ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Инклюзивті білім беру мәселелері бойынша педагог-психологтардың сынып жетекшілерімен бірлескен қызметі
22-04-2021 11:03
Инклюзивті білім беру мәселелері бойынша педагог-психологтардың сынып жетекшілерімен бірлескен қызметі

   Павлодар қаласы білім беру бөлімі әдістемелік кабинетінің психологтарының шығармашылық тобы 2021 жылдың 21 сәуірінде «Педагог-психолог пен сынып жетекшісінің өзара әрекеттесу моделі» атты онлайн семинар өткізді. Қаланың орыс және қазақ тілдерінде оқытатын 42 жалпы білім беретін мектебінің 50-ден астам психологтар қатысты.

   Нұрахметова Шолпан Саменқызы, білім беру бөлімінің әдіскері, Гессе Светлана Васильевна, қалалық шығармашылық топтың жетекшісі, №14 ЖОМ педагог-психологы қатысушыларды «Үздік әдістемелік-дидактикалық құрал - 2021» қалалық байқауының қорытындысы бойынша облыстық байқауға ұсынылуға жоспарланған инклюзивті білім беру бойынша үздік әдістемелік - дидактикалық құралдармен таныстырды. Олардың қатарында №41, М.Әуезов атындағы, М. Әлімбаев атындағы мектеп мұғалімдерінің тобы әзірлеген «Үйде оқуға арналған 8-сынып үшін география бойынша оқу-дидактикалық құрал» атты оқу-әдістемелік құралы бар. Нұсқаулықта қысқаша теориялық материал, portal.kundelik.kz сілтемелер берілген, жеке жұмысқа арналған 17 оқу парағы, жиынтық бағалау, стандартталған тапсырмалар, дескрипторлар және балл қою схемасы, onlinemektep платформасында бекітуге арналған материалдар, психикалық дамуы тежелген білім алушылардың деңгейіне сәйкес келетін тапсырмалар берілген. №25 ЖОМ педагог-психологы Ордабаева Жанар Бейсенбайқызының «Ақыл - ой кемістігі бар 5 - 6 сынып оқушыларына арналған «Танымдық қабілеттерін дамыту» атты оқу құралы ұсынылды.

   №24 мектептің педагог-психологы Жанзакова Данагүл Мақсатқызы «Сынып ұжымын қалыптастыруда педагог-психолог пен сынып жетекшінің өзара іс-қимылы» тақырыбында сынып жетекшілерімен практикалық жұмыс тәжірибесімен бөлісті. №34 мектептің педагог-психологы Фольц Виктория Викторовна жұмыс жүйесімен таныстырып, «Инклюзивті білім беруді енгізу жағдайында психологиялық қызмет жұмысының бір бөлігі ретінде педагогтерді қолдау» тақырыбына нақты практикалық ұсыныстар мен жадынамалар берді. Полозюкова Алена Владимировна, № 28 мектептің педагог-психологы ерекше білім беруді қажет ететін балаларды дамытудың жеке бағдарламасын іске асыруда сынып жетекшімен бірлесіп жұмыс істеу бойынша ұсынымдармен бөлісті.

  Семинарға қатысушылар сынып ұжымдарын қалыптастыру, ерекше білім беруді қажет ететін балаларды дамыту үшін жеке бағдарламаларды іске асыру, пән мұғалімдеріне, сынып жетекшілеріне, ата-аналарға көмек көрсету бойынша ұсынылған материалдарды, әдістемелік ұсыныстарды талқылады. Семинар материалдары жұмыста пайдалану үшін қала мектептеріне жіберілді.