ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Оқушылардың өлкетану бойынша шығармашылық қызметін дамыту
30-04-2021 15:01
Оқушылардың өлкетану бойынша шығармашылық қызметін дамыту

Павлодар қаласы білім беру бөлімінің әдістемелік кабинеті 2021 жылдың 27 сәуірінде ZOOM платформасында онлайн режимде «Оқушыларды шығармашылық іске асыруға тарту үшін өлкетану ресурстарын пайдалану» атты өлкетану сағатын өткізді. Сабақтарда «Өлкетану» интеграцияланған курсын енгізетін география, тарих, қазақ тілі мен әдебиеті, музыка пәндерінен 64 мұғалім қатысты.

Өлкетану сағатының ашылуында Павлодар қаласы білім беру бөлімінің әдіскері Сабитова Назира Сайделенқызы оқушылардың шығармашылық дамуы үшін қазақ тілі мен әдебиеті, тарих, география және музыка пәндеріндегі кіріктірілген курстың рөлі туралы, өлкетану сабақтарында әртүрлі формалар мен әдістерді қолдану туралы сұрақтарға тоқталды. № 24 мектеп директорының орынбасары Айнұр Қабыкешқызы Рахимжанова өлкетану сағатының қатысушыларына оқушылардың өлкетану бойынша шығармашылық қызметін дамытуда өлкетану ресурстарын пайдалану бойынша педагогтардың жұмыс тәжірибесі ұсынылды.

Сағаттың практикалық бөлімінде қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Хайруллина Мадина Дженисовна «Өлкетану сабақтарында қолданылатын тиімді әдіс-тәсілдер» тақырыбында сөз сөйледі. Ол сабақтарда адамгершілік, мәдени тәрбие, ұлттық құндылықтарды сақтау мақсатында қандай әдістер мен амалдар қолданылатынын айтты. Тарих мұғалімі Каирова Айгүл Құмарқызы сабақтарда және сабақтан тыс уақытта жұмыстың дәстүрлі, ізденушілік, зерттеушілік, проблемалық әдістері бойынша өз тәжірибесімен бөлісті.

№ 41 ЖОМ география пәнінің мұғалімі Нұргүл Кеңесбекқызы Тұрсынбаева 5 - 8 сыныптарға арналған «Павлодар облысының киелі жерлерінің географиясы» элективті курсының бағдарламасын мемлекеттік және орыс тілдерінде таныстырды. № 5 ЖОМ музыка пәнінің мұғалімі Әкімбекова Үміт Қожақызы мектепте «Павлодар облысының музыкалық ұялары» жобасының жүзеге асырылуы туралы айтып берді. Оқушылар танымал тұлғалар туралы ақпарат жинауға үлкен шығармашылық қызығушылықпен қатысады. Музыка сабақтарында отандастар жасаған шығармаларды тыңдайды. Мектепте музыкалық қонақ бөлмесі бар. Семинардың барлық материалдары педагогтердің жұмыста пайдалануы үшін қала мектептеріне жіберілді.