Размер шрифта:
↑Наверх
ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Бейнелеу өнері және көркем еңбек сабақтарындағы стильдеудің инновациялық тәсілдері
23-02-2021 09:04
Бейнелеу өнері және көркем еңбек сабақтарындағы стильдеудің инновациялық тәсілдері

«Жанданған петроглифтер» жобасын іске асыру шеңберінде 2021 жылғы 19 ақпанда «Баянауыл петроглифтері негізіндегі бейнелеу өнері, көркем еңбек, сәндік-қолданбалы өнер, композиция сабақтарында стильдеудің инновациялық тәсілдері» атты қалалық семинар өткізілді. Семинарға Павлодар қаласының жалпы білім беру мектептері мен  балалар көркемсурет мектебінің бейнелеу өнері және көркем еңбек  пәнінің 70-тен астам мұалімдері қатысты. Мақсаты - бейнелеу өнерінде дәстүрлі емес техникалардың практикалық дағдыларын игеру, петроглифтер негізінде стильдендірілген композициялар жасау, сонымен қатар «Жанданған петроглифтер» жобасын іске асыру.

Семинарға қатысушылардың назарына балалар көркемсурет мектебі ұстаздарының жұмыс тәжірибесі ұсынылды. Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Инна Владиславна Масленникова «Оқушылардың шығармашылық ойлауын дамытудағы стильдеу рөлі» және өнер тарихының қосымша білім беру ұстазы Тлеугайша Қайыржанқызы Шарипова «Баянауыл петроглифтерінің тарихы туралы» тақырыптарында сөз сөйледі. Семинардың практикалық бөлімінде БКМ суретші-ұстазы Лариса Алексеевна Кузнецова «Бейнелеу өнеріндегі дәстүрлі емес әдістер. Петроглифтер негізінде стильдендірілген композиция жасау» шеберлік сыныбын өткізді.

Семинар модераторы Қасенуалиева Маржан Қуандыққызы жобаны жүзеге асыру мәселелері бойынша түсініктеме берді. Торайғыров университетінің педагогика ғылымдарының кандидаты Сәуле Ивановна Әбішева өз сөзінде компьютерлік технологиялар қарқынды дамып келе жатқандықтан, балалардың ми қызметімен тікелей байланысты қол моторикасын дамыту қажеттілігі өзекті бола түседі деді. Сондықтан көркем еңбек, бейнелеу және сәндік-қолданбалы өнердің маңызы зор. Семинар материалдары әрі қарай мектепшілік жұмыстарда қолдану үшін оқу орындарына жіберілді.