ВЕБ-САЙТЫ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫХ УЧРЕЖДЕНИЙГОРОДА ПАВЛОДАРА
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Pavlodar, 25 Krivenko St.
32-21-67
телефон доверия/Call-центр
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Қаланың жалпы білім беретін мектептерінде бірыңғай сынып сағаттары өтті
03-02-2021 10:42
Қаланың жалпы білім беретін мектептерінде бірыңғай сынып сағаттары өтті

«Жасампаздыққа толы жылдар» - «Созидание во имя людей»   Қазақстан    Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу  іс-шаралар жоспарын іске асыру шеңберінде Павлодар қаласының барлық жалпы білім беретін мектептерінде 2021 жылдың 1 - 2 ақпанында «Қазақстанның жаһандық бастамалары. Халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі» бірыңғай сынып сағаттары өтті. Мақсаты - Тәуелсіздіктің 30 жылдық мерейтойының маңыздылығын және Тәуелсіздіктің 30 жылы ішінде Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуы мен дамуындағы Қазақстанның Тұңғыш Президенті - Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың рөлін түсіну  арқылы оқушылардың патриоттық сезімін тәрбиелеу.

Сынып сағаттарына қаланың жалпы білім беретін мектептерінің 40 мыңнан астам 1 - 11 сынып оқушылары қатысты. Бастауыш сынып оқушылары викториналарға белсенді қатысып, сөзжұмбақтар құрастырды, «Мемлекеттік рәміздер - мемлекет тәуелсіздігінің атрибуттары», «Біздің Отанымыз - Қазақстан Республикасы», «Біздің Тәуелсіз Қазақстан» тақырыптарында Қазақстан туралы өлеңдер жазды.

        5 - 8 сынып оқушылары арасында сабақ еліміздің тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері туралы, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық заңның қабылдануы, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың рөлі, жаһандық қауіпсіздіктің көптеген стратегиялық бастамаларының авторы, тарихи, саяси, әлеуметтік-экономикалық, мәдени ел ретінде мемлекеттіліктің қазақстандық моделін қалыптастыру және табысты дамыту туралы презентациялар түрінде өтті.

         Жоғары сынып оқушылары үшін «Тиімді бизнес - экономиканың берік негізі», «Тәуелсіздік - орындалған арман. Қазақстан жолы», «Қазақстанның жаһандық бастамалары. Халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі» дебаттық  турнирлер өткізілді. Құрылуының алғашқы жылдарынан бастап біздің еліміз өзін әлемдік саясат пен экономикаға біріктіреді. Әлемдік қоғамдастық біздің елмен санасып қана қоймай, оның көптеген бастамаларын қолдайды.