ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Арқанмен секірудің үздік нәтижелері
02-12-2020 08:27
Арқанмен секірудің үздік нәтижелері

   Арқанмен секіру бойынша қалалық онлайн жарыстарда 41 және одан жоғары жас тобында М. Әуезов атындағы ЖОМ денешынықтыру пәні мұғалімдері Лариса Яковлевна Носовамен Дулат Соннатұлы Мұхамеджанов өнер көрсетті. Жарыстың ұйымдастырушысы Павлодар қаласының денешынықтыру және спорт бөлімі.

   Жарыс қорытындысы бойынша олар үздік нәтиже көрсетті - Лариса Яковлевна 13 қатысушы арасында 30 секундта 83 секіру, Дулат Соннатұлы 7 қатысушы арасында 30 секундта 73,5 секіру есебімен I орын алды.

   Лариса Яковлевна спорттық гимнастикадан бірінші ересек разрядқа ие, жүгіру, жүзу және шаңғыроллерлер бойынша әртүрлі деңгейдегі жарыстарға, қалалық, облыстық, республикалық деңгейдегі шаңғы жарыстарына үнемі қатысады.Лариса Яковлевна 1984 жылдан бастап қалалық мұғалімдер спартакиадасына қатысып, үнемі жүлделі орындарға ие болды. Ол 2020 жылы Павлодар қаласында өткен шаңғыроллерлер бойынша қалалық жарыстардың, ардагерлер арасындағы шаңғыроллерлер бойынша республикалық жүгірістің жеңімпазы атанды. 2018 жылы Павлодар қаласында өткен шаңғы жарысынан ардагерлер арасындағы республика чемпионатында үшінші орын алды.

   - Менің ұраным бір орында тұрмау, әрқашан алға ұмтылу, - жеңімпаз жарыс туралы өз ойларымен бөліседі. Лариса Яковлевна,жаңашыл мұғалім мектепте 40 жылдан астам жұмыс істейді. Облыстық «Үздік дене шынықтыру мұғалімі» байқауының гран-при иегері (2010 жыл), Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі республикалық ғылыми-практикалық орталығының кеуде медалімен.

   Дулат Соннатұлы мектепте 6 жылдан астам жұмыс істейді, педагог-модератор. Ол үнемі шаңғы, ойын спорты, ату бойынша түрлі деңгейдегі жарыстарға қатысады. 2020 жылғы дене шынықтыру бойынша қалалық бейне-сабақтар байқауының қатысушысы. «Қашықтықтан оқытуға қарамастан, жарыстарға онлайн форматта сәтті қатысуға болады», - дейді жарыс жеңімпазы.