Сенім телефоны
+7 (7182)78-70-44
email: sosh19@goo.edu.kz
Мекенжайы: 140000, Камзин көшесі, 62/2
+7 (7182) 61‒52‒23
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Дүйсенбі - сағ. 16.00-18.00 Жұма - сағ. 16.00-18.00
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Все
«ЭКСПО - 2017» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КӨРМЕСІНЕ ҚАТЫСУ
15-06-2017 03:44
Аз қамтылған, көп балалы, жетім-балалар және ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балалар, оқу озаттары тарапынан Павлодар қаласы жалпы орта білім беру мектептерінің 2874 оқушы ағымдағы жылы Астана қаласына «ЭКСПО - 2017» Халықаралық көрмесіне жолдама алды. Көрмеге тегін кіру, теміржол шығындары, Астана қаласы бойынша экскурсия, ұлттық мұражайға бару, үш реттік тамақтану, жол нұсқаушы мен медбике қызметі ұсынылған толық тур шілде-тамыз айларына ұйымдастырылды. Сонымен бірге, мектептердің 4 - 11 сыны
ҚАЛА ӘКІМІНІҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ, РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ПӘН ОЛИМПИАДАЛАРЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ МЕН ЖҮЛДЕГЕРЛЕРІМЕН КЕЗДЕСУІ
31-05-2017 02:27
2017 жылғы 30 мамыр «Қоғамдық келісім» КММ-де Павлодар қалалық маслихаттың хатшысы Зәуреш Қуантайқызы Мұқашеваның 2016 - 2017 оқу жылының интеллектуалдық сайыстардың жеңімпаздары мен жүлдегерлерімен және жалпы орта білім беру мектептерінің мұғалімдерімен кездесуі өтті. «Сарыарқа жұлдыздары» мерекесінде оқу жылының ең лайықты оқушыларына құрмет көрсетілді. Марапаттау рәсіміне № 9, 14, 16, 19, 22, 25, 33, 34, 35, 36, 37, 38, 39, «Стикс» мектептерінен 35 оқушы, 30 мұғалім шақырылды.Кездесу барысынд
Мектепаралық волейбол лигасы
19-05-2017 10:45
2017 жылдың ақпан мамыр айларында Павлодар қаласының жалпы білім беретін орта мектептерінің 5-6 сынып оқушыларының мектепаралық волейбол лигасында ұлдар арасында ІІ орын алған №19 ЖОМ командасы марапатталды. Құттықтаймыз! Мерхат Қайырмағамбетұлы дайындаған командаға алғыс айтамыз!
Халықаралық "ПОНИ" сайысы
19-05-2017 05:46
№19 мектептің бастауыш сынып оқушылары халықаралық "Пони" сайысына қатысып 21 жүлделі орынға ие болды. Бір оқушымыз Шуктаева Адия абсолютті жеңімпаз атанып арнайы медальді иеленді. Құттықтаймыз!
"Үздік сындарлы сабақ" аймақтық сайысы
17-05-2017 08:40
"НЗМ" Педагогикалық шеберлік орталығы ұйымдастырған "Үздік сындарлы сабақ" аймақтық конкурсында жүлделі І орынға ие болған №19 мектептің информатика мұғалімі Серікбаев Алмас Сансызбайұлын құттықтаймыз!
