ВЕБ-САЙТЫ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫХ УЧРЕЖДЕНИЙГОРОДА ПАВЛОДАРА
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Pavlodar, 25 Krivenko St.
32-21-67
телефон доверия/Call-центр
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Павлодарлық оқушының лайықты әрекеті
11-12-2020 19:49
Павлодарлық оқушының лайықты әрекеті

   Павлодар қаласының №30 ЖОМ 10 сынып оқушысы, «Kids Добряков клубының» волонтері, қаланың балалар өкілдігінің мүшесі, «Волонтерлік» номинациясы бойынша «Ertis Daryny 2020» жастар сыйлығының лауреаты болған Айбек Ғазиз,10 желтоқсан күні Қазақстанның Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында облыс әкімінің дипломымен және 500 мың теңге ақшалай сертификатпен марапатталды. Қолма-қол ақшалай ұтысты оқушы, қоғамдық қызметпен айналысатын «Павлодар добряков клубы» қайырымдылық ұйымына беруге шешім қабылдады.

   - Мен бұл ақшаны балалар игілігі үшін добряков клубы арқылы бергім келеді, - дейді Айбек. Оның пікірінше, бұл барлық «Павлодар Добряков клубының» жалпы жеңісі. Мұндай сома мұқтаж отбасылардан шыққан балаларды жаңа жылға сыйлықтармен және құттықтаулармен қамтуға мүмкіндік береді.

  Естеріңізге сала кетейік, жалпы карантин кезінде оқушы блок бекеттерге азық-түлік жеткізуге көмектесті, мұқтаж адамдарға азық-түлік, маскалар мен дәрі-дәрмектерді жеткізді, провизорлық стационарларға қажет қолда бар құралдардан штатив дайындады. Сонымен қатар, ол жоғалған адамдарды іздеуге қатысады.

   - Пандемия кезінде, қалалық қоғамдық көлік жұмыс істемеген кезде, ол бізге Лесозаводтан Ломов көшесі, 38 мекенжайына жаяу келді. Ол туралы ешкімге айтпады, бұл туралы біз кейінірек білдік», - дейді добряков клубының қызметкерлері.

   Ең талантты павлодарлықтар жарты миллион теңгеден алды. 200-ден астам үміткерлердің лайықты есімдері аймақтық сыйлықтың екі туры бойынша анықталды. Павлодар жастар бастамаларын дамыту орталығында облыстық «Ertys Daryny» сыйлығының 22 лауреатын атап өтті, оның ішінде Айбек Ғазиз де бар. Әрқайсысы екі жеңімпазды таңдады, олар 500 мың теңгеден алды.