Осы жылы НЗМ Педагогикалық өлшеулер орталығының мамандары критериалды бағалаудың бөлігі ретінде тапсырмалар мен бағалау құралдарын әзірлеу бойынша онлайн курстарын жасады. Осы онлайн-курс бағдарламасының мақсаты - критериалды бағалау жүйесін енгізу аясында бағалау құралдарын әзірлеу және сараптау кезінде мұғалімдердің кәсіби деңгейін арттыру.
9 Б сыныбында КСРО және Қазақстанның Халық әртісі, Бибигуль Төлегенованың 90 жылдық мерейтойына байланысты сынып сағаты өткізілді.
13.11.2019ж.#21 ЖОМ-де "Менің туым, менің Отаным" акция аясында саптық түзеу өтті.
12.11.2019 ж.#21ЖОМ-нің 5 "Г"сынып оқушылары М.Шамсутдинова атындағы мұражай үйіне барды.
21 ЖОМ-ның 7сынып оқушысы Акмолзод Муниса "Рухани жаңғыру" бағдарламасы шеңберінде өткізілген "Мың бала" республикалық мəдени- ағартушылық жобасының "Асыл сөз" мектебі байқауының облыстық кезеңінде Алғыс хатқа ие болды. Құттықтаймыз!!!
"Жақсылық меннен басталады" әлеуметтік жоба аясында 5"Ж" сынып оқушылары "Көңіл сыйлаймын" акциясына белсене қатысты. Шағын аудан тұрғындарының көбі қолдан жасалған сыйлықтар алды.
#21 ЖОМ-нің 6-сынып оқушысы Серік Алихан "Бір ел-бір тағдыр" қалалық шығармашылық байқауының жеңімпазы атанды (жетекшісі Есмакаева Гульмира Болатрвна). Ол "Журналистика - менің отбасымның бренді" ғылыми жобасын ұсынды. ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ! Ары қарай жеңіс тілейміз!!!
8.11.2019 ж."#21 ЖОМ"-де 11-сынып оқушыларына Алматы қаласы Алмау университетінің өкілі К.Е.Туяков кәсіби бағдарлау жұмысын жүргізді.
Бүгін мектепте 5-сыныптарда "Құқық, міндет және баланың жауапкершілігі" тақырыбында сынып сағаты өтті. Іс-шара мақсаты: оқушыларға алғашқы құқықтық білім беру. ҚР Конституциясының негізгі заңдарымен, құқықтарымен және міндеттерімен таныстыру.
2019 жылы 7-қараша күні#21 ЖОМ-нің бастауыш сынып мұғалімі Алпысбаева Жанар Амановна "Өрлеу" БАҰО өткізген "Ең үздік әдістемелік-дидактикалық құрал" облыстық сайысынан 2-орын алды. Ол қалалық бастауыш сынып мұғалімдерінің шығармашылық тобының жетекшісі болды, сол топтың жұмысын көрсетті. Құттықтаймыз!!!
07.11.2019 ж. "21 ЖОМ" - де 8-сынып қыздарына "Репродуктивті денсаулықты қорғау" Салауатты өмір салтын насихаттау бойынша дәріс оқылды. Дәрісті Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының ұсынысы бойынша "Summit Service" орталығының "СӨС насихаттау" жобасының тренері психолог К.Байгожина өткізді.
07.11.2019 ж. "21 ЖОМ" - де 8-сынып қыздарына "Репродуктивті денсаулықты қорғау" Салауатты өмір салтын насихаттау бойынша дәріс оқылды. Дәрісті Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының ұсынысы бойынша "Summit Service" орталығының "СӨС насихаттау" жобасының тренері психолог К.Байгожина өткізді.
07.11.2019 ж. "21 ЖОМ"-де 8-сыныптардың ұлдарына "Репродуктивті денсаулықты қорғау" Салауатты өмір салтын насихаттау бойынша дәріс оқылды. Дәрісті Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының ұсынысы бойынша "Summit Service" орталығының "СӨС насихаттау" жобасының тренері психолог К.Байгожина өткізді.
5.11.2019 ж. "21 ЖОМ" ММ-де "Адалдық сағаты" әдептілік сабағы өтті. Сабақ мақсаты - оқушыларды әдептілікке тәрбиелеу.
Күзгі демалыс кезінде 6г сынып оқушылары Чехов атындағы театрға қуанышпен барды. «Анашым» комедиясы күлкілі және көңілді болды. Актерлер ойыны, достарымен бірге түсірілген суреттер - мұның бәрі есте қалады.
"Шығармашыл-калыпсыз ойлау, үлгісіз әрекет жасау" тренингі. 2 және 4-сынып қатысушылары аз уақыт ішінде көп ой айта алатын, үйлеспеушілік, өзгешелік болған кезде зейінділік қабілеттерін көрсетті.
2019 жылы 16-қазанда бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған Қазақстандық интернет олимпиада өтті, біздің әріптесіміз Бектурганова Гульмира Даулбаевна қатысып,3-дәрежелі дипломмен марапатталды. Құттықтаймыз!
21 ЖОМ-нің 6 сынып оқушысы Сәрсенбек Нұрболат "Қалалық Мағжан оқулары' байқауынан" Өлең - менің Шолпаным, Айым, Күнім" атты номинациясы бойынша 3 орынды иеленді. Құттықтаймыз!
21 ЖОМ-нің 6 сынып оқушысы Жұматай Томирис Қалалық Мағжан оқуларынан "Ақын да бір бала ғой Айға ұмтылған" - жас дарындар байқауы бойынша 1 орынды иеленді. Мектеп абыройын облыста қорғайтын болды. Құттықтаймыз!