ВЕБ-САЙТЫ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫХ УЧРЕЖДЕНИЙГОРОДА ПАВЛОДАРА
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Pavlodar, 25 Krivenko St.
32-21-67
телефон доверия/Call-центр
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Телебағдарламадағы ҰБТ мәселелері бойынша сындарлы диалог
09-06-2021 12:06
Телебағдарламадағы ҰБТ мәселелері бойынша сындарлы диалог

Ата-аналармен және Павлодар қаласының жалпы білім беретін мектептерінің түлектерімен Ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу ережелері туралы түсіндіру жұмыстарын өткізу мақсатында Павлодар қаласының білім беру бөлімінің өкілдері 2021 жылдың 8 маусымында «Ертіс таңы» атты таңғы телевизиялық бағдарламаға қатысты.

Айта кету керек, биыл 6 мамыр мен 30 маусым аралығында қала мектептерінің 1414 түлегінің 1201 немесе жалпы мектеп бітіруші санының 85%-ы, оның ішінде 569-ы қазақ тілінде білім алатын түлектер тестілеуді тапсыруды жоспарлап отыр. Өткен жылмен салыстырғанда ҰБТ тапсырушылар саны 4%-ға артты. Ұсынылған мәліметтерге сәйкес, қала мектептерінің 11-сыныбының 1080 оқушысы, немесе 89%-ы, 6 мамырдан бастап компьютерлік тестілеудің бірінші мүмкіндігін пайдаланды, 83 түлек екінші тестілеуден өтті. Бүгінгі таңда қала мектептерінің түлектері арасында ең жоғары балл 137 балды құрайды.

Телебағдарламада сындарлы диалогта ҰБТ-ны тапсыру «бір тестіленуші - бір компьютер - бір камера» қағидаты бойынша электрондық форматта жүзеге асырылатыны туралы кезекті ақпарат ұсынылды, компьютерлік тестілеуді тапсыру ерекшеліктері атап өтілді. Сондай-ақ, ҰБТ-ны өткізудің ашықтығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Арнайы мониторингтік тобы мен «Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің өкілдері қатысады.