ВЕБ-САЙТЫ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫХ УЧРЕЖДЕНИЙГОРОДА ПАВЛОДАРА
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Pavlodar, 25 Krivenko St.
32-21-67
телефон доверия/Call-центр
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Жас суретшілердің жұмыстарындағы қыс суреттемелері
31-12-2020 10:46
Жас суретшілердің жұмыстарындағы қыс суреттемелері

   Жаңа жыл қарсаңында Павлодар қаласының балалар көркемсурет мектебінің оқушылары өз шеберліктерін көрсетуге тырысты - олар сурет салып, мүсіндер жасады, жаңа жылдық, қысқы тақырыптарға шеберліктерін көрсетті. Өйткені, бұл жас суретшілердің сүйікті тақырыптарының бірі.

  Нәтижесінде барлық жұмыстар мектеп фойесінде «Қысқы сюжеттер» суреттер көрмесінде орналастырылды. Көрмеде 4 - 10 жас аралығындағы «Кішкентай ел» бейнелеу өнері студиясының оқушыларының «Қысқы ойындар» тақырыбындағы суреттері қуантады: атап айтқанда 8 жастағы Кассильгова Алинаның «Ментөбешіктен сырғанаймын», 10 жастағы Султанова Маликаның «Конькиде сырғанауды ұнатамым», 7 жастағы Ибраева Аяжанның «Қаладағы қыс», 8 жастағы Борисов Никитаның «Қыста шырша», 5 жастағы Шостка Арсениймен 9 жастағы Төлеубаева Мадинаның «Қысқы қала» суреттері. Олардың көбі әр түрлі деңгейдегі байқаулардың қатысушылары. Олардың жұмыстарында түстердің жарқын палитрасы, қолданылған материалдардың әртүрлілігі таң қалдырады: түрлі-түсті қарындаштар, фломастерлер, гуаш бояулары, акварель бояулары, пастельдер.

     Мектептің жаңа жылдық шыршасынан мектеп оқушыларының жасаған ойыншықтарын көруге болады. Өйткені, олар сәндік-қолданбалы өнер сабақтарында тігу, безендіру, түрлі композициялар жасау дағдыларын үйренеді.Шырша ойыншықтары түрлі тастанды материалдардан жасалған, паеткалармен, моншақтармен, гельді жылтырақтармен безендірілген.Мектеп алды дайындықжәне бірінші сынып оқушылары тоқымадан, баулардан, ленталардантауық, сиыр, түлкілердің бейнесі көрсетілген жұмсақ ойыншықтар жасады. Дудник Анжелика, 10 жаста, матадан және мақтадан «Зімбір адам» жұмысын орындады, Сивак Эвелина шырша және Қайратова Илана аққаланы киізден, Балина Катя аққаланы матадан жасап, шілтермен безендірді.«Әр оқушы мектепте оқи отырып, өз педагогтарымен бірге жасағандай сұлулықты көре және жасай алады», - дейді мектеп директорының орынбасары Гүлнар Мұхаметкалина.