![Құттықтаймыз!Жарайсыңдар!](/media/img/blogs/5dee24c200adc.jpg)
06.12.2019 ж. "#21 ЖОМ" КМ-нің оқушылары "ЖАС САРБАЗ" қысқы әскери спорт түрінің қалалық жарысына қатысты.Карташов Илья мен Дёмин Егор тартылудан 1-орынға ие болды.Құттықтаймыз!Жарайсыңдар!
![Құттықтаймыз!!!](/media/img/blogs/5de9f3f50abf7.jpeg)
21 ЖОМ-нің 10 "А" сынып оқушысы Куатова Дильназ С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің "Басқару және политолог" кафедрасы ұйымдастырған облыс және қала мектептерінің оқушыларына арналған "Мемлекеттік және жергілікті басқару" мамандығы олимпиадасынан 1-дәрежелі диплом және медаль алды.Тарих мұғалімі Есмакаева Гульмира Болатовна оқушылардың жоғары жетістіктері үшін Алғыс хатпен марапатталды.
![Ашық есік күні](/media/img/blogs/5de8eb10db2f7.jpg)
6-сынып оқушылары Назарбаев интеллектуалдық мектебіне барды.Танысу ашық есік күні аясында өтті.Балаларға шебер сабақтар,ғылыми тәжірибелер,ұлттық тарихи шаруашылық бұйымдары көрсетілді.Балалар мектепке, оның өміріне қызығып,ол жерге оқушы ретінде келеміз деген уәдемен кетті.
![](/media/img/blogs/5de8e9dbd841f.jpg)
5.12.2019 жылы 1 "Л" сыныбы "Кім боламын?" тақырыбындағы сынып сағатына ата-аналарды шақырды."Incomcompany" АҚ директоры Починок Сергей Федерович оқушыларға энергетик мамандығының сырлары туралы айтты."HAIR& NAILS" сұлулық-студиясының кәсіптік шебері Янцен Елена Сергеевна балаларды сұлылық және сиқыр әлеміне апарғандай болды.
![Алдағы уақытта да жеңіс тілейміз!](/media/img/blogs/5de8e8a2958a5.jpg)
Мектебіміздің 7 "Г" сынып оқушысы Доценко Даниил Павлодар қаласындағы велоспорт секциясына қатысады. Даниил велоспорттан облыстық, қалалық жарыстарға белсене қатысады және әрқашан жүлделі орындарға ие болды. Алдағы уақытта да жеңіс тілейміз!
![](/media/img/blogs/5de8e814b81b8.jpg)
Бастауыш сыныптар ӘБ онкүндігі аяқталуына орай 2-сыныптар арасында Ж.А.Алпысбаева сыныптан тыс-іс шара "КВН" ұйымдастырды.Балалар есептер шығару,ребус шешуге белсенді қатысты. Балалардың ойлау, есте сақтауын шыңдады.Ойын соңында балалар бір-біріне дос болуды, епті болуды тіледі.
![](/media/img/blogs/5de8e7bcf1c12.jpg)
"Балдәурен" әдістемелік бірлестігі бастауыш сыныптар онкүндігі аясында 4"Б" сыныбында "Дұрыс тамақтану - денсаулық кепілі" тақырыбында сыныптан тыс ашық іс-шара өтті. Іс-шара барысында: Пайдалы және зиянды тағамдар және оның әсері, дәрумендер, тамақтанудың негізгі ережелері, тәртібі туралы талқыланды. "Егер мен мектеп аспазшысы болсам... " тақырыбында оқушылар өз ойларын ортаға салды. Мұғалімі Ракишева Г.Б
![](/media/img/blogs/5de74ff5b6af1.jpg)
"Мейірімділік - үнемі оны жасайтын жерде болады" В.В.Гжелик бастауыш сыныптар он күндігі аясында "Мейірімділік жаса" шығармашылық суреттер сайысын өткізді. Акция " Жақсылықты тексеру үшін оны жасау қажет!" деген әнұран арқылы өткізілді.
![Құттықтаймыз! Жарайсыңдар!](/media/img/blogs/5de74f0939608.jpg)
Мектебіміздің оқушылары Асылханова Даяна, Савич Дарья 2004 жылы туылған және одан кіші қыздар арасындағы республикалық жарысқа "Ертіс" баскетбол клубының құрамасымен қатысты."Ертіс" баскетбол клубы 3- орынды иеленді. Құттықтаймыз!
Жарайсыңдар!
![6г сынып оқушылары сыныптастарының туған күндерін атап өтуде](/media/img/blogs/5de74dd09547f.jpg)
6г сынып оқушылары сыныптастарының туған күндерін атап өтуде. Қараша айының соңында күзде туғандарды құттықтады. Уақытты көңілді өткізіп, бір-біріне жылы сәттер сыйлады.
![6г сыныбы мұз шоуында болды](/media/img/blogs/5de74d0337419.jpg)
Қыс - керемет кезең. Бұл - қармен ойнау, шаңғымен сырғанау, сонымен қатар бұл - конькимен сырғанау. 6г сыныбы мұз шоуында болды. Қатысушылардың ұсынылған нөмірлері қызықты болды. Өзіміздің конькимен сырғанауға ниетіміз пайда болды.
![Құттықтаймыз! Жарайсыздар!](/media/img/blogs/5de5dfce756c7.jpg)
Мектебіміздің мұғалімдері Тұңғыш Президент күнін тойлауға арналған Павлодар қаласы мектептері арасында өткен қалалық волейбол жарысынан 2-орынды иеленді. Құттықтаймыз! Жарайсыздар!
![Ашық сабақ](/media/img/blogs/5de5def61e7f5.jpg)
№21 ЖОМ бастауыш сыныптар онкүндігі аясында 2А сыныбында Қазақ тілі пәнінен "Хабарлы сөйлем" тақырыбында ашық сабақ өтті. Мұғалімі Солтангазинова Д.С. Оқушылар топпен, жұппен, жеке берілген тапсырмаларды қызығушылықпен орындап, жұмыстарын бағалады.
![Құттықтаймыз! Жарайсыңдар!!!](/media/img/blogs/5de5de05c9ccd.jpg)
Мектебіміздің оқушылары Тұңғыш Президент күніне арналған 2007 жылы туылғандар мен одан кішілер арасында өткен қалалық баскетболдан 3-орынға ие болды. Құттықтаймыз! Жарайсыңдар!!...
![](/media/img/blogs/5de0e5f34d26f.jpg)
29.11.2019 жылы "#21 ЖОМ"ММ-де Бірыңғай Республикалық сабақ "Заманауи сабақ. Елбасының лидерлік сабағы" өтті. Бірыңғай сабаққа қалалық мәжіліс депутаты М.И.Желнов қатысты.
![Құттықтаймыз! Жарайсың!!!](/media/img/blogs/5de0e4bb37c35.jpg)
Мектебіміздің оқушысы Балкоева Милана "Қазақстанның Раушандары" Халықаралық сайысынан 1- орынға ие болды. Құттықтаймыз! Жарайсың!!!
![](/media/img/blogs/5ddfd603b158f.jpg)
Бүгін "#21 ЖОМ" ММ-де Тұңғыш Президент күнін тойлау қарсаңына орай "Жас ұлан", "Жас қыран" ББЖҰ-ы қатарына қабылдау салтанаты өтті.
![4](/media/img/blogs/5ddfd57208737.jpg)
4 "В"сыныптың "Желпілдек" тобы "Айналайын" ӘБ он күндігі аясында өткен "Жалпы барлығы туралы" сайысынан 1-орын алды.