ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Жалпы білім беретін мектеп директорларының қалалық кеңесі
22-01-2021 11:55
Жалпы білім беретін мектеп директорларының қалалық кеңесі

Павлодар қаласының білім беру бөлімі 2021 жылғы 21 қаңтарда ZOOM платформасы арқылы қаланың жалпы білім беретін мектептері директорларының кеңесін өткізді.

Кеңесте «Ұйымдарда үштілді білім беруді енгізуді іске асыру туралы», «2020 - 2021 оқу жылында Павлодар қаласы мектептерінің гимназия және лицей сыныптарында оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастырудың тиімділігі туралы», «2020 - 2021 оқу жылында мектеп кітапханалары қызметінің тиімділігі туралы және «Оқитын ұлт - оқитын мектеп» республикалық жобасын іске асыру бойынша», «Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды анықтау, орналастыру, бастапқы және өңірлік есепке уақтылы қою бойынша білім беру мекемелері жұмысының жай-күйі туралы» жүргізілген мониторингтердің қорытындылары қаралды және талқыланды.

Павлодар қаласының білім беру бөлімі мамандарының «2020 жылға арналған қала мектептеріндегі тәрбие жұмысының барысы туралы», «Күнделік, ҰБДҚ, ОnlineMektep ақпараттық жүйелерін жүргізу туралы», «2020 жылға арналған қала мектебінің рейтингі туралы» есептері тыңдалды.

Павлодар қаласының білім беру бөлімінің басшысы С. О. Айтқазина      үштілде білім беруді іске асыратын сыныптардың жұмыс істеуі жөніндегі мәселелерді бақылауға алу туралы, тиісті ағылшын тілінің деңгейі бар педагог кадрлардың болу мәселесін директорлардың ерекше бақылауға алынуына назар аударды. Оқушылардың интеллектуалдық сайыстар мен олимпиадалардағы үлгерімінің, оқу нәтижелілігінің және жетістіктерінің сапасын арттыру бойынша жоспарлы жұмыс жүргізу. Мектеп кітапханаларының жұмысын ұйымдастыру мониторингін жүзеге асыру, мектеп кітапханашыларының кітап қорының болуы және қозғалысы туралы есеп құжаттамасын жүргізу.

Жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер бойынша ағылшын тілінде оқытуды жүзеге асыратын сыныптарда, мамандандырылған сыныптарда, дарынды балалармен жұмысты жоспарлау жөнінде ағылшын тілі бойынша оқыту сапасын арттыру жөнінде бақылауды одан әрі жалғастыру, пәндерге үштілділікті ішінара беруден толық деңгейге біртіндеп көшу жұмыстарын жүргізу туралы ұсыныстар берілді. Қаланың білім беру ұйымдары іс-шараларды БАҚ беттерінде жариялау жөніндегі жұмысты жүйелендірсін.