2021 жылдың 20 - 31 қаңтар аралығында Торайғыров университеті, Инновациялық Еуразия университеті және Павлодар педагогикалық университеті базасында ҰБТ өтеді.
Павлодар қаласының 37 жалпы білім беретін мектебінің 1422 түлегінің 1018-сі (71,5%) ҰБТ-ға қатысады, 2020 жылғы қаңтарда - 680 (59%), оның ішінде қазақ тілінде білім алатын оқушылар - 542, 2020 жылы - 310 болды.
№ 1, 30, 37, Б.Момышұлы атындағы мектептерде ең көп қатысушылар - 100%, № 19 - 98,5%, № 35 - 97,7%, № 2 - 96,4%, № 25 - 95,8%.
Биылғы жылы тестілеуге жіберу екі жолмен жүзеге асырылады: Face ID жүйесі арқылы жеке басының сәйкестігін тексеру (онлайн режимінде өтініш бергендер үшін) және рұқсаттамадағы фотосуретпен сыртқы келбетін салыстыру арқылы (дәстүрлі түрде өтініш бергендер үшін).
Тестілеу уақыты - 240 минут немесе 4 академиялық сағат. Тестілеу үш міндетті және екі бейіндік пән бойынша өткізіледі. Әрбір бейіндік пән бойынша тест тапсырмаларының саны - 35. ҰБТ балдарының ең жоғарғы саны 140 балды құрайды.
Жыл сайын ҰБТ өткізу қарсаңында қала мектептері ҰБТ өткізу қағидаларымен танысу мақсатында оқушылар мен ата-аналар жиналысын өткізеді.