Павлодар облысы бойынша таэквандоның ашық чемпионатынан "#21ЖОМ" ММ-нің оқушысы Базарбаев Рауан массонги (жұптасу) және хъенги бағдарламасынан 1-орынға ие болды. Құттықтаймыз! Жарайсың!
Желтоқсанда балалар, жасөспірімдер арасында Әскери қоян-қолтық ұрыс жарысы өтті. 2 "В" сынып оқушысы Мазеин Дмитрий 8-9 жас аралығындағы 38 кг дейінгі салмақтан 2-орынға ие болды. Міне, біздің ТӘУЕЛСІЗ МЕМЛЕКЕТІМІЗДІҢ болашақ қорғаушылары.
14.12.2019 ж. "#21ЖОМ" ММ-де Қазақстан Республикасы Тәуелсіздік күніне арналған мұғалімдер арасында волейболдан облыстық жарыс өтті. Мұғалімдеріміздің командасы 3-орынға ие болды. Жарыстың ең үздік ойыншысы "#21ЖОМ" ММ-нің мұғалімдері А.Н.Акишев және Р.Т.Абдалинов атанды. Құттықтаймыз! Жарайсыздар!
#21 ЖОМ-нің 5 "В" сынып оқушысы Хамит Ниязбек таланттар музыкалық шоуынан гран при ұтып алды. Құттықтаймыз! Жарайсың!!!
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздік күні мерекесі қарсаңында мектебіміздің стадионында шаңғы жолы ашылды. Оқушылар алғашқы сабақтарын алды және бәрі риза болды. Барлықтарыңызды шаңғы жолына шақырамыз!
13.12.2019 ж. "#21ЖОМ" ММ-де Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігі күніне арналған "Дарынды ұрпақ-ел болашағы" атты 1-сыныптарының патриоттық форумы өтті. Мақсаты - өз Отанына деген махаббат, Қазақстандық патриоттық, құрмет сезімін қалыптастыру, мақсатқа жете білу, белсенді болуға үйрету.
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздік күнін тойлауына орай "#21 ЖОМ-де" 2-сыныптар арасында футболдан жарыс өтті.1-орынды 2 "Д", 2"В"иеленді. 3-орынды 2 "Ж", 2 "Г" иеленді. Құттықтаймыз! Жарайсыңдар!
Бүгін №21 мектеп кітапханасында №3 балалар кітапханасымен бірлесіп 8 б оқушыларының қатысуымен қазақ поэтессасы Фариза Оңғарсынованың 80 жылдығына аранлған «Жыр падишасы Фариза» атты әдеби кеш өткізілді.
12.12.2019 жылы #21 ЖОМ-Нің 5 "Г" сынып оқушылары тарих пәні мұғалімі Ботагөз Бакыбаевна Кенжебаевамен 5-сынып оқушыларына Тәуелсіздік күніне арналған "Менің Отаным - Қазақстан" интеллектуалдық ойынын өткізді. 5 "Д" сыныптың "Патриот" командасы жеңімпаз атанды.
«Рухани жаңғыру» бағдарламасы және тарих, география апталығы аясында №21 ЖОМ тарих пәнінің мұғалімі Есмакаева Гульмира Болатовна 6-7 сыныптарға «Бабамның даналығы» атты интеграциялық сабақ өткізді: Мектеп кітапханашысы Шахманова А.Ж. және қазақ тілі пәнінің мұғалімі Шильдебаева З.А. «Тәуелсіздік шежіресі» атты қазақстандық ақын-жазушылардың әдебиет көрмесін оқушыларға ұсынды. 6 «Б» сынып оқушысы Серік Әліхан «Өлкетану» бағытында «Отбасылық бренд» жобасымен таныстырды.
3 "В" сыныбының оқушысы Заворина Злата қатысатын "Карамельки" би театры "Қазақстан Раушандары" балалар мен жас өспірімдер би шығармашылығы Халықаралық сайысына қатысты.
Біздің жетістіктеріміз:
ЛАВАККА биі 1-орын ДИПЛОМАНТ
Еуропалық поезд биі 2-орын ДИПЛОМАНТ
ТАРАНТЕЛЛА биі 3-орын ЛАУРЕАТ
1 «Д» сыныбында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған сурет байқауы өтті. «Тәуелсіздік ғасыры» атты сынып сағатында балалар өздерінің суреттері туралы айтып, осы мереке туралы білімдерін ортаға салды.
Мектебімізде Procter&Gamble компаниясының дәріскері Н.Белимова 7-сынып қыздарына салауатты өмір салты бойынша "Жеке тазалық - өзіне деген сенімділік" дәрісін өткізді.
Тарих және география мұғалімдерінің әдістемелік бірлестігінің онкүндігі аясында 9 және 11-сынып оқушылары мектептердегі оқушылар үшін ақпараттық минут өткізді. Олар әр мемлекет үшін Тәуелсіздік күнінің ерекшеліктері, тәуелсіз Қазақстанның маңызды даталары туралы әңгімеледі.
Бүгін #21 ЖОМ-де Халықаралық Стартап Академиясының өкілдері қонақта болды: басшысы Сапар Токсанов, жоба менеджері Рустам Кабден, стартап академиясының менеджері Асель Абдрахманова және Enactus капитаны Әділет Даутов. Олар стартап құрудың теориялық өкілдері, сын тұрғысынан ойлауды дамыту және топ құрау бойынша тренинг өткізді. Мектеп оқушылары тренинг барысында шыққан өздерінің стартап идеяларын көрсетті. Халықаралық стартап академиясының өкілдері 7 команданың белсенділігін анықтады және оларды с
#21 ЖОМ" КМ-нің оқушылары Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнін тойлау қарсаңына орай 2008ж.т. мен одан кіші оқушылар арасында гандболдан қалалық жарысқа қатысты.Тренер Т.А.Алексеенко. 3-орынға ие болды!Жарайсыздар! Құттықтаймыз!
#21ЖОМ-нің оқушылары Джаскайратова Даяна, Бутенко Владислав, Рахимова Айдана - оқушылар арасындағы Қалалық пән олимпиадасының жеңімпаздары.
#21ЖОМ-нің оқушылары қалалық пән олимпиадасының қатысушылары. Құттықтаймыз!!! Жарайсыңдар!!!
6 "В" сынып оқушылары өзін-өзі тану жобасы аясында 1-сынып оқушыларына арналған "Табиғат - баға жетпес сый" кітабын дайындады. Олар өздерін экологиялық бестіктер деп атады.
Кітап авторлары:
Балкоева Камила
Мусалинова Линара
Плюг Сергей
Соляник Ярослав
Стеблюков Максим
6-сынып оқушылары бұл кітапты өздерінің алғашқы ұстазы Германская Наталья Владимировнаның 1-сынып оқушыларына сый, құрмет ретінде дайындады. Өзін-өзі тану мұғалімі Кенесбаева Марина Куатбековна.
6-Халықаралық " Би бала" би сайысынан "Шабыт" би тобы 1-орынды иеленді!Жетекшісі Айсина Алия Яминовна. Құттықтаймыз!!!