ВЕБ-САЙТЫ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫХ УЧРЕЖДЕНИЙГОРОДА ПАВЛОДАРА
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Pavlodar, 25 Krivenko St.
32-21-67
телефон доверия/Call-центр
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Жас гимнасттың жетістіктері
31-12-2020 09:34
Жас гимнасттың жетістіктері

  Павлодар қаласының №24 ЖОМ 3 сынып оқушысы Әубәкірова Адия облыстық гимнастика жарыстарында күміс медальға ие болды. Жарыстың ұйымдастырушысы Мұстафин атындағы көркем гимнастика мектебі. Жарыс онлайн режимде өтті.

  Адия гимнастикамен 5 жасынан бастап Мұстафин атындағы көркем гимнастика мектебінде айналысады. Жаттықтырушысы жоғары деңгейдегі, гимнастикадан спорт шебері Мұстафина Әсел Көшербайқызы. Адия әртүрлі деңгейдегі жарыстардың теңдесі жоқ қатысушысы. Адия осы аралықта 3 алтын, 2 күміс, 1 қола медаль жеңіпалды. Ол 2018 жылы Павлодар қаласында өткен республикалық жарыстарда бірінші алтын медаль мен «Қазақстан үміті» номинациясын жеңіп алды.

   Мектепте жақсы оқиды, мектеп олимпиадаларына қатысады. Адия оқу мен жаттығуға көбірек уақыт бөледі. Сонымен қатар мектепте би үйірмесіне қатысып, қалалық, облыстық жарыстарда өнер көрсетеді. Ол жақсы ән айтады, қолөнермен айналысады.