ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Қала мектептерінде кәсіпкер сағаты өтті
19-02-2021 16:04
Қала мектептерінде кәсіпкер сағаты өтті

 

Павлодар қаласының жалпы білім беретін мектептерінде бизнестік білім беру қазіргі уақытта болашақ кәсіпкерлердің жаңа толқынын қалыптастыруға көмектеседі. Осы мақсатта өткен оқу жылынан бастап қазақстандық оқушыларға «Кәсіпкерлік және бизнес негіздері» пәні бойынша кәсіпкерлік қызметінің негіздерін оқытуға мүмкіндік беріледі. Аталған пән 2020 - 2021 оқу жылында 734 білім алушыны қамти отырып, қаланың 16 мектебінде енгізілуде.

Осы пән аясында 2021 жылғы 19 ақпанда № 2, 11, 17 18, 20, 30, 33, 34, 35, 37, 39, 43, Қ.Мақпалеев атындағы, М. Әуезов атындағы, Кенжекөл орта мектептерінің 10-11 сынып оқушыларымен ZOOM режимінде 10-нан астам өкілдерінің, оның ішінде жергілікті кәсіпкерлер палатасының, жұмыспен қамту орталығының мамандары, мейрамхана, қонақ үй бизнесі, сұлулық студия иелері, Павлодар қаласының «Бизнес бастау» жобасының жеңімпаздарының қатысуымен кәсіпкер сағаты өткізілді.

Қонақ кездесулер табысты кәсіпкерлермен ғана емес, ісін жаңа бастаған кәсіпкерлермен сұхбат, сұрақ-жауап түрінде өтті. Қазіргі мектеп оқушыларынан бизнесті сәтті құрудың құпиясы неде деген сұрақ туындады. Бизнесмендер өз тәжірибелерімен бөлісіп, қандай да бір кейстер туралы айтып, барлық сұрақтарға шынайы жауап берді.

Кәсіпкерлікті қаражатсыз қолдау бөлімінің бастығы Ж.К. Каирова «Атамекен» Ұлттық Кәсіпкерлер палатасының жобалары жайында, тақырыпты өз бетінше онлайн оқытуға арналған Atameken Academy платформасының мүмкіндіктері туралы сөз етті. Жылжымайтын мүлік сатып алу бойынша консалтингтік компанияның иесі Д. С. Сагантай, мейрамхана, қонақ үй бизнесінің иелері Л. Т. Бекбаева, сұлулық саласындағы бизнес иелері, Павлодар облысының іскер әйелдер ассоциациясының мүшелері С. Исагулова, Ж. А. Уалиева өмірлік жолдары, өз бизнесін құру жайында ой бөлісті. Жас кәсіпкер, «Бастау Бизнес» жобасының жеңімпазы Г.Курамжанова болашақ кәсіпкерлерді алдына үлкен міндеттер қоюдан қорықпауға шақырды, ал «Элит.kz» ЖШС директоры Д. С. Даулетбаев бизнесменнің өмірінде спорт маңызды орын алатыны жайында айтылды, оның ойынша, дене жүктемесі - кез келген бизнесменнің талантына, ақыл-ойы мен жұмысқа деген қабілеттілігіне бонус.

Бұл іс-шараның мақсаты болашақ мамандықты таңдауда оқушылардың белсенділігін арттыру, табысты адамдардың нақты өмірбаяндары үлгісінде мүмкіндіктері бар жолдар туралы түсінік қалыптастыру, бағыт-бағдар бойынша мақсаттарын жүзеге асырудағы өз мүмкіндіктерін талдау болып табылады.