ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Оқушылардың қысқы демалысы
30-12-2020 11:49
Оқушылардың қысқы демалысы

   Павлодар қаласы білім беру бөлімінің іс-шаралар жоспарына сәйкес «Қазақстан балалары - қысқы ғажайып! - Дети Казахстана - зимнее волшебство!» атты 2020 жылғы 31 желтоқсан мен 2021 жылғы 10 қаңтар аралығында қаланың жалпы білім беретін мектептері мен мектептен тыс мекемелерінде қысқы демалыс кезінде балалардың демалысын, бос уақытын және жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру бойынша жұмыстар жүргізілетін болады. Мақсаты - пайдалы және белсенді қызметті ұйымдастыру жүйесін дамыту және жетілдіру, балалардың шығармашылық дамуы, олардың рухани әлемі мен интеллектісін байыту үшін құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету.

    28 - 30 желтоқсан аралығында балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында ТЖ және ішкі істер департаменттерінің өкілдерімен онлайн кездесулер өткізіліп, жол қозғалысы ережелері бойынша бейнероликтер көрсетіледі.

   1 - 3 қаңтарда қаланың жалпы білім беретін мектептерде «Біздің отбасымыздағы Жаңа жыл» отбасылық фотожобаларының онлайн көрмесі, «Жаңа жылға отбасылық дәстүрлер: бос уақыт, коллекциялар» «Біздің отбасылық жәдігерлеріміз» бейнежобалары өтеді, 20000-нан астам бала қамтылатын болады.

   4 - 5 қаңтарда «Біз салауатты өмір салтын қолдаймыз» атты 10000-нан астам баланы қамтитын спорттық жарыстар, ойындары өтеді.

   4 - 10 қаңтар аралығында балалар-жасөспірімдер экология және туризм орталығы балалар бірлестіктерінің оқушылары арасында «Дені саудың - жаны сау» ұранымен онлайн жарыс өтеді, оған 300-ден астам жас спортшы қатысады.

    24 желтоқсан - 9 қаңтар аралығында «Құстарға арналған жемхана» акциясы өткізіледі, оған 700-ден астам оқушы қатысады.

    4 - 10 қаңтарда балалар техникалық мектебінде «Жер планетасында Жаңа жыл» фотокөрмесі өтеді.

  6 қаңтарда әлеуметтік желілерде эстетикалық тәрбие беру мақсатында «Таланттар әлемі!» атты балалардың ән, би, шешендік өнері бойынша қойылымдары ұсынылады, жалпы 5000-нан астам бала қамтылатын болады.

   Қысқы демалыс кезеңінде қаланың жалпы білім беретін мектептерінің 40000-нан астам оқушысын жұмыспен қамту және олардың мүдделері бойынша бос уақытты өткізудің барлық нысандарымен қамту жоспарланған.