Размер шрифта:
↑Наверх
ВЕБ-САЙТЫ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫХ УЧРЕЖДЕНИЙГОРОДА ПАВЛОДАРА
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Pavlodar, 25 Krivenko St.
32-21-67
телефон доверия/Call-центр
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Ерекше білім беруді қажет ететін балаларда ірі және ұсақ моториканы дамыту
29-12-2020 08:58
Ерекше білім беруді қажет ететін балаларда ірі және ұсақ моториканы дамыту

Павлодар қаласының әдістемелік кабинеті ZOOM платформасы арқылы «Ерекше білім беруді қажетт ететін балаларда ірі және ұсақ моториканы дамыту» атты онлайн семинар-практикум өткізді. Семинарға қала мектептерінің 45 педагог-психологы қатысты.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 13 тамыздағы «Коронавирустық инфекцияның таралуына байланысты шектеу шаралары кезеңінде білім беру ұйымдарында оқу үдерісін жүзеге асыру жөніндегі әдістемелік ұсынымдарды бекіту туралы» №345 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» 2020 жылғы 15 желтоқсандағы № 527 бұйрығын талқылау және түсіндіру жөніндегі семинар-практикумда Павлодар қаласы білім беру бөлімінің әдіскері Шолпан Саменқызы Нұрахметова сөз сөйледі. Қалалық шығармашылық топ жетекшісі № 26 ЖОМ педагог-психологы Карпова Ирина Владимировна «Ерекше білім беруді қажет ететін балаға арналған психологиялық-түзету сабағының құрылымы» тақырыбында сөз сөйлеп, семинарға қатысушыларға түзету-дамыту сабағының құрылымын құрастыру бойынша электрондық жадынама ұсынды. №5 ЖОМ педагог-психологы Ольга Бернардовна Дубицкая «Ерекше білім беруді қажет ететін балалардың моторикасын дамытудың нейропсихологиялық негіздемесі» тақырыбымен таныстырды. Тыңдаушылар ерекше білім беруді қажет ететін балалардың бас миының даму ерекшеліктері және олардың оқу проблемаларының себептері туралы толық ақпарат алды. Семинар жарқын және қызықты презентациямен өткізілді.

Семинардың тәжірибелік бөліміне №14 ЖОМ педагог-психологы Гесса Светлана Васильевна қатысты. Ол ерекше білім беруді қажет ететін балалардағы ұсақ моториканы дамытуға және үндестіруге арналған практикалық жаттығуларды көрсетті. Семинар қатысушыларына практикалық ойындармен және моториканы дамытуға арналған жаттығулармен танысу ұсынылды. № 15 ЖОМ педагог-психологы Хамитова Алмагүл Аманжолқызы «Психо-гимнастика ерекше білім беруді қажет ететін балалармен нейро-түзету сабақтарының әдісі» тақырыбында баяндама жасады. Семинар қатысушылары жаттықтырушының артынан қайталай отырып, психо-гимнастикалық жаттығуларды орындады. Қаланың тәжірибелі психологтарының бірі Роза Тимофеевна Темірханованың айтуынша, білім беру саласындағы заманауи өзгерістер туралы осы семинардың мазмұны мектеп психологтарының одан арғы жұмысында үлкен практикалық мәнге ие.

Семинар қорытындысы бойынша ерекше білім беруді қажет ететін балалардың ата-аналарына және балалармен жұмыс кезінде психологиялық қолдау көрсету бойынша педагогтарға онлайн-мектеп ашу туралы шешім қабылданды: үлгерімін арттыру үшін шағын топтардағы балалармен түзету сабақтары, ата-аналар мен педагогтердің сұрауы бойынша жеке кеңестер беру, ерекше білім беруді қажет ететін оқушылардың білім деңгейін арттыру стратегиясы мәселелері бойынша педагогтер үшін семинарлар, психологтардың ұсыныстары. Семинар материалдары қала мектептеріне жолданды.