ВЕБ-САЙТЫ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫХ УЧРЕЖДЕНИЙГОРОДА ПАВЛОДАРА
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Pavlodar, 25 Krivenko St.
32-21-67
телефон доверия/Call-центр
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Павлодарлық оқушылар Love Story - 2020 халықаралық турнирінің жүлдегерлері атанды
25-02-2021 09:29
Павлодарлық оқушылар Love Story - 2020 халықаралық турнирінің жүлдегерлері атанды

Алматы қаласындағы спорттық - бал билері бойынша турнирге 900-ден астам жұп қатысты, олардың арасында Бауыржан Момышұлы атындағы жалпы орта білім беретін мектептің 4-сынып оқушылары Нұрасыл Қанат пен Інжу Рахым да болды.

Жарыс қорытындысы бойынша 9 - 12 жас аралығындағы 22 жұп бишілер арасында павлодарлық жұп ювенал-2 санатында ІІІ орынға ие болды.

– Жарыс өте қызықты өтті, көңілді болды, бірақ қиын болды, - дейді Інжу. Барлығы жеңіске ұмтылды. Карантинге байланысты көптеген турнирлер тоқтатылды. Менің ойымша, біз лайықты өнер көрсеттік.

Нұрасыл мен Інжу бес жасынан бастап «Классик» спорт клубында би билеп келеді. Содан бері жұп көптеген ұлттық және халықаралық жарыстардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері атанды. Өткен жылы Павлодардан келген бишілер Нұрсұлтан қаласында Bayterek Winter Cup 2020 жеңімпазы атанды.