ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Инновациялық педагогикалық тәжірибені көпшілік алдында тыңдаудың алқалық кезеңі
08-02-2021 16:25
Инновациялық педагогикалық тәжірибені көпшілік алдында тыңдаудың алқалық кезеңі

    Павлодар қаласы білім беру бөлімінің әдістемелік кабинеті онлайн режимде білім беру ұйымдары мұғалімдерінің инновациялық педагогикалық тәжірибесін көпшілік алдында қорғауды өткізді. Мақсаты - мұғалімнің әлеуметтік және кәсіби имиджін қалыптастыру, педагогикалық инновацияларды қолдау және көтермелеу және педагогикалық тәжірибені жалпылау нысандарын жетілдіру. Инновациялық тәжірибені зерттеу, жинақтау және тарату бойынша жұмыс мақсатты және үздіксіз жүргізіледі.

    Қалалық байқауға қатысуға қаланың 40 жалпы білім беретін мектептерінен 112 мұғалімнің жұмыстары ұсынылды, оның ішінде 51 қатысушы көпшілік алдында қорғауға жіберілді. Сараптамалық комиссия жұмысының қорытындысы бойынша көпшілік тыңдау кезінде 51 мұғалімнің инновациялық жұмыс тәжірибесі «Педагогикалық тәжірибе - 2021» қалалық банкіне жинақталады. 30 педагогтың жұмыс тәжірибесі облыс деңгейінде қарау үшін жіберілетін болады. Ұсынылған жұмыстардың бір бөлігі пысықтауға, гипотезаларды негіздеуге, мұғалім қызметінің нәтижелілігін растауға және келесі жылға қарай зерттелетін тақырып бойынша жұмысты жалғастыруға жіберілді.

    Көпшілік алдында тыңдаудың алқалық кезеңі онлайн режимде физика-математикалық, қоғамдық, гуманитарлық, жаратылыстану-ғылыми, бастауыш білім беру, мектепке дейінгі, мектептен тыс оқыту бағыттары бойынша 10 секцияда өтті. Сараптау комиссиясының құрамына жоғары оқу орындарының ғалымдары, білім беру бөлімінің әдіскерлері, мектеп басшылары, шығармашылықпен жұмыс істейтін мұғалімдер кіреді.