ІХ ОБЛЫСТЫҚ ЗИЯТКЕРЛІК КОНКУРСЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ
16-05-2017 02:49
«Мәшһүр-Жүсіп: өмірдің философиялық мәні, ізденістері» атты ІХ облыстық зияткерлік конкурсының қорытындысы бойынша Павлодар қаласының № 19 ЖОМ-ің екі оқушысы жеңімпаз атанды. «Бас болып өнер білсең тіпті жақсы» атты ғылыми жоба қорғау бойынша І орынды екі оқушы иеленді, соның бірі 10-сынып оқушысы Жангирова Гүлзада, «Білімді зерек адам болам» - десең, Қара өзіңді басқаның айнасымен» атты бағытта І орынды 10-сынып оқушысы Кенесбай Меруерт иеленді. Гүлзада мен Меруерт 2017 жылғы сәуір айында өтк
"Республикалық жалпы ұлттық ата-аналар жиналысы"
15-05-2017 05:00
Республикалық жалпы ұлттық ата-аналар жиналысының аясында 2017 жылғы 12 мамыр күні Павлодар қаласының 19 жалпы білім беру мектебінде ата-аналармен жиналыс өткізілді. Мақсаты - ата-аналарды жаңартылған білім беру мазмұнын ендіру бойынша мемлекеттік білім беру саясатын талқылауға баулу. Сонымен бірге білім беру ұйымдарындағы басқарудың алқалы түріндегі қамқорлық кеңесінің жұмысын белсендету. Жиналыста мектептің қамқорлық кеңесінің жұмысын ұйымдастыру, демеушілік пен қайырымдылық, жаңа форматтағы Ұ
"Спорттағы жеңіс-қоржындағы жеміс"
05-05-2017 09:01
№19 ЖОМ-ің 9 сынып оқушысы Аюпов Нұрсұлтанды, кезекті жеңісімен қөұттықтаймыз! Шымкент қаласында "Муай тай" спорт түрінен өткен қала әкімінің кубогінде жүлделі І орын және кубоктің иегері атанды. Жарайсың Нұрсұлтан!
"Ұлы Отан соғысы" 72 жыл
05-05-2017 08:41
4 мамыр күні, ИнЕУ колледжінде Ұлы жеңістің 72 жылдығына орай арнайы іс-шара өтті. Мерекелік шараға колледж ұстаздары,студенттер Ұлттық гвардия сарбаздары және соғыс жылдары неміс лагерінде тұтқында болған Загайнова Екатерина Игнатьевна қатысты. Екатерина Игнатьевна соғыстың ауыртпалығы мен тұтқындағы аяусыздықтар жайлы баяндап берді. Колледж директоры Таженов Шалқарбай Әміржанұлы ҰОС-ы жайлы тың деректерімен бөлісті. Ұлттық гвардия офицерлері оқушыларға отаншылдық ,елді-жерді сүю жайлы ойлар
"Павлодарлық Ұлы Отан соғысы батырларының ерлігі-ел есінде"
02-05-2017 06:59
Бүгін 2 мамыр күні Кеңес одағының батыры, даңқты жерлесіміз Қанаш Камзиннің ескерткішінің алдында Ұлы жеңістің 72 жылдығына орай арнайы іс-шара өтті.
"Жаңа жұлдыз" Балалар мен жасөспірімдердің ІІ халықаралық фестиваль-сайысы...
02-05-2017 04:44
Астана қаласында өткен "Жаңа жұлдыз" Балалар мен жасөспірімдердің ІІ халықаралық фестиваль-сайысында жүлделі І және ІІ орынды иеленген №19 мектептің оқушысы Сейтбек Аяжанды жеңісімен құттықтаймыз!
Х қалалық "Мәшһүр-Жүсіп оқулары"
02-05-2017 04:37
Павлодар қаласының №19 жалпы білім беретін орта мектебінде дәстүрлі "Мәшһүр-Жүсіп оқулары" -өтті. Мектебіміздің 10 сынып оқушылары Жангірова Гүлзада мен Кеңесбай Меруерт бас жүлдені қанжығаларына майласа , 5 сынып оқушысы Көпеев Нұрлан І орынды қанағат тұтты. Құттықтаймыз!
10-СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ АРАСЫНДАҒЫ ПРЕЗИДЕНТТІК ОЛИМПИАДА
28-04-2017 04:48
Математика-жаратылыстану бағытының 4 пәні бойынша 10-сынып оқушыларының арасында Президенттік олипиаданың қалалық кезеңі 2017жылдың 25 сәуірінде № 43 орта жалпы білім беру мектебінде өткізілді. Олимпиаданың қалалық кезеңіне 43 оқушы қатысты. №19 мектептің 10 сынып оқушысы Қадылбек Гүлжан математика пәні бойынша ІІІ орынды жеңіп алды. Құттықтаймыз! Қалалық олимпиаданың жүлдегерлері мен жеңімаздарына білім бөлімінің мадақтамалары табысталып, олар математика, биология, физика, химия пәндері бойынш
"Балауса" балалар шығармашылығының байқауы
27-04-2017 09:43
ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай ұйымдастырған дәстүрлі "Балауса"балалар шығармашылығы байқауы өз мәресіне жетті. Жас жеткіншектерді өнер әлеміне жетелеу, оларды шығармашылық рухта тәрбиелеу мақсатында аталмыш байқау жылма-жыл өткізіліп келеді. Биыл қала мектептерінен қатысушылардың көбеюі қуантады. Олар өз шығармаларына Тәуелсіздік, Желтоқсан көтерілісі, спорт, туған жер және басқа тақырыптарды арқау еткен. №19 мектеп осы фестивальдің лауреаты атанып биіктерден көрінді.
