2021 жылғы 14 маусым күні Павлодар қаласының 37 жалпы орта білім беру мектептерінде жалпы орта білім беру туралы аттесттарды табыстауға арналған «Тәуелсіздік ұландары - 2021» атты салтанатты шарасы өтті.
Осы жылы мектеп бітіруші түлектердің саны 1414, оның ішінде 49 түлек «Алтын белгіге» ие болды, 54 мектеп бітіруші үздік аттестат алды.
Қазақстан Республикасы Білім жіне ғылым министрлігі мектеп бітіру «Тәуелсіздік ұландары» іс-шарасын өткізу бойынша бірыңғай концепциясын жасады. Концепция бойынша, карантин уақытында 11-сынып мектеп бітіруші түлектеріне жалпы орта білім беру туралы аттестаттарды табыстау шарасы қатысушылар саны шектелген және барлық санитарлық нормаларды сақтаумен өтуі қажет.
Мектеп бітіру мерекесіне орай өткізілген іс-шаралар аясында «Пайдалы іс - өзіңе ырыс», «Туған елге тағзым», «Жақсы іс күні», «Балаларға жылы жүректен», «Жақсылық жаса», «Экологиялық десант» науқандары өткізілді.