "Familyday" отбасылық жобаға 1-4 сынып оқушылары қатысты. Олардың арасында "Дұрыс тамақтану" тақырыбына балалар суреті мен қолөнер бұйымдары конкурсы өткізілді. ең жақсы суреттер стендке ілінді.
Джиу Джитсудан облыстық чемпионатта 1 орын.
Джиу Джитсудан облыстық чемпионатта 1 орын.
21-11-2019 14:10
2019 жылғы 16-17 қарашада Джиу Джитсудан облыстық чемпионат өтті, 5Д сынып оқушысы Эммануилиди Давид 1 орынға ие болды.
"Бірінші сыныпқа салтанатты қабылдау"
21-11-2019 13:16
16 қарашада біздің мектепте "Бірінші сыныпқа салтанатты қабылдау" мерекесі өтті.4 сынып оқушылары сынып жетекшілерімен қызық бағдарлама дайындап өткізді. Бірінші сынып оқушыларына қонаққа Незнайка мен Белоснежка өз достарымен келді. 1 Сынып оқушылары жатқа тақпақ айтып,ән салды. Мерекенің соңында гномдар 1 сынып оқушыларына сыйлықтар берді. Барлық балаға мереке ұнады.
"Менің Туым,менің Отаным!"
13-11-2019 14:18
"Менің Туым,менің Отаным!" акциясы шеңберінде мектепте 2-6 сынып оқушылары үшін сапқа тұру өтті. Тудың тарихы туралы тарих мұғалімі Н.М.Мұратова әңгімеледі.Әр оқушының қолында көгілдір ту болды. Салтанатты сапқа тұрудың соңында "Атамекен" әні орындалды.
"Қазақстан раушандары" республикалық сайыста І орын.
13-11-2019 13:18
4 "Д" сынып оқушысы Даудова Алина "Қазақстан раушандары" республикалық сайысында І орынға ие болды. Оқушымызды мақтан етеміз,құттықтаймыз,жаңа жеңіс тілейміз!
"Өзін-өзі тану" адамгершілік-рухани білім беру бағдарламасы негізінде тәрбиелік және оқыту жүйесінің қызмет етуі"
13-11-2019 11:18
2019 жылғы 10 қазанда дарынды балаларға арналған "Білім-инновация" лицей-мектебінің базасында директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Ғ.А.Сүлейменова әдістемелік семинар-мәжілісіне қатысып,тәжірибесімен бөлісті.
МЕКЕН-ЖАЙ  ЖӨНІНДЕГІ АҢЫҚТАМА 2019 ЖЫЛДЫҢ 1 ҚАРАШАДАН БАСТАП ҚОЛДАНЫСТАН АЛЫНАДЫ
МЕКЕН-ЖАЙ ЖӨНІНДЕГІ АҢЫҚТАМА 2019 ЖЫЛДЫҢ 1 ҚАРАШАДАН БАСТАП ҚОЛДАНЫСТАН АЛЫНАДЫ
01-11-2019 19:36
  Қазақстанда 1 қарашадан бастап мекенжай анықтамасы жойылады және мемлекеттік қызметтер тізілімінен шығарылады. Бұл 1 қарашадан бастап мемлекеттік органдар, мектептер, медицина мекемелері, т....
Таланттар сайысы.
Таланттар сайысы.
01-11-2019 14:10
Бүгін мектепте 5Е және 5В сынып оқушылары арасында таланттар сайысы өтті.Әр қатысушысы өз талантын көрсетті.Барлық қатысушылар марапатталды.
Г.Потанин атындағы өлкетану-тарихи  мұражайына келесі экскурсия
Г.Потанин атындағы өлкетану-тарихи мұражайына келесі экскурсия
31-10-2019 12:07
7Г сынып оқушылары, сынып жетекшісі А.Ж.Никанбекова, Рухани Жаңғыру бағдарламасы аясында Г.Потанин атындағы облыстық өлкетану-тарихи мұражайына барды.
Г.Потанин атындағы өлкетану мұражайына экскурсия.
Г.Потанин атындағы өлкетану мұражайына экскурсия.
30-10-2019 13:04
28 қазанда К.Макпалеев атындағы ЖОББМ-нің 5Е сынып оқушылары Г.Потанин атындағы өлкетану мұражайына барды.
2-4 сынып оқушылары арасында
2-4 сынып оқушылары арасында "Бастау" қалалық математикалық турнирінің жүлдегері
28-10-2019 18:57
Бүгін 2-4 сынып оқушылары арасында "Бастау" қалалық математикалық турнирі өтті.Біздің мектеп оқушысы Ивлев Андрей(3А сынып,жетекшісі А.О.Молдагелдинова) осы сайыста 3 орынға ие болды.