"Қауіпсіз интернет" науқаны
25-04-2017 06:00
Мектебімізде 2017 жылғы 17 сәуір мен 24 сәуір аралығында "Қауіпсіз интернет" науқаны өткізілді. Науқан кезінде "Қауіпсіз интерне", "Интернет деген не?" сынып сағаттары, "Интернет желісінде қауіпсіздік негіздері" атты дөңгелек үстел өткізілді.
"Мектеп тазалығын сақтауда сенбіліктің орны зор"
24-04-2017 07:22
Жыл мезгілі ауысып шуағын төккен көктем мезгілі жеткенде қалада бүкілқалалық сенбіліктер ұйымдастырылып, қала қауымын еңбекке ортақтастыратыны баршамызға мәлім. Дәл осындай сенбілік біздің мектепте тұрақты түрде өткізіледі.Мұғалімдер, оқушылар екі қолға күрек ұстап, білек сыбана мектеп аумағын қоқыстан тазалап, жайқалған теректер өскен топырақты қопсытуды әдетке айналдырып жүр. «Еңбек түбі-береке», «Еңбек етсең емерсің» деген мақалды жадынан шығармайтын №19 мектептің ұжымы осы атаулы шараларға қ
"Ұстаз ұлағатты есім"
19-04-2017 04:44
Жақсы мұғалім мектепке жан кіргізеді демекші, бүгінде мұғалімдерге қойылатын талап жоғары. Кәсіби шыңдалуы мен қатар білімі де жоғары болу керегі шарт. №19 мектептің ұстаздары ХІІІ қалалық мұғалімдер олимпиадасында жүлдеге ілігіп мектеп мерейін бір асқақтатып тастады. ІІІ орын алған Марат Байдолда мен Кокишева Дария мұғалімді, ІІ орын алған Бигүл Қазтайқызын құттықтаймыз!
ПЕДАГОГ ЖЕТІСТІКТЕРІНІҢ БАЙҚАУЫ
18-04-2017 04:49
2017 жылдың 14 сәуірінде Павлодар қаласының әдістемелік кабинеті «Үздік педагог» республикалық конкурсының қалалық кезеңін өткізді. Конкурстың негізгі мақсаты мен міндеттері – балаларды оқыту мен тәрбиелеуде мүмкіндіктерді жетілдіре отырып дамыту, дәстүрлі емес педагогикалық идеяларды іздестіретін, кәсіби қызметте жоғары жетістіктері бар педагог кәсібінің мәртебесін арттыру және ынталандыру. Конкурсқа 20 педагог қатысты, оның ішінде мектепке дейінгі тәрбиеші және 14 мектептің 19 мұғалімі. Сарап
"БИІКТЕРГЕ БІРГЕ"
14-04-2017 11:31
"Менің елім" Самұрық қазына АҚ ұйымдастыруымен өткен үздік спорттық жоба сайысында арнайы Сертификатты жеңіп алған №19 ЖОМ ұжымын құттықтаймыз! Павлодар облысы білім беру ұйымдарының арасында өткен осы жобаға қаламыздың 44 мектебі қатысып 20 мектеп жеңімпаз болып танылды.
"Махамбет оқулары"
12-04-2017 03:33
Павлодар қаласында мектеп оқушыларының "Махамбет оқулары" өз мәресіне жетті. №19 мектептің оқушысы Бауыржанқызы Жаннель жүлделі ІІ орынға ие болды. Құттықтаймыз!