ВЕБ-САЙТЫ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫХ УЧРЕЖДЕНИЙГОРОДА ПАВЛОДАРА
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Pavlodar, 25 Krivenko St.
32-21-67
телефон доверия/Call-центр
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Дзюдо бойынша павлодарлық оқушының жетістігі
08-04-2021 10:07
Дзюдо бойынша павлодарлық оқушының жетістігі

Павлодар қаласының № 7 жалпы орта білім беру мектебінің 7-сынып оқушысы Омаров Тамерлан дзюдо бойынша жолдастық жарыста І орынға ие болды. Жарысты ұйымдастырушы Павлодар қаласы «Батыр» балалар спорттық мектебі болып табылады. Жарысқа Павлодар, Нұр-Сұлтан қалаларының, Ақмола, Шығыс-Қазақстан облыстарының 55 - 57 килограмм салмағы санатындағы 2006 - 2008 жылы туған балалардан құралған 4 команда қатысты.

Тамерлан спорт шеберіне кандидат, қоңыр белбеу иесі болып табылады. Дзюдомен 6 жасынан бастап «Батыр» спорт мектебінде Омашев Жанат Секенгалиевич тренерінің қарамағында айналыса бастады. Осы уақыт аралығында ол 13 алтын, 4 күміс, 6 қола медальдерінің иегері болды.  Сонымен қатар 2017, 2018 жылдардағы Сенсей кубогының иегері де болды. Спорттық жетістіктері үшін 25 грамотасы да бар. 2018 жылы «Жылдың үздік 10 спортшысы» аталымы бойынша грамота алды.

Тамерлан мектепте үздік оқушы, оқудағы үздік нәтижелері үшін берілген мақтау қағаздары бар. Мектеп іс-шараларына белсенді түрде қатысады, қазақ күресі бойынша қалалық турнирге мектеп атынан барып, І орынды иеленді. Тамерлан дзюдодан басқа футбол ойнауды жақсы көреді, белсенді демалыспен айналысуды ұнатады.