Сенім телефоны
8(7182)21-07-34
email: sosh4@goo.edu.kz
Мекенжайы: Павлодар қаласы, Гагарин көшесі, 58 үй
Директор: 21-07-34 Қабылдау бөлмесі: 22-22-18 Бухгалтерия: 21-06-26 Вахта: 57-07-40
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сейсенбі, бейсенбі: 15:00-17:00;
За год
За месяц
За неделю
Вчера
1 сыныпқа құжаттар тізімі

1 сыныпқа құжаттар 2022 жылдың 1 сәуірінен 25 тамызына дейін қабылданадыҚабылдау күндері: Дүйсенбі - Жұма

Қабылдау уақыты: 9.00 - 18.00 (Түскі ас: 13.00 - 14.30)

1 сыныпқа құжаттар тізімі:

1) баланың ата-анасынан және өзге де заңды өкілдерінен өтініш;

2) баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі;

3) денсаулық жағдайы туралы анықтама (026/у-3 нысаны);

4) 3 x 4 көлеміндегі фото – 2 дана.

ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ МЕКТЕПТЕРІНЕ БІРІНШІ СЫНЫПҚА БАЛАЛАРДЫ ЭЛЕКТРОНДЫҚ ФОРМАТТА ҚАБЫЛДАУ БАСТАЛДЫ

Баланы бірінші сыныпқа тіркеу оңай бола бастады. Енді ата-аналар үйден шықпай-ақ бірінші сыныпқа балаларын онлайн түрде тіркей алады. Жаздың басталуымен «Mektep Pavlodar» цифрлық жобасы іскеқосылды. «Бұл жоба білім беру ұйымына 1 сыныпқа балаларды автоматтандырылған түрде тіркеу болып табылады. Енді ата-аналар өтінішті электронды түрде бере алады, білім беру ұйымына қабылдау үшін керекті құжаттарды беруді жүзеге асыра алады, білім беру ұйымын және сыныпты таңдауға және оқыту тілімен танысуға мүмкіндіктері бар. Өтінішті қарау нәтижесін ата-аналар ұялы телефонға жеткізілетін PUSH-хабарландыру арқылы біле алады», - деп баяндады Павлодар қаласының білім беру бөлімі.


Уақытты үнемдеу - электрондық жүйенің басты артықшылығы. Сонымен қатар цифрлық формат барлық іс-әрекеттердің ашықтығын қамтамасыз етеді. Әркім бірінші сыныпқа баласын өзіне ыңғайлы кез-келген уақытта, үйден немесе кеңседен компьютер, ноутбук, планшет немесе тіпті ұялы телефон арқылы тіркей алады.
«Қызмет көрсету мерзімі: өтініш пен құжаттар топтамасын қызмет берушіге тапсырған сәттен бастап бес жұмыс күні ішінде push-хабарландырукеледі. 1 сыныпқа қабылдау мерзімі: 1 маусымнан 30 тамызға дейін», - деп атап өтті Павлодар қаласының білім беру бөлімі.
Сонымен қатар балаларды бірінші сыныпқа қабылдау үшін төмендегідей құжаттар қажет:
1) ата-анасының бірінің (немесе өзге де заңды өкілдерінің) көрсетілетін қызметті алушының электрондық құжат нысанындағы өтініші;
2) баланың туу туралы куәлігінің электрондық көшірмесі;
3) денсаулық жағдайы туралы анықтаманың (форма 026/у-3) электрондық көшірмесі;
4) 3х4көлеміндегі цифрлық фотосурет;
5) психологиялық-медициналық-педагогикалық комиссия қорытындысының электрондық көшірмесі (қажет болған жағдайда).
Айта кететін жайт, бастауыш білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын мектептер білім беру ұйымдарының қызмет көрсету аумағында тұратын, ағымдағы күнтізбелік жылы алты жасқа толатын барлық балалардың бірінші сыныпқа қабылдануын қамтамасыз етеді.
Павлодар қаласы білім беру бөлімінің сайтында https://bilim-pavlodar.gov.kz/content/view/1/20706?lang=kz -«Бірінші сыныпқа қабылдау» қосындысы ашылған.