ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Павлодарлық мектеп түлектерімен онлайн кездесуде ҰБТ - 2021 ерекшеліктері туралы
23-02-2021 16:30
Павлодарлық мектеп түлектерімен онлайн кездесуде ҰБТ - 2021 ерекшеліктері туралы

2021 жылы түлектердің басты тестілеуі қатарынан он сегізінші болады. Өткен жылдары оған Павлодар қаласының он мыңнан астам оқушысы немесе барлық түлектердің 70% қатысты. Жыл сайын ҰБТ қаланың 3 ЖОО базасында өткізіледі.

2021 жылы қаңтар айында тестілеудің I кезеңіне дәстүрлі форматта (қағаз түрінде) қаланың 37 жалпы білім беретін мектептерінің 1418 түлегінің 958-і (94%) эпидемиологиялық қауіпсіздік шараларын сақтай отырып, ҰБТ -ға қатысты.

2021 жылғы 22 ақпанда Павлодар қаласының білім беру бөлімі ZOOM арқылы қаланың жалпы білім беретін мектептерінің түлектерімен 11-сыныптың 1418 оқушысын, Ұлттық тестілеу орталығы филиалдары басшыларының, «Достық» және «Лидер» білім беру орталықтары директорларының қатысуымен 67 сынып басшыларын қамти отырып, онлайн-кездесу өткізді.

Кездесуде болашақ талапкерлер ҰБТ тапсыру бойынша қызықтырған сұрақтарға жауап алды. Атап айтқанда, ҰБТ-ны өткізуде, тестілеуді тапсырудың электрондық форматын енгізудегі өзгерістер айтылды. ҰБТ кезінде IT-қауіпсіздікті сақтау, тыйым салынған заттарды, шпаргалкаларды табу салдарына ерекше назар аударылды.

Ұлттық тестілеу орталығы филиалдарының басшысы ҰБТ-ның электрондық форматы - жаңа заман талабы екенін атап өтті. Біріншіден, мектеп оқушыларынан тестілеу күнін күту стресстері алынады, екіншіден, психологиялық шиеленіс соншалықты өткір болмайды, өйткені тестті қайта тапсыру мүмкіндігі бар. «Достық» білім беру орталығының директоры балаларды академиялық адалдыққа бағыттады, өткен жылдың статистикасын ұсынды - 120 мың оқушыға 2,5 мың телефон табылды, олардың нәтижелері жойылды. «Лидер» білім беру орталығының директоры оқуға түсушілерді өзіне сенуге шақырды, өйткені бұл өзін-өзі дамытуға ынталандырады және жеңіске жетелейді.