ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Жалпы білім беретін пәндер бойынша Павлодар оқушыларында 6 республикалық медаль
04-05-2021 10:10
Жалпы білім беретін пәндер бойынша Павлодар оқушыларында 6 республикалық медаль

2021 жылғы 25 - 30 сәуірде  жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың қорытынды кезеңінде біріншілік үшін Қазақстанның барлық өңірлерінен 1500-ден астам қатысушы күресті, оның ішінде 92 оқушыдан  тұратын Павлодар облысының құрама командасы, оның ішінде Павлодар қаласының жалпы білім беретін № 1, 11, 16, 29, 37, 39 (4), Б. Момышұлы атындағы мектептерден 10 мықты оқушы.

Олимпиада қорытындысы бойынша 6 павлодарлық оқушы жүлделі орындарға ие болды.

Алтын медаль иегерлері француз тілі бойынша 11 сынып оқушылары Бочкарева Виктория (№ 39 ЖОМ), неміс тілі бойынша Жанат Аружан (№ 16 мектеп-лицейі) иеленді. Олар алдағы уақытта Республикалық команда құрамында халықаралық олимпиадаларда Қазақстан намысын қорғайтын болады.

География пәні бойынша күміс медаль иегері гимназиялық сыныптағы инновациялық үлгідегі № 39 ЖОМ 10 сынып оқушысы Коваленко Максим.

Қола медальдарды  орыс тілі мен әдебиеті бойынша 10-сынып оқушылары Вакулина Диана (гимназиялық сыныптағы инновациялық үлгідегі № 39 ЖОМ), «Құқықтану негіздері» пәні бойынша - Борецкий Богдан (№ 11 ЖОМ), география пәні бойынша - Закиров Омар  № 1 ЖОМ 11-сынып оқушысы жеңіп алды.

Айта кету керек, Республикалық маңызы бар олимпиада «U-Study» орталықтары негізінде  барлық санитарлық нормаларды сақтай отырып, өңірлер мен қалаларда өтті. Басты зияткерлік іс-шарада «Бір қатысушы - бір компьютер - бір камера» қағидаты бойынша прокторинг жүйесі қолданылды. Биылғы оқу жылында республикалық олимпиаданың мектеп кезеңіне 1 миллионға жуық бала қатысты, оның ішінде аудандық кезеңге 100 мыңға жуық оқушы өтті, облыстық кезеңге 12 мыңнан астам оқушы қатысты. Олимпиаданың тапсырмалары «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының интернет-ресурсы арқылы әр турдың басында бір уақытта ұсынылды және әрбір қатысушының алдын ала берілген дербес қолжетімділік коды болды. Тапсырмалардың дұрыс жауаптары мен турлардың нәтижелері жазылған хаттамалар «Дарын» орталығының сайтында жарияланды. Оқиға онлайн режимінде көрсетілді, бейнебақылауға барлық сілтемелер орталықтың сайтында да қолжетімді болды.