kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
телефон доверия/Call-центр
8 7182 32 19 37

Азаматтарды жеке қабылдау кестесі
Сайттың аналитикасы
Бір жылда2344639
Бір айда187947
Бір аптада31469
Кеше5386
Тәулік2275
Педагогтердің ерекше білім беруді қажет ететін балалармен жұмыс тәжірибесі
30-04-2021 12:03
Педагогтердің ерекше білім беруді қажет ететін балалармен жұмыс тәжірибесі

   Инклюзивті білім беру бойынша жұмыстың оң тәжірибесін тарату шеңберінде Павлодар қаласы білім беру бөлімінің әдістемелік кабинеті 27 сәуірде «Ерекше білім беруді қажет ететін балалармен түзету жұмыстарының негізгі бағыттары» атты ZOOM платформасында онлайн режимінде семинар-практикум өткізді. Инклюзивті білім беруге жетекшілік ететін 100-ден астам директор орынбасарлары, пән мұғалімдері, педагог-психологтар, логопед-мұғалімдер, ассистент-мұғалімдер және қаланың жалпы білім беретін мектептерінің бастауыш сынып мұғалімдері қатысты.

   Семинардың спикері Павлодар қаласы білім беру бөлімінің әдіскері Шолпан Саменқызы Нұрахметова болды. «Ерекше білім беруді қажет ететін балалармен түзету-дамыту жұмысының психологиялық-педагогикалық қолдау және негізгі бағыттары туралы» баяндамасында ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың даму ерекшеліктерін ескеру, инклюзивті білім беру бойынша нормативтік-құқықтық актілер мен нұсқаулық-әдістемелік ұсынымдардың орындалуын бақылау мәселелеріне назар аударды.

  Практикалық бөлімде № 41 мектеп директорының орынбасары, бастауыш сынып мұғалімдері, психологтармен ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалармен түзету-дамыту жұмысының тәжірибесі ұсынылды.

   Қалиақперова Жұлдыз Жұмағұлқызы, мектеп директорының орынбасары «Жеке білім беру бағыты цифрлық форматта» тақырыбында сөз сөйледі. Бастауыш сынып мұғалімі Нателья Геннадьевна Лаврикова балалардың оқу іс-әрекетін ұйымдастыру және баланың жеке басын өзін-өзі тану және әлеуметтендіру процесінде ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалармен жұмыста арт-материалдарды қолдану бойынша жұмыс тәжірибесін ұсынды. Бастауыш сынып мұғалімі Ирина Александровна Погорелая «Сөйлеуді дамыту динамикасын арттыру тұрғысынан мнемотехниканы қолданудың практикалық аспектісі» тақырыбында өз тәжірибелерімен бөлісті. Педагог-психолог Юлия Викторовна Ряснова «Сиқырлы бөлме» түзету-дамыту сабағы жұмысының әдістері мен тәсілдері туралы айтып, ерекше білім беруді қажет ететін балаларды психологиялық сүйемелдеу бойынша материалдармен таныстырды.

   Семинар қорытындысы бойынша мектепішілік бақылау, ерекше білім беруді қажет ететін балаларды оқыту және дамыту үшін қолайлы жағдай жасау мәселелері бойынша әдістемелік ұсынымдар берілді. Семинарға қатысушылардың пікірлері қатысушылардың материалдарының тәжірибеге бағытталған мазмұны туралы куәландырады. Семинар материалдары жұмыста пайдалану үшін қала мектептеріне жіберілді.