ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Ерекше білім беруді қажет ететін балаларға психологиялық-педагогикалық көмек көрсету
26-02-2021 09:18
Ерекше білім беруді қажет ететін балаларға психологиялық-педагогикалық көмек көрсету

Павлодар қаласы білім беру бөлімінің әдістемелік кабинеті ZOOM платформасы арқылы онлайн режимінде 2021 жылғы 24 ақпанда 100-ден астам педагог-психологтардың, логопед-мұғалімдердің, жалпы білім беретін мектептер мен мектепке дейінгі ұйымдардың педагог-ассистенттерінің қатысуымен «Ерекше білім беруді қажет ететін балаларға психологиялық-педагогикалық көмек көрсетуді ұйымдастырудағы сабақтастық» атты семинарын өткізді. Мақсаты - инклюзивті білім беруді дамыту және ерекше білім беруді қажет ететін балалармен жұмыс тәжірибесімен алмасу.

Семинарда инновациялық типтегі № 34 ЖОМ мен № 96 балабақшаның психологтарының, логопедтерінің, мұғалімдері мен сынып жетекшілерінің жұмыс тәжірибесі ұсынылды. Павлодар қаласы білім беру бөлімінің әдіскері Шолпан Саменқызы Нұрахметова мектепке дейінгі ұйымдар мен қала мектептерінде ерекше білім беруді қажет ететін балаларды лого-педагогикалық сүйемелдеудің сабақтастығы мәселелеріне тоқталды. № 34 ЖОМ директорының орынбасары Мисюль Яна Александровна мектепке қабылданған және бітірген сәттен бастап № 96 балабақшамен сабақтастық және балаларды психологиялық-педагогикалық қолдау жүйесі мен құрылымын ұсынды. № 34 ЖОМ психологы Фольц Виктория Викторовна «Инклюзивті білім беру жағдайындағы педагогтің психологиялық дайындығы» атты баяндамасында ерекше балалармен жұмыс істейтін мұғалімдерді психологиялық сүйемелдеу, оларға жұмыс әдістері мен формаларын анықтауға көмек көрсету туралы айтып берді, № 34 ЖОМ психологы Раушан Сайлауханқызы Нұрбаева психологиялық сүйемелдеу әдістерімен таныстырды. № 96 балабақшаның психологы Светлана Александровна Марилова арттерапия арқылы ерекше білім беру қажеттіліктері бар мектеп жасына дейінгі балаларды қолдау мәселелеріне тоқталды. № 34 ЖОМ логопеді Лариса Петровна Карпова «Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалармен жұмыста заманауи түзету-дамыту технологиялары» атты тақырыбы бойынша жұмыс тәжірибесімен бөлісті, сабақта АКТ - технологияларды қолдануды көрсетті. Ниязова Светлана Леоновна, № 96 балабақшаның логопеді балабақшаның логопунктіндегі ақау құрылымын ескере отырып, сөйлеу бұзылыстарын жою туралы, жеке түзету және сөйлеу бағыттары, сөйлеу тынысымен, дауыспен жұмыс туралы айтты. Бастауыш сынып мұғалімі Царюк Нина Михайловна оқу барысында туындаған қиындықтарды қалай жеңуге болатынын көрсетті. Бастауыш мектепте балаларды педагогикалық қолдау орта буында оқуға және дамытуға мүмкіндік береді. 5-сыныптың сынып жетекшісі Евгения Николаевна Москаленко өз сөзінде балалармен жұмыстың сабақтастығы мен үздіксіздігін одан әрі әлеуметтендіру үшін жүзеге асырудың маңыздылығын атап өтті.

Диалогқа қатысушылар инклюзияны енгізу үшін балаларды бірлесіп оқыту туралы оң қоғамдық пікір мен ата-аналарды дайындау қажет екенін, мүгедектердің қажеттіліктеріне, қалалық ортаның, оның ішінде көлік мүгедектердің қажеттіліктеріне бейімделуі керек. Қабылданған әдістемелік ұсынымдар, № 34 мектеп пен № 96 балабақшаның жұмыс тәжірибесі қаланың білім беру мекемелеріне жұмыста одан әрі қолдану үшін жолданды.