Мектебіміздің мұғалімдері Тұңғыш Президент күнін тойлауға арналған Павлодар қаласы мектептері арасында өткен қалалық волейбол жарысынан 2-орынды иеленді. Құттықтаймыз! Жарайсыздар!
№21 ЖОМ бастауыш сыныптар онкүндігі аясында 2А сыныбында Қазақ тілі пәнінен "Хабарлы сөйлем" тақырыбында ашық сабақ өтті. Мұғалімі Солтангазинова Д.С. Оқушылар топпен, жұппен, жеке берілген тапсырмаларды қызығушылықпен орындап, жұмыстарын бағалады.
Мектебіміздің оқушылары Тұңғыш Президент күніне арналған 2007 жылы туылғандар мен одан кішілер арасында өткен қалалық баскетболдан 3-орынға ие болды. Құттықтаймыз! Жарайсыңдар!!...
29.11.2019 жылы "#21 ЖОМ"ММ-де Бірыңғай Республикалық сабақ "Заманауи сабақ. Елбасының лидерлік сабағы" өтті. Бірыңғай сабаққа қалалық мәжіліс депутаты М.И.Желнов қатысты.
Мектебіміздің оқушысы Балкоева Милана "Қазақстанның Раушандары" Халықаралық сайысынан 1- орынға ие болды. Құттықтаймыз! Жарайсың!!!
Бүгін "#21 ЖОМ" ММ-де Тұңғыш Президент күнін тойлау қарсаңына орай "Жас ұлан", "Жас қыран" ББЖҰ-ы қатарына қабылдау салтанаты өтті.
4 "В"сыныптың "Желпілдек" тобы "Айналайын" ӘБ он күндігі аясында өткен "Жалпы барлығы туралы" сайысынан 1-орын алды.
Міне, мен де өзімнің 1 "Л"сыныбымдағы 6-жастағы керемет оқушыларыммен алғашқы ашық сабағымды өткіздім. Балалар сабақта математикадан "Қосудың ауыстырымдылық қасиеті" тақырыбынан білімдерін көрсетті. Өзімнің кішкентай бірақ ұйымшыл, тәртіпті, білім алуға деген ынтасы бар оқушыларыма алғыс білдіргім келеді. Менің бірінші сынып оқушыларым, сәттілік және жеңіс тілеймін!
Бүгін 2 "Ж" сыныбында математика пәнінен Есептер шығару тақырыбында ашық сабақ өтті. Сабақта оқушылар қазына іздеу саяхатына шықты.Сабақта белсенді әдістер қолданылды.Балалар топта,жұпта,жеке-дара да жұмыс жасады.Барлық тапсырмалар логикалық ойлауды дамытуды көздеді.Сараланған тәсілді қолдану оқушылардың сабақтағы мақсатқа жетуіне көмектесті.Балалардың еңбегі ақталды!
#21ЖОМ-нің 5-сынып оқушысы Алихан Серік Қазақстан Республикасы Тұңғыш Елбасы күніне арналған "Менің Отаным - Қазақстан" облыстық ғылыми-тәжірибелік конференциясына қатысқаны үшін Мадақтама қағазымен марапатталды.
#21 ЖОМ -нің 3-сынып оқушысы Шингажинов Жан Қазақстан Республикасы Тұңғыш Елбасы күніне арналган "Менің Отаным -Қазақстан" облыстық ғылыми-тәжірибелік конференциясына қатысқаны үшін Мадақтама қағазымен марапатталды.Жетекшісі: Ибраева Камиля Рамазановна
#21 ЖОМ-нің 3-сынып оқушысы Турий-Ладыко Платон Қазақстан Республикасы Тұңғыш Елбасы Күніне арналған "Менің Отаным - Қазақстан" облыстық ғылыми-тәжірибелік конференциясына қатысқаны үшін Мадақтама қағазымен марапатталды. Жетекшісі Ибраева Камиля Рамазановна
2019 жылы 27 қараша күні бастауыш сынып он күндігі аясында #21 мектептің 1-сынып оқушылары арасында мәнерлеп оқу сайысы өтті. Балалар Қазақстан ақындарының Отан туралы шығармаларын шабытпен оқыды.
2 "Д" сыныбында "Достықты сақтау" тренинг сабағы өтті.Балалар достасу ағашын өсірді,ребус шешті, қазақ және орыс тілдерінде достар туралы мақал-мәтел құрастырды.
21 ЖОМ-нің 11-сынып оқушылары Павлодар қаласының полиция басқармасы ұйымдастыруымен Естай атындағы ҚМҮ-де өткен кәсіптік бағдарлауға қатысты. Кездесудің мақсаты: Қазақстан Республикасы ІІМ оқу орындарына үміткеплерді сапалы іріктеу шарттарымен түлектерді таныстыру.
Бастауыш сыныптардың әдістемелік апталығы кезінде 1 "Д" сыныбында "Туған жер" бағдарламасы аясы бойынша "Барлық мамандық керек, барлық мамандық маңызды" тақырыбында сынып сағаты өтті.
Бүгін 3 "Е" сыныбында "Тік бұрыш пен шаршының ауданы" тақырыбында математика пәнінен ашық сабақ өтті.Туған қаласына саяхат жасау арқылы оқушылар әр түрлі тапсырмалар орындады.
21 ЖОМ-нің 9 сынып оқушысы Аубашева Мөлдір жалпы білім беру пәндері бойынша республикалық ғылыми жобалар сайысынының облыстық кезеңінде "Тіл білімі" секциясы бойынша ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. Құттықтаймыз!!!
22.11.2019 жылы #21 ЖОМ-нің география пәні мұғалімі Есмакаева Гульмира Болатовна "Рухани жаңғыру - жаһанды мәнге ие жоба" облыстық сайысынан 2-орынға ие болды. ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!