ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ, ТЕРЕЗЕ! ҚАУІПТІ!
13-05-2021 09:43

     Күн жылынып, жаз жақындаған кезде кішкентай балалардың көпқабатты тұрғын үйлердің  терезелерінен құлап кету оқиғалары арта түседі.

     Балалардың терезелерден құлау себебі олардың абайсыздығы және ересектердің жауапсыздығы.

     Өкінішке орай, ағымдағы жылы балалардың терезеден құлап кету фактілері орын алды.

     Әдетте, барлық жағдайларда балалар өздігінен терезенің алдына мініп, москит торына сүйеніп, ересектердің қарауынсыз терезеден құлап кетеді.

      Жыл сайын отбасындағы балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және балалардың терезеден құлау жағдайларының алдын алу мақсатында білім беру бөлімі  «Қауіпсіз терезе» акциясын өткізіп отырады.

     Осы акция шеңберінде мектепке дейінгі ұйымдардың web - парақшаларында ақпараттық буклеттер орналастырылған, тәрбиеленушілермен үйде қауіпсіздік ережелерін сақтау тақырыбында тақырыптық әңгімелер жүргізіледі, мектепке дейінгі ұйымдардың басшыларымен ата-аналар үшін тікелей эфирлер өткізіледі.

 #Терезені жап, баланы құтқар! челленджі бастау алды.

Есте сақтаңыз: Терезедегі москит торы баланы құлаудан құтқармайтынын ұмытпаңыз!

Балалардың өмірін бірге сақтайық!